Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






TCP/IP хаттамаларының стегі. IP хаттамасы





TCP/IP (TCP/IP Protocol Suite) хаттамаларының стегі –– Интернет желісі бойынша ақпараттарды жеткізуді басқаратын хаттамалар немесе ережелер жинағы.

IP (Internet Protocol- Internet хаттама) – TCP/IP хаттама стегі ақпарат маршруты мен адресті ақпаратты қамсыздандырады.

Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (TCP/IP) –әртүрлі ортада байланысты қамтамасыз ететін өреркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. Үйлесімділік – TCP/IP хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар TCP/IP Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. TCP/IP бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. TCP/IP ашық жүйеге негізделген және OSI үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.

Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады. Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі мәліметтерді жіберудің әр түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол.

TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы. Бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі

ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін пайдаланылады.

• ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол пакетті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.

TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық пакеттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.

IP хаттамасы желілік деңгейде жатады және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. IP хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни IP деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. IP хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. IP –дің негізгі мақсаты – дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).


 







Date: 2015-09-02; view: 6303; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию