Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Діл үдеріс күші





Сонда әділ үдеріс дегеніміз не? Бұл үдеріс компанияларға стратегияны жүзеге асыру үдерісін кіріктіру мүмкіндігін қалай жасайды? Әділдік және бейтараптық тақырыбы жазушылар мен философтарды ғасырлар бойы мазалап келе жатыр. Әйтсе де, әділ үдерістің пайда болуына екі әлеуметтанушы-ғалым Джон У. Тибо (John W. Tibaut) және Лоренс Уокер (Lawrence Walker) себепші болды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының орта тұсында олар өздерінің әділдік психологиясына деген қызығушылығын үдерісті зерттеумен байланыстырды, сөйтіп, «үдерістік әділдік»1 термині пайда болды. Өз зерттеулерінің мәні ретінде сот арыздарын алып, ғалымдар адамдардың заң талаптарына сөзсіз мойынсұнып, оған сенулерінің себебін түсінуге тырысты. Зерттеулер барысында сот шешімінің өзі ғана емес, осы шешімді шығаруға себеп болатын үдерістің де әділдігі мазалайтынын анықтады. Үдеріс әділ болғанда адамдардың шығарылған шешімді қанағат тұтатыны және оны орындауға дайындық дәрежесі өсетіні белгілі болды2.

Әділ үдеріс – менеджерлердің үдерістік әділдік теориясын тәжірибеде қолдануы. Заңнамалық саладағы секілді әділ үдеріс жүзеге асуды стратегияға кіріктіреді және қызметкерлерді бастапқыдан өз жағына тартады. Әділ үдеріс әрекет етіп отырған уақытта адамдар стратегияны жасау сатысында-ақ әділ ойынға сенеді. Бұл оларды стратегиялық қорытынды шешімдерді жүзеге асыру бойынша біріккен ерікті жұмысқа ынталандырады. Ерікті ынтымақтастық – адамдар қажетті нәрсені ғана орындайтын механикалық жұмысқа қарағанда анағұрлым мықты нәрсе.

8-1 СУРЕТ

Әділ үдерістің адамдардың мақсаттары мен мінез-құлықтарына әсер етуі

 

    Стратегияны қалыптастыру үдерісі Әділ үдеріс   Қатысу Түсіндіру Үміттердің анықтығы  
   
    Мақсаттары   Сенім және адалдық   «Менің пікіріммен санасатынын сеземін»  
   
    Әрекет   Ерікті ынтымақтастық   «Мен міндетті болғандықтан әрекет етіп отырған жоқпын»  
   
    Стратегияны іске асыру   Күткеннен асып түсу   Өз бастамасымен  

 

Ерікті ынтымақтастық кезінде адам өз міндеттерінің шегінен шығып, күш-қабілетін аямайды және стратегияға сәйкес әрекет ету үшін – өз қызығушылықтарын да соған бағындырады3. 8-1 суретінде әділ үдеріс, адамдардың көзқарастары мен мінез-құлықтары аясында байқалған себеп-салдарлық байланыс көрсетілген.

 







Date: 2015-08-15; view: 676; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию