Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер





Репитер – электрлік сигналдарды күшейтетін құрылғы.

Репитер OSI үлгісінің Физикалық деңгейінде жұмыс істейді, ол сигналдарды қалпына келтіріп, басқа сегменттерге жібереді. Репитер түрлендіру және сүзгіден өткізу сияқты функцияларды орындамайды. Репитер жұмыс істеуі үшін, ол арқылы қосылған екі сегменттегі ену әдістері бірдей болуы керек. Бұл – желіні ұзартудың ең арзан жолы. Желіні сегменттің ұзындығына дейінгі қашықтыққа ұлғайтқан немесе түйіндер санына қойылған шекті қанағаттандыру қажет болған жағдайда репитерлерді пайдаланған жөн. Бірде бір сегмент асып кеткен трафикті генерацияламайды, ал желі құны – бас фактор.

Көпір – сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Көпірдің мақсаты:

- желінің өлшемін ұлғайту;

- желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру;

- желідегі тар жолдарды жою;

- желідегі әртүрлі сегменттерді қосу;

- әртүрлі физикалық таратушыларды қосу.

Көпірлер OSI үлгісінің Арналық деңгейінде жұмыс істейді, сондықтан бұл үлгінің өзінен жоғары жатқан деңгейлеріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады. Бір хаттаманы екіншісінен ажыратпай, желіде барлық хаттамалардың жұмыс істеуін қолдайды. Кез-келген хаттама көпір арқылы өтетіндіктен, әрбір компьютер өзінің қандай хаттамамен жұмыс істейтіндігін өзі анықтауы керек. Ортаға енуді басқару деңгейінің көпірлері келесі қызметтерді атқарады:

- барлық трафикті «тыңдайды»;

- әрбір пакеттегі жіберуші мен қабылдаушының адрестерін тексереді;

- бағыттауыш кестесін құрады;

- пакеттерді жібереді.

Көпірдің қызметі желінің әрбір түйінінің жеке адресінің болатындығына негізделген. Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі.

Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді.

Пакетті қабылдағаннан кейін, көпір бағыттауыш кестесіндегі жіберу көзінің адресін іздейді.

ü Егер жіберу көзінің адресі табылмаса, оны бағыттауыш кестесіне қосады. Содан кейін көпір қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесіндегі деректер қорымен салыстырады.

ü Егер қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесінде бар болса және ол адресат жіберу көзімен бір сегментте орналасқан болса, пакет алынып тасталынады. Бұл сүзгілеу желілік трафикті азайтып, желі сегменттерін оқшауландырады.

ü Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде бар болса және адресат пен жіберу көзі әртүрлі сегментте орналасса, онда көпір пакетті сәйкес порт арқылы адресатқа жібереді. Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде жоқ болса, көпір пакетті ол қабылданған портынан басқа барлық порттарына жібереді.

Егер желіні ұзарту үшін көпірді пайдаланатын болсаңыз, келесі фактілерді есте ұстау керек:

· көпірлерде репитерлердің барлық мүмкіндіктері бар;

· екі сегментті қосады және сигналдарды пакеттер деңгейінде қалпына келтіреді;

· OSI үлгісінің Арналық деңгейінде қызмет етеді;

· беріліс жылдамдығы 56 Кбит/с-тан аз ортада жұмыс істемейді;

· бір мезетте бірнеше бағытты пайдалана алмайды;

· желінің артық жүктелуін есепке ала отырып, кең таратылатынхабарламаларды өткізеді;

· әрбір пакет үшін жіберу көзінің адресін және қабылдаушының адресін оқиды;

· қабылдаушының адресі көрсетілмеген пакеттерді де жібереді;

Көпірлердің негізгі қызметі:

· желіні ұзарту үшін немесе түйіндер санын арттыру үшін екі сегментті қосады;

· желіні сегменттерге бөлудің есебінен трафикті азайтады;

· әртүрлі желілерді қосады.

Маршрутизатор дегеніміз – әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол OSI үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакеттерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.

Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Ол келесі ақпараттан тұрады:

- барлық белгілі желілік адрестер;

- басқа желілермен байланыс тәсілдері;

- бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар;

- бұл жолдар бойынша беріліс құны.

Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды

Бағыттауыштар хаттамалардың барлығымен жұмыс істей бермейді. Бағыттауыштармен жұмыс істейтін хаттамаларды бағытталушы деп атады. Оларға DECnet, IP, IPX, OSI, XNS хаттамалары жатады. Бағытталмайтын хаттамаларға LAT, NetBEUI жатады.

Бағыттауыш желіні «тыңдап», оның қай бөлігінің көбірек жүктелгенін анықтайды. Ол желі сегменттері арасындағы транзиттер санын орнатады. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдардың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді. Бағыттауыштар екі негізгі типке бөлінеді.

Көмей – әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын құрылғы. Көмейлер OSI үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.

Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланысын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Көмей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта біріктіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы электрондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабылдап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді.

Көмейлер екі жүйені қосады, егер олар әртүрлі:

- коммуникациялық хаттамаларды қолданса;

- құрылымды және деректер форматтары болса;

- тілді;

- архитектураны.

Көмейлер нақты мақсатты орындау үшін, деректерді нақты типке түрлендіруге қолданылады. Деректерді өңдей отырып, көмейлер келесі операцияларды орындайды:

- деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра отырып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді;

- оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады.

Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер орындайды, сондықтан бұл желіні ұзарту үшін жеткілікті түрде қымбатқа түсетін құрылым болып есептеледі.


 

Date: 2015-09-02; view: 2107; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию