Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Коммерциялық әуе компаниялары





Бірінші және бизнес-класпен ұшу

 

Төмен-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Бағасы Ұшаққа Жүксіз Ұшудың Сапардың Икемділік Ұшу кезінде

(ұшақты сатып қызмет сапарлар жалпы жеңілдігі пен қызмет

алғанда көрсету шығыны жылдамдығы (оның сенімділік көрсету

тиянақталған + қажеттілігі ішінде

сапарды – (басқару тіркеу,

құбылмалы) және кеден

ұйымдастыру) бақылауы

және т.с.с.

 

NТТ DоСоМо қатал бәсекенің алқызыл мұхитынан дауысты ғана емес, мәтінді, мәліметтерді және бейнелерді сымсыз жіберудің көгілдір мұхитын жасау арқылы құтылып шықты. NТТ DоСоМо мынадай сұраққа жауап іздеді: Ғаламторды ұтқыр байланыстан ерекшелейтін сипат не? және керісінше. Ғаламтор ақпарат пен қызметтердің шексіз көлемін ұсынғанмен, ең танымал «фишкаларға» электронды пошта, қатардағы ақпарат (мысалы, жаңалықтар, ауа райы болжамы және телефон нөмірлерінің базалары), сауықтар (оның ішінде ойындар, спорттық іс-шаралар және музыка) жатты. Ғаламтордың басты кемшіліктеріне компьютер жабдықтарының қымбаттылығы, ақпараттың мөлшерден артық болуы, торға ену үшін телефон желісін еріксіз пайдалану қажеттілігі және Ғаламтор арқылы несие картасы туралы ақпаратты жіберуден қорқу. Екінші жағынан, ұялы телефондар артықшылықтарына олардың ұтқырлығын, дауысты жеткізуді және пайдалану жеңілдігін жатқызуға болатын.

NТТ DоСоМо өз клиенттерін осы екі нұсқаның бірін ғана таңдау қажеттілігінен құтқарды, бірақ жаңа технологияны жасаған жоқ, тек Ғаламтордың ұялы телефондармен салыстырғандағы басты артықшылықтарына ерекше көңіл бөлді, және керісінше жасады. Барлық басқа факторларды компания жойды, азайтты. Оның жасаған қолайлы интерфейсінің қарапайым i-mode (і деген «интерактивті», «Интернет», «информация» және «І» - «мен» ағылшын есімдігі) түймесі бар, оны басқан пайдаланушы Ғаламтордағы бірнеше танымал «фишкаға» бір сәтте қол жеткізеді. Ғаламторда үнемі болып тұратын ұшы-қиыры жоқ ақпаратпен мазаламас үшін, i-mode түймесі қонақүйдегі консьерж сияқты, өзіңіз алдын-ала таңдаған және мақұлдаған ең танымал қызметтерді ұсынатын сайттармен байланыстырады. Бұл - тордың ішінде тез әрі қиындықсыз жөн табуға жағдай туғызады. i-mode жүйесі бар телефондар жай телефоннан 25 пайызға қымбат болғанмен, бұл сома ДК құнынан айтарлықтай төмен, ал телефон жоғары ұтқырлықты қамтамасыз етеді.

Оның үстіне, дауыс арқылы байланысудан басқа, i-mode жүйесі қарапайым биллинг қызметін пайдаланады, соның арқасында пайдаланушы ай сайын i-mode арқылы пайдаланылған барлық тораптық қызметтер санамалап көрсетілген бірыңғай шот алады. Бұл-пайдаланушылар алатын шоттар санын едәуір қысқартады және несие картасы туралы ақпарат беру қажеттілігінен босатады. Ал i-mode қызметі телефонды іске қосқан кезде автоматты түрде қосылатындықтан, пайдаланушылар үнемі торапқа қосылған күйде болады әрі оларға логинді енгізумен әуре болудың қажеті жоқ.

І-mode-пен жабдықталған телефон құндылығының өзгеше қисығымен жай ұялы телефон мен ДК бәсекелесе алмайды. 2003 жылдың аяғына қарай бұл қызметке жазылушылардың саны 40.1 миллионға жетті, ал мәліметтерді, бейнелерді және мәтіндерді жолдаудан 1999 жылы түскен кіріс 295 миллион йеннен (2,6 миллион доллардан) 2003 жылы 886,3 миллиард йенге (8 миллиард долларға) жетті. i-mode қызметі өз бәсекелестерінің клиенттерін еліктіріп әкетіп қана қойған жоқ. Ол нарықты кеңейтті, өзіне жас және ересек пайдаланушыларды тартты және дауысты байланыс пайдаланушыларын дауысты да, мәліметтерді де жолдаудың тұтынушыларына айналдырды.


Бір таңданарлығы, Батыста осыған ұқсас көгілдір мұхит ашпақшы болған еуропалық және америкалық еліктеушілер әзірге табысқа жеткен жоқ. Неліктен? Біздің пікірімізше, айрықша құндылықты ұсынудың орнына, олар ең күрделі технологияны, WAP-ты (сымсыз қол жеткізу хаттамасын) ұсынуға көңіл бөліп, орасан күш жұмсауда. Бұл - ұсынысты аса күрделендіруге әкелді, оларға пайдаланушылардың басым көпшілігі жоғары бағалайтын қарапайым элементтер жетіспеді.

Кейіпкерлері баламалы мүмкіндіктерге көз тігіп, жаңа нарықтар жасай алған табыс туралы басқа да көптеген хикаялар бар. Home Depot фирмасы шаруашылық дүкенінен құрылыс материалдары мен саймандарды сатып алу орнына үйді әлдеқайда төмен бағамен жаңалау жөніндегі кәсіби мердігерлердің сараптамасын ұсынды. Клиенттеріне екі баламалы саланың ең елеулі артықшылықтарын ұсынып – және өзге факторларды жойып немесе қысқартып, - Home Depot фирмасы үй жағдайын жақсартудың жасырын қажеттілігін жүзеге аса алатын ақиқатқа қайта өзгертті, сөйтіп үйлердің қатардағы иелерін жасаушыларға айналдырды. Soutwest Airlines компаниясы автомобильге - ұшақтың баламасы ретінде ерекше көңіл бөліп, клиенттеріне автомобильмен жүру бағасына әуемен сапар шегу жылдамдығын ұсынды да жақын аралыққа ұшудың көгілдір мұхитын жасады.

Intuit та осыны істеді – қарындаштан жеке қаржының есебін жүргізуге арналған компьютерлік бағдарламаның басты баламасын көріп қызық та қарапайым Quicken БЖ әзірледі.

Ал сіздің салаңызға қайсысы балама бола алады? Неге клиенттер солардың ішінен таңдайды? Сатып алушыларды балама салалар арасынан таңдау жасауға мәжбүр ететін өзекті факторларға ерекше назар аударып және барлық басқа факторлардың мәнін есепке алмай немесе азайту арқылы сіз жаңа нарықтық кеңістіктің көгілдір мұхитын аша аласыз.

 







Date: 2015-08-15; view: 491; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию