Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дербестендірілген компьютер
Жиырмасыншы ғасырдың 60-70 жылдары компьютерлер өнеркәсібі өз дамуын жалғастырды. Осы салаға екпінмен енген IBM, Digital Equipment Corporation (DEC), Sperry және басқа да компаниялар дүние жүзі бойынша қызмет ете бастады, қызмет көрсету мен перифериялық жабдықтардың нарығын іске қосып, өнім желісін жетілдірді және кеңейтті. Алайда, 1978 жылы, компьютерлердің аса ірі өндірушілері бизнес-нарыққа арналған үлкенірек, қуаттырақ машиналар шығару мақсатына бағыт алған кезде, Apple Computer, Inc. Фирмасы өзінің Apple II атты үйде пайдаланылатын компьютерін шығарып мүлде жаңа нарық кеңістігін жасады. Тарап кеткен пікірге қарамастан, шын мәнінде Apple нарықтағы алғашқы компьютер болған жоқ. Одан екі жыл бұрын Micro Instrumentation and Telemetry Systems (MITS) компаниясы Altair 8800-ді шығарды. Компьютер әуесқойларының арасында Altair-ға зор сенім артылды. Business Week тез арада MITS-ті «үй компьютерінің IBM» деп атады. Дегенмен, MITS көгілдір мұхит жасай алмады. Неліктен? Оның машинасында мониторы, тұрақты жадысы болмады, жедел жадысының небары 256 ұяшығы ғана болды, БЖ мен пернетақта болған жоқ. Мәліметтерді енгізу үшін пайдаланушылар қораптың алдыңғы панеліндегі тумблерлерді ауыстырып отырды, ал бағдарламаның нәтижелері алдыңғы панельде белгілі бір тәртіппен жанатын шамдар түрінде бейнеленетін. Мұндай қолданылуы күрделі үй компьютеріне нарықтың табылмағаны ғажап емес. Үміттің аз болғаны сонша, сол жылы Кен Ольсен, Digital Equipment президенті өзінің «Адамға үйде компьютер ұстау мүлде керек емес», деген атақты фразасын айтты. Екі жылдан соң Apple II үй компьютерлерінің көгілдір мұхитын жасап, Ольсенді өзінің айтқан сөздері үшін өкінуге мәжбүр етті. Сол кездегі технологияға негіздеп, Apple II дизайны «барлығы біреуде» - кіріктірілген пернетақтасы, қуат көзінің блогы және графиканы бейнелейтін құрылғысы бар пайдаланылуы ыңғайлы пластик корпусты ұсынды. Apple II-ге, мысалы, Apple Writer мәтін редакторы мен visiСаlс электронды кесте сияқты ойындардан бастап, бизнес-бағдарламаларға дейін алуан түрлі БЖ қосыла ұсынылды, бұл – сатып алушылар үшін компьютерді қол жетімді қылды. Apple сол кезеңдегі компьютерлер туралы көпшілік ішінде тарап кеткен көзқарасты өзгертті. Енді компьютерлер технологиялық жаңалықтардан есі кететін «нақұрыстарға» арналған зат деп саналмады. Бір кездегі Т Үлгісі сияқты, ДК де америкалық үйдің міндетті бұйымына айналды. Apple II пайда болғаннан кейін екі-ақ жыл өткен соң, Apple компаниясының сауда көлемі жылына 200 000-ды құрады. Құрылғанына небары үш жыл толғанда компания Fortune 500 тізіміне енді – бұл бұрын болып көрмеген құрмет16. 1980 жылы шамамен жиырма компания 724 дербестендірілген компьютер сатып, 1,8 миллиардтан астам доллар тапты17. Келесі жылы нарықта тағы жиырма компания пайда болып, сауда көлемі 1,4 миллион бірлікке жетіп, екі есеге артты, сөйтіп шамамен 3 миллиард доллар әкелді18. Қырағылық танытқан IBM өз компьютерін шығаруды жоспарлап, алғашқы бірнеше жыл бойына нарық пен технологияларды зерттеді. 1982 жылы компания басқа компанияларға БЖ-ны жазуға және перифериялық құрылғыларды дайындауға мүмкіндік беретін әлдеқайда ашық архитектураны ұсынып, үй компьютерлерінің көгілдір мұхитын оқыс кеңейтті. Бағдарламалық жасақтамасы мен перифериялық аспаптарын сырттағы дайындаушылар жасай алатын стандартталған операциялық жүйені құрып, IBM әрі бағалар мен шығынды төмен күйінде ұстап, әрі клиенттерге үлкен пайдалылық ұсына алды. Өндірістің масштабы мен көлемін үнемдеудің есебінен компания сатып алушылардың көпшілігіне қол жетімді баға белгілей алды19. Бірінші жылы IBM 200 000 дербестендірілген компьютер (ДК) сатты – бес жылға жоспарлаған саудасынан сәл кем; 1983 жылға қарай сатып алушылар IBM-нің 1,3 миллион дербестендірілген компьютерін сатып алды20.
Date: 2015-08-15; view: 417; Нарушение авторских прав |