Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шағын да үнемді жапон автомобильдері





Десе де автокөлік саласы бір орында тұрған емес. 1970 жылдары жапондықтар жаңа көгілдір мұхит жасады - америкалық автокөлік жасау саласына олардың шағын, отын үнемдегіш автомобильдері қарсы қойылды. Саланың «неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы» деген жазылмаған ережесін ұстанып, салтанатына көп көңіл бөлудің орнына - қисынға қарсы әрекет еткен жапондықтар сатып алушыларға сапасы мінсіз, шағын көлемді және жаңа – бензинді үнемді тұтынатын - пайдалы сипаты бар автомобильдер ұсынды.

1970 жылдары АҚШ-тағы мұнай дағдарысы басталғанда америкалық тұтынушылар Honda, Toyota және Nissan (ол кезде Datsun деп аталған) фирмалары өндіретін сенімді, отын үнемдегіш автомобильдерді сатып алуды жөн көрді. Көзді ашып-жұмғанша жапондықтар өз тұтынушылары үшін қаһармандарға айналды. Олардың бөлмелік, үнемді автомобильдері мүмкіндіктердің жаңа көгілдір мұхитын жасады, сұраныс тағы да артты.

Үлкен Үштіктің мүшелері бір-бірінен үлгі алып бір-біріне еліктеп жүргенде ешкім де атқарымды, жинақы, үнемді автомобиль шығару туралы ойламады, ал осындай ұсынымның нарықтық әлеуеті ап-анық көрініп тұр еді. Сонымен, жаңа көгілдір мұхит жасаудың орнына Үлкен Үштік бәсеке жарысының келесі раундына кіріп кетті, дегенмен осы жолы жапондар мен Үлкен Үштіктің компаниялары шағындау, үнемді автомобильдер өндірісіне көлемді инвестициялар жасай бастады.

Сонда да Үлкен Үштік бұрынғыша автомобиль саудасы деңгейінің төмендеуінен зардап шекті; 1980 жылы жалпы шығын шамамен 4 миллиард долларды құрады1. Үлкен Үштікте ең кішісі болып саналатын Chrysler бәрінен көп шығынға ұшырады және тек үкіметтің шұғыл көмегінің арқасында әрең дегенде банкроттықтан құтылды. Жапондық автомобиль өндірушілер көгілдір мұхитты тиімді жасап әрі меңгеріп алғаны сонша, енді америкалық өндірушілерге басты орынды қайтарып алу қиынға соқты; дүние жүзіндегі елдердің автокөлік жасау саласы бойынша маманданған сарапшылары олардың бәсекеге қабілеттілігіне және ұзақ мерзімді болашақтағы өміршеңдігіне күмәнмен қарады.

 







Date: 2015-08-15; view: 505; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию