Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Интеллектуалдық және эмоционалдық мойындау теориясы
Стратегияны түзу кезінде әділ үдерісті пайдалану интеллектуалдық және эмоционалдық мойындаумен тығыз байланысты. Әділ үдеріс жағдайында менеджмент нақты әрекеттерімен өзінің адамдарға сенуге және оларды қамқорлығына алуға құштарлығын, әрбір қызметкердің біліміне, дарынына және тәжірибесіне сенетінін дәлелдейді. Адамдар олардың интеллектуалдық потенциалын мойындағанды сезінген уақытта олар білімдерімен бөлісе бастайды; олар әсер қалдырғылары келеді және өздерінің интеллектуалдық қабілеттері туралы жоғары бағалауды іс жүзінде дәлелдеп, идеяларын және білім алмасуды белсенді ұсынуды қалайды. Дәл осылай қызметкерлер эмоционалдық мойындауды сезінгенде, олар стратегияны жасауға және жүзеге асыруға өздерінің қатыстылықтарын эмоционалдық деңгейде сезініп, осы жолда бар күштерін салуға дайын болады. Фредерик Херцбергтің (Frederick Herzberg) уәждемеге арналған классикалық зерттеуінде мойындау қуатты ішкі уәждемені оятатыны, оның әсер етуімен адам өзінің міндетті болу себебінен жасауы тиіс әрекеттердің шегінен шығып, ерікті ынтымақтастыққа кіретіні айтылған4. Сол себепті әділ үдеріс интеллектуалдық және эмоционалдық мойындауды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, осындай жағдайларда қызметкерлер өздерінің білімдері мен тәжірибелерін тиімдірек пайдаланады, сонымен қатар компанияның стратегиясын сәтті жүзеге асыру үшін ерікті ынтымақтастық құруға тырысады. Дегенмен, бұл құбылыстың тең немесе одан да көп назар аударуды қажет ететін теріс жағы да бар: әділ үдерісті бұзу және соның нәтижесінде адамның интеллектуалдық және эмоционалдық құндылықтарын мойындамау. Мұндай ойлау және мінез-құлық түрін былайша сипаттауға болады. Адамдардың білімдері бағаланбағанда, бұл «интеллектуалдық наразылық» тудырады, бұл адамдардың өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөліскілері келмейтіндіктерінен көрінеді; олар өзінің ниеттері мен шығармашылық идеяларын жария еткеннен гөрі жасыруды жөн көруі әбден мүмкін. Оған қоса, олар басқа адамдардың да интеллектуалдық құндылықтарын жоққа шығара бастайды. Олар былай дегенмен тең болады: «Сіздер біздің идеяларымызды бағаламайсыздар – біз де сіздердің идеяларыңызды бағаламаймыз, сіздердің стратегиялық шешімдеріңізге сенбейміз және олар бізді қызықтырмайды!». Дәл осылай қызметкерлердің эмоционалдық құндылықтары мойындалмаса, бұл ызалануға, өз әрекеттеріне қуат беруді қаламауларына әкеледі; олар жұмысты тежеп, түрлі кедергілер, оның ішінде Elco компаниясының Честердегі зауыты секілді саботаж жасауы да әбден мүмкін. Эмоционалдық мойындаудың жеткіліксіздігі көбіне адамдарды әділетсіз жолмен енгізілген стратегиялардан бас тартуды талап етуге итермелеуі мүмкін, тіпті, оларға бұл стратегиялар –компанияға табысы, қызметкерлерге, менеджментке пайда әкеліп отырса да бәрібір. Егер адамдар стратегияны жасау үдерісіне сенбейтін болса, олар оның нәтижелілігіне де сенбейді. Бұл - әділ үдерістің эмоционалдық күші. 8-2 суретте осы себеп-салдарлы ағындардың көрнекті бейнесі берілген.
8-2 СУРЕТ Стратегияны жүзеге асыру барысында әділ үдерістің болу немесе болмауының салдары
Date: 2015-08-15; view: 623; Нарушение авторских прав |