Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс № 1. Арнайы педагогиканың жалпы негіздері
Мақсаты: Дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ілімнің пайда болуына, қалыптасуына және дамуына ретроспективті шолу жасау, осы балаларға көрсетілетін көмектің жағдайын, осы бағыттағы қателіктер мен ізденістерді қарастыру және арнайы педагогиканың қазіргі мәселелеріне баға беру. Жоспар: 2. Арнайы педагогиканың пәні, мақсат-міндеттері. 3. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері. 4. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері. 5. Арнайы педагогиканың пәндік салалары. 6. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері. Негізгі түсініктер: арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, тузету, толқықтыру, оңалту, коғамға қосу. 1. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері Арнайы педагогика - педагогикалық білімнің бір бөлігі, кұрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы /латын тілінен аударғанда specialis - туыс, түр деген мағынаны білдіреді/. Нақты анықтамасын қарастырсақ, арнайы педагогика - жалпы педагогикалық жағдайда білім алуда қиналатын, немесе мүлдем оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім берудін теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым. Қазіргі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде «арнайы педагогика» және «арнайы білім беру» ұғымдары кең пайдалынады: мысалы, ағылшынша special education, французша - education speciale, испан тілінде - pedagogica especial, немісше - sonderpadagogik деген анықтамалар дәстүрлі қолдануда. Өйткені «арнайы педагогика» ұғымы жалпыға түсінікті және адамгершілік бағытына сәйкес үйлеседі. Арнайы педагогиканың нысаны - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни кемтар тұлғаларға арнайы білім беру үрдісі, ол педагогикалық феномен ретінде қарастырылады. Арнайы білім беруде зерттеу мен педагогикалық көмек көрсетудің субъектісі- даму мүмкіндіктерінің шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бүл жерде арнайы оқыту - нақты адамның білім алудағы күрделі мәселесін шешуге бағыталған. Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Бұл үрдіс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарын зерттейді. Арнайы педагогиканың пәнін білу тұлға дамуындағы дене немесе психикалық кемістікті түзету мен оңалтуға және қоғамға біріктіруге тәуелсіз өмір суру деңгейіне қол жеткізу үшін өте маңызды. 2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері Арнайы педагогика тарихы - педагогика ғылымның кұрамдас бөлігі болғандықтан, ол жалпы педагогикалық негізгі ұғымдар мен терминдердің көпшілігін пайдаланады. Бірақ, арнайы педагогиканың даму барысында өзіндік ұғымдар аппараты және терминологиясы қалыптасқан. Айтып кететін жағдай арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте ке4, өйткені білімнің жиынтығы түрлі дене және психикалық кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасып, жинақталған. Баланың психикалық және дене дамуының түрлі салалары: сөйлеу жүйесі, сенсорикалық, зият, ерік сферасы, қозғалысында түрлі деңгейде көрінуін және түрліше себептерден пайда болуына байланысты. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын, ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар әрине арнайы терминдерді білуі тиіс. Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандыктан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін көбінесе медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдер медицинадан туындаған, олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, акыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с. 3. Дамудағы кемістіктердің статистикаеы мен жіктеулері Арнайы білім берудің сапасын жетілдіру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың саны, арнайы мекемелер туралы т.б. мәлеметтерді жинақтау аса қажетті шаралардың бірі. Қазіргі уақытта халықаралық қогамдық бірлестіктер (Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы) дамудағы кемістіктердің түрлері мен пайда болу жиілігі туралы статистикалық деректерді жүйелі жинақтау жұмысын үздіксіз жүргізуде. Ал көптеген өркениетті мемлекеттер статистикалық есепке алу жұмысын өз елінде қабылданған денсаулық пен өмір сүру мүмкіндіктердің шектелуін анықтайтын терминдер мен топтастыруларға сәйкес ұйымдастырған. Әсіресе статистикалық деректерді дамушы елдірде жинақтау қиындық тудырады, өйткені әлеуметтік жағдайлар мен емдік-педагогикалық көмек көрсетудің төмен деңгейде болғандықтан барабар, нақты, толық мәлімет алу мүмкіндіктері төмен. Статистикалық мәліметтердің сипаттамасы әр мемлекеттің өркениет деңгейімен, емдік-педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету сапасымен айқындалады. 4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары Қазіргі арнайы педагогика өз пәні мен мақсат-міндеттерін, дидактикасы, тәрбиелсу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесі, сонымен бірге тарихын ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар: - тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер) - сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер) - тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен катар көруінде ауыткуы бар) - логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар) - олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар). Соңгы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп - ортопедагогика деп аталган және ерік-сезім санасында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр. Сонымен бірге созылмалы ауруы және көптеген ауыр ауытқулары бар балалалар үшін арнайы педагогиканың жаңа өзіндік саласы ретінде қалыптасуда. Date: 2015-09-02; view: 6327; Нарушение авторских прав |