Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Никельодеон





 

Істің жайын Гарри Дэвис өзгертті. Ол 1905 жылы Питтсбург қаласында (Пенсильвания штаты) бірінші арзан кинотеатр, яғни «Никельодеон» ашты. «Никельодеонның» АҚШ-та кинотеатрлар саласын ашудағы рөлі аса зор және үлкен көгілдір мұхит соның арқасында жасалды деп саналады. Кинотеатрлардың ерекшеліктері неде болғанына назар аударыңыз. Жиырмасыншы ғасырдың басында американдықтардың басым көпшілігі жұмысшылар класына жатқанымен, пьеса, опера және сықақ көріністері секілді сауықтарды ұсынатын театрлар әлеуметтік элитаға арналған болатын.

Тұрмысы орташа отбасы аптасына 12 доллар ғана алатын болғандықтан, театрлық сауықтар адамдар үшін қолжеткісіз болды. Операға билеттің орташа құны 2 долларды құрады, ал сықақ көрінісіне – 50 центті. Театрлардың көпшілігі аса қатаң болды. Олар жұмыс класының аса терең білімдері жоқ өкілдеріне тартымсыз болды. Оның үстіне олардың театрға баруы ыңғайсыздықтар туындатты. Көріністер аптасына бірнеше рет қана көрсетілетін, театрлардың көпшілігі қаланың әл-ауқатты жағында орналасқандықтан, жұмыскерлердің онда жетуі қиындықтар туғызды. Америкалықтардың басым көпшілігі үшін сауықтар қолжеткісіз болды.

Ал Дэвистің «Никельодеонына» билет небары 5 цент тұрды (бес центтік тиын «никель» деп аталады, кинотеатрдың да атауы осыдан пайда болған). Дэвиске осы бес центтің өзі жеткілікті болды, себебі ол барлық театрлық алаңдарды қарапайымдап, ең негізгісін – орындықтар мен экранды ғана қалдырды – және кинематографтарды арзан жұмыс аудандарында орналастырды. Оның үстіне, ол сеанстардың уақыты ыңғайлы және саны жеткілікті болуын қамтамасыз етті – оның кинотеатрлары таңғы сағат сегізден ашылып, түн жарымға дейін сеанстардың бірінен кейін бірін көрсетуді жалғастырды. «Никельодеондарда» адамның біліміне, тіліне немесе жасына қарамастан түсінікті, көңілді комедиялар көрсетілді.

Жұмыскерлер «Никельодеонға» топ-тобымен ағылды, күн сайын мұнда жеті жүзге жуық адам келіп отырды. 1907 жылы Saturday Evening Post кинематографтарға барушы адамдардың саны күніне 2 миллионнан асқанын хабарлады.23 Көп ұзамай, «Никельодеондар» бүкіл елге тарады. 1914 жылға қарай АҚШ-та күніне жеті миллион адамға қызмет көрсететін он сегіз мың «Никельодеон» болды.24 Көгілдір мұхит жарты миллиардтық индустрияға дейін өсті.

 







Date: 2015-08-15; view: 413; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию