Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Діл үдеріс және көгілдір мұхит стратегиясы
Адалдық, сенім және ерікті ынтымақтастық – бұл жай ғана қатынас немесе мінез-құлық емес. Бұл - түртіп көруге болмайтын капитал. Егер сенім бар болса, адамдар бір-бірінің ниеттеріне немесе әрекеттеріне қатысты анағұрлым сенімді болады. Егер адалдық бар болса, олар компания мүддесі үшін жеке мүдделерінен бас тартуға дайын болады. Егер сіз көгілдір мұхит стратегиясын жасап, оны сәтті жүзеге асырған кез келген компаниядан оның табыстылығының себептері туралы сұрастыратын болсаңыз, менеджерлер, ең алдымен, осы түртіп көруге болмайтын капиталдың баға жеткіліксіз рөл ойнағаны туралы айтып беретінін көресіз. Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асыра алмаған компаниялардың менеджерлері де сіздің назарыңызды осындай капиталдың жеткіліксіздігіне аударып, дәл осы себептен табысқа жете алмағанын айтады. Бұл компаниялар стратегияны қызметкерлердің сенімі мен адалдығы жетіспегендіктен ауыстыра алмады. Жұмыскерлердің адалдығының, сенімінің және ерікті ынтымақтастығының арқасында компаниялар басқалардың арасында стратегияны жүзеге асыру үдерісінің жылдамдығымен, сапасымен және келісімдігімен айрықшалануға мүмкіндік алады. Дәл осылар стратегиялық бағытты жылдам және ең аз шығынмен ауыстыра алады. Барлық компаниялар шешімін табуды қалайтын сұрақ мынадай: ұйымның терең қойнауында сенімге, адалдыққа және ерікті ынтымақтастыққа қалай қол жеткізуге болады? Стратегияның жасалуын оны жүзеге асырудан бөлектеп қол жеткізуге болмайды. Көптеген компаниялар мұндай әдісті қолдануға тырысқандарымен, бұл бәсең, сенімсіз енгізудің және алға қарай мехникалық қозғалудың белгісі болады. Әрине, дәстүрлі ынталандыру әдістері: билік пен ақша (бірде марапаттау, бірде жазалау) көмектесуі мүмкін. Дегенмен бұлар адамды жеке басының қызығушылықтарын қанағаттандырудың шегінен асатындай рухтандыра алмайды. Мінез-құлықты анық мониторингтеу мүмкіндігі жоқ жерде жалқаулық пен саботажға есік кең ашылады. Әділ үдерісті қамтамасыз ету бұл дилемманы айналып өтуге мүмкіндік береді. Стратегияны әділ үдерістің қағидаларына сәйкес ұйымдастырып, бастапқыдан-ақ сіз стратегияға кіріктіре аласыз. Әдетте, әділ үдерістің арқасында адамдар жасалған стратегияға, тіпті, ол ең жақсы болмаса да, олардың нақты бөлімі үшін стратегиялық дұрыс деп саналатын түсініктеріне қарама-қарсы келсе де, оған адал қолдау көрсетеді. Адамдар мықты компания құру үшін ымыраларға және ұтылыстарға бару қажет екенін түсінеді. Олар корпорацияның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мүдделеріне жету үшін қысқа мерзімді жеке ұтылыстар қажеттігін қабылдайды. Көгілдір мұхит стратегиясын жүзеге асырудың себебі қандай болмасын, мейлі ол толымдаушылар өндірісінің аутсорсингі мақсатымен біріккен кәсіпорынның серіктесімен жұмыс болсын, сатуларды қайта бағыттау, өндіріс үдерісін трансформациялау болсын, қоңырауларды өңдеу орталығын Құрама Штаттардан Үндістанға көшіру болсын – біз талай рет байқағанымыздай, бұл динамика жұмыс істейді. 9 тарау Date: 2015-08-15; view: 704; Нарушение авторских прав |