Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Палас-Театр





1914 жылы «Никельодеондардың» көгілдір мұхиты өзінің шарықтау шегіне жетті. Самуэль «Рокси» Ротапфель {Samuel Rothapfel) қозғалмалы бейнелерді орта және төменгі кластың өміріне әкелу туралы шешім қабылдап, Нью-Йоркте АҚШ-тағы бірінші Палас-Театрды (Palace Theater) ашты. Бұған дейін Ротапфельдің бүкіл ел бойынша көптеген «Никельодеондары» болды және ол бұларды қарсыласуға тырысқан кинотетарлардың орнында ашуымен танымал болды. Төменгі сұрыпты және қарапайым орындар деп саналатын «Никельодеондарға» қарағанда, Ротапфельдің Палас-Театрлары экстравагантты шырағдандары, айнамен қапталған холлдары және үлкен есіктері бар ғажайып кинозалдар болатын. Машиналарды тұраққа айдап барушылар, мақпалмен қапталған екі орынды дивандар және театралды сюжеттері бар ұзақ фильмдер – мұндай кинотеатрға бару театр мен опера сүюшілері үшін де ұятты болмады. Ал билеттердің бағасы айтарлықтай қолжетімді болды.

Сарай-кинотеатрлар коммерциялық табысқа жетті. 1914 жылдан бастап 1922 жылға дейін АҚШ-та төрт жүз Палас-Театр ашылды. Әрбір америкалық үшін оның табысына қарамай, кинотеатрға бару секілді сауық түрі маңызды болды. Рокси айтқандай «Адамдарға қалағанын беру дұрыс емес және қауіпті. Адамдар нені қалайтындарын өздері де білмейді... Оларға одан да жақсысын беріңіздер». Палас-Театрлар опералық театрдың ортасы мен «Никельодеондардың» мазмұнын – кинофильмдерді сәтті үйлестірді, бұл өз саласы үшін жаңа көгілдір мұхитты ашуға және жоғары мен орта класқа жататын жаңа көрермендердің ағымын тартуға мүмкіндік берді.25

1940 жылдардың соңында ұлттың игілігі өсе бастаған сайын және, әр қазанда бір тауық, әр гаражда бір көлік дегендей, америкалықтар қадалармен қоршалған өз үйіне ие болу туралы армандарын іске асыру үшін қала маңына көше бастаған уақытта, Палас-Театрлардың өсім тұжырымдамасын шектейтін факторлар пайда бола бастады. Қала маңдары ірі қалалар мен метрополийлерге қарағанда Палас-Театрлардың ажырамас бөліктеріне айналған зор көлемдер мен салтанатты интерьерлерді қамтамасыз ете алмады. Бәсекелестік күрестің нәтижесінде қала маңдарында аптасына бір фильм көрсетіп отыратын аса ірі емес кинотеатрлар пайда болды. Мұндай театрлар Палас-Тетарларға қарағанда «бағалық көшбасшылар» болғанымен, келуші жұрттың көзін байлай алмады. Олар адамдарға керемет өткен уақыттың әсерін бере алмады, сондықтан олардың табысты болуы тек көрсетілетін фильмге ғана тәуелді болды. Егер фильм табысты болмаса, адамдар кинотеатрға баруды жөн көрмеді, ал кинотеатрдың иесі ақшасынан айырылды. Кинотеатрлар дағдылы құбылысқа айналып бара жатты, олардың табысының өсімі тоқтап қалды.

 







Date: 2015-08-15; view: 465; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию