Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Діл үдерістің үш «Е» қағидасы





Әділ үдерісте бір-бірін күшейтетін басты үш элемент бар. Олар: қатысу (Engagement), түсіндіру (Explanation) және үміттердің анықтығы (Ехресtation). Жоғары буындағы басшы да, дүкендегі сатушы да – барлығы біз әділ үдерістің үш «Е» қағидасына біріктірген элементтерге мән береді.

Қатысу - қызметкерлерді оларға әсер ететін стратегиялық шешімдерге қатысуға және қабылдауға тартуды білдіреді. Олар ұсыныс жасап қана қоймай, өз әріптестерінің идеяларымен, ұсыныстарымен танысып, талқылауға мүмкіндік алады. Қатысу менеджердің қызметкерлерге және олардың идеяларына деген құрметін жеткізеді. Талқылау ойлау үдерісін жетілдіріп, ортақ күшпен дұрыс шешім табуға көмектеседі. Қатысу нәтижесінде менеджмент салмақты стратегиялық шешімдер қабылдайды, ал оны жүзеге асырушылардың барлығы таңдалған бағытқа адал болады.

Түсіндіру - барлық қатысушылар мен мүдделі тұлғалар неліктен басқа емес, дәл осы стратегиялық шешім қабылданғанын түсінуі қажет дегенді білдіреді. Шешімдердің негізінде жатқан себептерге қатысты түсіндірме алған адамдар өз көзқарастары есепке алынғанына және компанияның мүддесіне сай әділ шешім қабылданғанына сене бастайды. Түсіндіру - қызметкерлерге, өз идеялары қабыл алынбаған болса да, менеджерлердің ниеттеріне сенуге көмектеседі. Оның үстіне, түсіндіру оқуға итермелейтін кері байланыстың мықты тетігі болып табылады.

Үміттердің анықтығы стратегияны қабылдағаннан кейін менеджерлер ойынның жаңа ережелерін нақты баяндап берулерін талап етеді. Үміттер тым асқақ болуы мүмкін, бірақ қызметкерлер олардың жұмыстары қандай стандарттар бойынша бағаланатынын және алға қойылған міндеттерді орындамаған жағдайда қандай жазаға тартылатындарын нақты білулері қажет. Стратегиялық мақсаттар қандай? Тактикалық мақсаттар және жоспарлардың негізгі кезеңдері қандай? Кім не үшін жауап береді? Әділ үдерісті қамтамасыз ету үшін жаңа мақсаттар, үміттер және міндеттер қандай болатыны соншалықты маңызды емес, олардың барлығын қызметкерлердің түпкілікті түсінуі анағұрлым маңыздырақ. Адамдар олардан не күтіп отырғанын нақты түсінген уақытта саяси айла-шарғылар мен фаворитизм азая түседі және барлық күш-жігерді жаңа стратегияны жүзеге асыруға шоғырландыруға кедергі жасамайды.

Бірге қарастырылатын осы үш элемент әділ үдерістің бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, себебі осы элементтердің бұдан аз санының қандай да болмасын үйлесімі мұндай мүмкіндікті бере алмайды.







Date: 2015-08-15; view: 431; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию