Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Электронды компьютер





30 жылды артқа тастап, 1952 жылға келейік. Remington Rand фирмасы UNIVAC санақ бюросына арналған дүние жүзіндегі бірінші коммерциялық электронды компьютерді жасады. Сол жылы үш-ақ UNIVAC сатылды. IBM-дегі Ватсон – біз білетін Ватсонның ұлы, кіші Томас Ватсон шағын, тартымсыз нарықтың бетпердесін жамылып жасырынып жүрген, ешкім тимеген сұранысты байқамағанша, көгілдір мұхит елеусіз күйінде қала берді. Кіші Ватсон электронды компьютерлердің бизнесте қандай рөл ойнай алатынын түсінді де, IBM-ге осы мәселемен айналысуды тапсырды.

1953 жылы IBM компаниясы бизнеске арналған алғашқы орта көлемді компьютер IBM 650 үлгісін шығарды. Бизнесмендер электронды компьютерлерді пайдалана бастаса, олар күрделі машиналарды сатып алғысы келмей, өздері пайдаланатын қуаты үшін ғана төлегісі келетінін ұғынып, IBM өзінің IBM 650-ін UNIVAC-қа қарағанда әлдеқайда қарапайым, әрі аз қуатты қылып жасап, UNIVAC миллион доллар болғанда, өз машинасын бар-жоғы 200 000 долларға бағалады. Нәтижесінде 1950 жылдардың соңына қарай IBM бизнеске арналған компьютерлер нарығының 85 пайызын билеп алды. 1952 жыл мен 1959 жылдың аралығында пайда 412 миллион доллардан 1,16 миллиард долларға дейін артып, шамамен үш еселенді.

IBM-нің көгілдір мұхитқа екпіндеп енуі 1964 жылы ерекше қарқынды болды, ол кезде компания System 360-ты ауыстырылатын БЖ-ның жиынтығымен, перифериялық жабдықтармен және қызметтер пакетімен жабдықталған компьютерлердің алғашқы ірі жинақтамасын шығарды. Бұл «барлығына бір көлем» үлгісімен жасалатын тұтас мейнфреймнен тікелей алшақтау болды. Кейінірек, 1964 жылы, IBM компьютерлерді сату тәртібін өзгертті. Аппаратураны, қызметтерді және бағдарламалық жасақтаманы жиынтығымен қоса ұсынудың орнына, IBM құрамдас бөліктерді ажыратты да оларды саудаға жеке-жеке ұсына бастады. Сөйтіп, БЖ мен қызметтердің мультимиллиардты индустриясы пайда болды.

Бүгінгі күні IBM компьютерлік қызметтерді ұсынатын аса ірі компания болып табылады, және компьютерлердің дүние жүзіндегі ең ірі өндірушісі болып қалуда.

 







Date: 2015-08-15; view: 488; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию