Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пәнге берілген қысқаша сипаттама. Педагогика және психология факультеті





Педагогика және психология факультеті

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі проректор

 

________________ Л.Қ Еркінбаева

«____»_________________2013 ж.

 

 

Арнайы педагогика пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша

Оқыту түрі: күндізгі

 

Талдықорған 2013 ж.

 


Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Г.Ж. Ержанова 5В010500 – Дефектология мамандығына құрастырған.

_________________

(оқытушының қолы)

 

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды.

«____»________ 2013 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі __________ п.ғ.к., Г.Н.Жолтаева

 

«_____»__________ ___2013 жыл. №______ хаттама

Педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ______________

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2012 ж.

 

Педагогика және психология факультеті

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

Арнайы педагогика пәні бойынша

 

010500 – Дефектология мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредиттер саны: 3

Барлық сағат саны: 135 соның ішінде:

Лекциялар: 30

Лабораториялық сабақтар: 15

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 3 семестр

 

Талдықорған 2014 ж

Оқытушы туралы мәлімет: Исабаева Зауреш Муратовна – оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушысы, электрондық пошта адресі – Zauken_88 @mail.ru, раб.телефон сот. тел - 87717533515.

Пәннің пререквизиті: Мамандыққа кіріспе

Пәннің постреквизиті: Арнайы мектептегі әдістемелерді оқыту

Пәнге берілген қысқаша сипаттама

Аталған курсқа, мемлекеттік бағдарлама бойынша, 3 кредит берілген, оның ішінде дәрістер - 30 сағат, практикалық сабақтар - 15 СӨЖ - 45 сағат, ОСӨЖ - 45 сағат.

Оқу бағдарлама бойынша «Арнайы педагогика» курсы «Дефектология» бөлімінің 2 курс студенттеріне арналған. Бұл «Дефектология» мамандығы бойынша пәндерінің негізгі курсы болып саналады. «Арнайы педагогика» курстың ішінде психикасының немесе дене құрлысының ауытқулықтары бар балаларды оқыту-тәрбиелеу теориялық және тәжірибелік сұрақтары қарастырылады.

Қазіргі уақытта ҚР - ғы негіздеме арнайы мектеп жүйесі жалпы мектептің міндеттерімен бірге арнайы міндеттерді шешеді, ол баланың танымдық және тұлғалық дамуына түзету жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай құрады.

Берілген бағдарлама қазіргі уақытта жұмыс істейтін арнайы оқыту жүйесімен, оны қажет ететін балалардың оқыту және тәрбиелеуде мектепке дейінгі және мектепте, коррекциялық сыныптарда жұмыс істейтін дефектологтардың жұмысымен таныстырады.

Осы курста оқу курсының объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері анықталған, коррекциялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары және мазмұны, мәні сипатталған, түрлі психофизиологиялық ауытқулары бар балалардың ерекшеліктері аталған.

Бұндай таныстыру процесінде студенттерге барлық бала дамитынын (кемістігіне қарамастан) және ерте танымдық және тұлғалық дамуын түзеу және балаға жекелей келу аса қолайлы компенсацияны жүзеге асырады.


Пәннің мақсаты:

Студенттерде әртүрлі ауытқулары бар балалар топтары туралы түсініктер қалыптастыру; дефектологияның қәзіргі кездегі мәселелерімен, даму тенденцияларымен таныстыру.

Курстың міндеттері:

1. Дефектология ғылымының қысқаша тарихымен таныстыру.

2. Арнайы білім беруді қажет ететін балалар топтары туралы білімдерді қалыптастыру.

3. Студенттерді түрлі психикалық және дене ауытқулықтармен және олардың топтастыруымен, таралуымен таныстыру.

4. Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесімен таныстыру.

5. Арнайы педагогиканың Казақстан Республикасындағы және әлеуметтегі даму тенденцияларымен және қазіргі кездегі мәселелермен таныстыру. Алған білімдер жүйесі студенттерді таңдаған мамандықпен толық таныстырып және де мұғалім-дефектолог өз жұмысында қандай балалармен жұмыс істейтіндігі туралы білім береді. Сонымен, ұсынған курс студенттерде келесі білімдерді қалыптастыру керек:

- әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларды топтастыру туралы білімдер;

- мүмкіншіліктері шектеулі балалармен арнайы мекемелерде жұмыс істеу бағыттары туралы. Студенттер оқу барысында келесі дағдыларды менгеру керек: әр-түрлі ауытқулықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беру.

Берілген пән бойынша студенттер төмендегі білім, дағды, іскерліктерді меңгерулері керек:

- дефектология курсының қысқаша тарихын;

- арнайы білім беруді қажет ететін балалар ерекшеліктері туралы;

- түрлі психикалық және физикалық ауытқулар және оларды топтастырумен, таралуымен танысады;

- арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелер жүйесін білулері керек;

- әртүрлі ауытқулары бар балаларға психологиялық-педагогикалық мінездеме беруді меңгереді.

Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:

а) түйінді құзіреттілік

· арнайы педагогика пәнін кәсіби деңгейде меңгеруі;

· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.

б) пәндік құзіреттілік

· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;


· арнайы педагогика пәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.

в) арнайы құзіреттілік

· арнайы мектепте нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;

· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;

· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;

· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.







Date: 2015-09-02; view: 1870; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию