Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. ATM. Сымсыз желілер
Бірнеше жыл бұрын нарықта жоғарғы жылдамдықтағы желілер ретінде FDDI таныстырылған желілердің өзі қазіргі таңда ондаған технологияларды ұсынады.Олардың ішінен ерекше қарастыруға болады: Ескі оптикалық-талшықты FDDI интерфейсі,сонымен бірге оның мәлiмет жұмыстары үшiн әдейi адаптерленген мультимедиа кеңейтілген нұсқасы FDDI II және мыс кабелдерде FDDI іске асырушы CDDI. Ортаға көптеген енулері бар және коллизияларды анықтайтын Ethernet жоғары жылдамдықты 100Base X Ethernet ұсынады.Берілген технология -IEEE802.3 стандартының экстенсивті дамуы болып келеді. Gigabit Ethernet. Ethernet және Fast Ethernet-тiң желiлерiнiң дамуының жалғасы. АТМ (Asynchronous Transfer Mode) немесе асинхронды тасымалдау режимі – бұл мәлімет алмасу үшін тұрақты ұзындықты ұялар қолданылатын коммутация технологиясы.Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері біріктірілген мәлімет жиындарын – сөзді,қозғалыстағы бейнелер мен жай мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жүзеге асыра отырып,жергілікті және аймақтық тармақталған желі рөлдерін атқара алады.Бұлардың жұмысы Интернет қызметі түрлерінен айрықша құрылып, арнайы инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен,олар желі сегменттерін бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі ретінде қолданылады. Кабельдер – компьютерлер арасында деректер алмасудың көпшілік мақұлдаған ортасы. Дегенмен, бүгінгі таңда бізді физикалық қосылыстардың қиындықтарынан құтқаратын деректер тасымалдаудың сымсыз технологиялары пайда болды. Сымсыз орта біздің өмірімізге біртіндеп ене бастады. Бұл технология толығымен соңына дейін құрылған кезде, өндірушілер құны төмен, тиімді өнімдерін көптеп ұсына бастайды, мұның өзі ол өнімге деген сұранысты арттырып, сату көлемінің өсуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде сымсыз ортаның одан әрі өркендеп дамуына әсер етеді. «Сымсыз орта» сөз тіркесі желіде сымдардың мүлдем жоқтығын білдіретіндіктен, теріс түсінуге соқтыруы мүмкін. Шындығында олай емес. Әдетте сымсыз компоненттер беріліс ортасы ретінде кабель қолданылатын желіде әрекеттеседі. Мұндай әртүрлі компоненттерден тұратын желіні гибридті деп атайды. Сымсыз желі идеясы қызығушылық туғызары қақ, себебі: · жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге уақытша қосылуды қамтамасыз етеді; · жұмыс істеп тұрған кабельдік желіге резервті көшірмені ұйымдастыруға көмектеседі; · тездіктің нақты деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береді; · желінің максималды ұзындығына мыс немесе тіпті оптикалық талшықты кабельдер арқылы қойылатын шектеуді алуға мүмкіндік береді. Сымсыз желілерге даусыз артықшылық беретін тағы бір фактор – кабельді орнатудың қиындығы. Бұл желілер келесі жағдайларда өте пайдалы болуы мүмкін: · адамдар көп жиналған бөлмелерде (мысалы, кіреберіс бөлме немесе қабылдау бөлмесі); · әр жерде жұмыс істейтін адамдар үшін; · оқшауланған бөлмелерде және ғимараттарда; · жобасы жиі өзгеретін бөлмелерде; · кабельдерді жүргізуге болмайтын құрылыстарда (мысалы, тарихи немесе архитектуралық ескерткіштер). Технологиясына байланысты сымсыз желілерді үш түрге бөлуге болады: · жергілікті есептеу желілері; · кеңейтілген жергілікті есептеу желілері; · жылдам (тасымалданатын компоненттер). Желінің бұл түрлерінің негізгі айырмашылығы – жіберу параметрлерінде. Жергілікті және кеңейтілген жергілікті есептеу желілері өздері орнатылған ұйымға тиеселі жіберушілер мен қабылдаушыларды қолданады. Тасымалданатын компьютерлерде сигналдарды жіберу ортасы ретінде телефон станциялары, жерсеріктер және т.б. қолданылады. Әдеттегі сымсыз желі жіберу ортасы басқа болғанмен, кәдімгі желіге ұқсас және сол сияқты жұмыс істейді. Date: 2015-09-02; view: 1891; Нарушение авторских прав |