Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Табулятор
1914 жылы CTR-дың табуляторлық бизнесі шағын әрі пайдасыз күйінде қала берді. Жағдайды өзгертуге тырысқан CTR бұрын National Cash Register Company-дің басшыларының бірі болған Томас Ватсонның (Thomas Watson) көмегіне жүгінді. Ватсон табуляторға орасан зор әлеуеттік сұраныс бар екенін сезді, себебі бұл машиналардың көмегімен компанияларға тауарлық және бухгалтерлік есеп жүргізу ісін едәуір жақсартуға болар еді. Сонымен қатар, аса көлемді жаңа техника осы уақытқа дейін қарындаш пен гроссбухтарды місе тұтқан ұйымдар үшін тым қымбат әрі күрделі екенін түсінді. Ватсон компьютерлік өнеркәсіп үшін есептеу нүктесіне айналған стратегиялық қадам жасады: табулятордың қасиеттерін қарындаштар мен гроссбухтардың қарапайымдылығымен және төмен құнымен біріктірді. Ватсонның басқаруымен CTR бұрынғыға қарағанда қарапайым және модульды табуляторлар өндіре бастады, оған қоса компания қолданушыларға соларға барып қызмет көрсетуді, пайдаланушыларды оқыту мен қолдау беруді ұсынды. Клиенттер табуляторлардың жылдамдық және тиімділік сияқты артықшылықтарын пайдаланды, сөйте тұра олар қызметкерлерін оқыту үшін мамандарды немесе сынып қалған машиналарды жөндеу үшін қыруар техниктерді жалдауға мәжбүр болған жоқ. Осыдан соң Ватсон табуляторларды сатудың орнына оларды жалға беруді ұйғарды – бұл инновация табуляторлық бизнес үшін жаңа баға үлгісін белгілеуге септігін тигізді. Бір жағынан, бұл - ұйымдарға көлемді капитал шығынынан құтылуға жол ашты және ең үздік үлгілерді шығара сала пайдалану мүмкіндігін берді. Екінші жағынан, бұл клиенттерге қолданыста болған машиналарды бір-бірінен сатып алуға жол бермей, CTR-ға қайта-қайта пайда түсіруге жағдай туғызды. Алты жылдан соң компанияның пайдасы үш еседен көп ұлғайды. 1920 жылдардың ортасына қарай CTR-ге АҚШ-тағы табулятор нарығының 85 пайызы тиесілі болды. 1924 жылы, компанияның өсіп келе жатқан халықаралық деңгейін бейнелеу мақсатында, Ватсон CTR-дің атауын International Business Machines Соrр. (Халықаралық компьютерлер корпорациясы) немесе IBM деп өзгертті. Табуляторлардың көгілдір мұхиты ашылды. Date: 2015-08-15; view: 586; Нарушение авторских прав |