Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СӨЖ мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар





 

“Арнайы педагогика ” курсы бойынша дәріс, практикалық сабақтар және студенттердің жеке (өздік) жұмыстары ескерілген.

ӨЖ орындау барысында келесі мақсаттар орындалады:

- білім беру жүйесінде жинақталған әдістемелік тәжірибемен танысып ұғыну;

- студенттердің ғылыми-зерттеу біліктерін қалыптастыру;

- мектептің даму мәселелеріне әртүрлі көзқарастарды салыстыру және талдау біліктерін жетілдіру;

- психологиялық-педагогикалық, тарихи, әдістемелік және кәсіби жағынан студенттердің жалпы білім аумағын кеңейту.

Студенттердің жеке (өздік) жұмысы арнайы мектепте пәндерді оқытуда арнайы педагогика мәселесі бойынша мақалалар каталогын құрастыруды, тезистер мен реферат жазу. Тапсырмаларды орындауды қажетті әдебиетті оқып-зерттеп, оқыған теориялық материалды қайталап, өздік жұмыстың құрылымын ойластырудан, қажетті дидактикалық материалды жинақтаудан бастау керек.

ӨЖ орындағанда келесі шарттарды сақтау керек:

- мақалаларға аннотация жазғанда ең қызықты және практикалық маңызы бар жерлерін көрсету;

- дайындалған реферат, хабарламалардың көлемі компьютермен терілген 5-10 бет болуы;

- дайындалған немесе іріктелініп алған математикалық тапсырмалар пәннің бағдарламасына сәйкестік және пайдалану тиімділігі тұрғысынан негізделуі;

- дайындалған сабақтар жоспарлары, конспекттері өткізу кезеңдерін көрсете отырып, екі графалық түрде жазылуы тиіс.

Өздік жұмысын орындау барысында сұраққа қатысты қолда бар әдебиеттерді кеңінен қолдану. Түсініксіз немесе қарастыруда қиындық туғызатын сұрақтар болса оқытушыдан қосымша кеңес алып, бағыт сұрау. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын, әдістемелік арнайы журналдарды үнемі қарау. Кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерге (пәнге байланысты) үнемі талдау жүргізу.

1. Студентті өз бетімен білімді ізденуге дағдыландыру;

2. Ғылыми әдістемелік әдибеттерге сүйене отырып, қажетті тақырыбын өз бетімен іздеу іскерлігін қалыптастыру;

3. Дәріс сабақтарында алған білімдерін сабақтан тыс уақыттарда толықтыруға бағыт беру;

4. Курс бойынша арнайы әдебиеттерді қарастырып, болашақ мамандығына теориялық-практикалық дайындалу;

Студенттің жеке тұлғасында өз беттілік, жауапкершілік, жүйелік,нақтылық қасиеттерін қалыптастыру







Date: 2015-09-02; view: 2079; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию