Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лизинг шартының құқықтық табиғаты





 

Қаралып отырған қатынастардың қүрделілігі және салыстырмалы

түрде жаңашылдығы олардың заңдық табиғатына қатысты орын алып жүрген әртүрлі көзқарастарды айқындайды.

Оның екі негізгі көзқарасын айыра білу қажет. Авторлардың бір тобы, мәселен, Ю.С.Харитонова, азаматтық құқықтың дәстүрлі институттарының көмегімен лизингке: арендалар, сатып алу және сатулар, заимдар, тапсырыстар және басқалар деп талдайды. Ал басқа авторлар қатынастардың күрделілігі оларды ерекше қатынастар деп қарауға болады деп айтады. [2.33; 105-106]

Олардың алғашқысы да соңғысы да лизингтің кез келген аспектісінің анықтаушы сапасында: дайындаушының және пайдаланушының ерекше өзара қарым-қатынасын, немесе меншік иесінің міндеттері және құқық көлеміне іс жүзінде тең келетін пайдаланушының міндеттері мен құқық көлемін қояды. Егер аталған институттардың көмегімен лизингтің заңдық табиғатын айқындайтын болсақ, онда оған қатысушылардың қатынастарының бір бөлігі осы институттан сырт қалады. Мәселен, лизингті сатып алу-сату, тапсырма беру, аренда және басқа да институттар тұрғысынан қарастырсақ, он да жауапкершілік бойынша дайындаушы және пайдаланушы арасындағы қатынастар сырт қалады.

Аренда және лизинг келісім-шартындағы айырмашылықтар жауапкершілік және тәуекелшілікке көшу мәселелерінде айқын анғары-лады. Аренда шартында аренда беруші арендатор алдында арендатор иелігіне мүлікті уақытында бермеу, ақаулықтарды айқындау және басқаларын өз мойнына алады. Лизинг шартында келісім-шарт нысанына қатысты (сапасы, пайдаланушының мақсатына сай келмеушілік) жағдай бұзылғанда жауапкершілікті әдетте құрал-саймандарды жасаушы алады. Нәтижесінде пайдаланушы алдында құрал-сайман иесі емес, лизинг келісім-шартынан бейтарап құрал-сайманды жасаушы жауапкер болып табылады. Құрал-саймандардың кездейсоқ оқиғалардан жойылып кетуі немесе бүлінуі пайдаланушының мойнында, ал аренда келісім-шартында барлық елдердің заң актілерінде барлық тәуекелшілікті меншік иесі, яғни аренда беруші алады.

Бұл жерде дайындаушының лизинг келісім-шартының тарабы болмай лизингтік қатынастардың қатысушысы болатынын ескеру керек. Лизингке қатысушылар екі келісім-шартпен: лизинг беруші және меншік иесі арасындагы сатып алу-сату шартымен — бір жағынан және екінші жағынан лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шартымен қатастырылған. Кездейсоқ оқиғалар нәтижесінде құрал-сайманның жойылуы немесе бүлінуі әдетте пайдаланушы мойнына алады, ал аренда шартында заңдылықта қаралып отырғандай барлық тәуекелшілікті меншік иесі, яғни аренда беруші алады (бұл жерде субаренда есепке алынбай отыр). Лизинг құрал-саймандарды сатып алуға берілетін несиемен (кредитпен) ұқсас, шынында да лизингті уақыт өтуі қайтарымы, төлемі жағдайында лизинг алушыға лизинг компаниясының несие беруі негізінде мүліктік қатынас ретінде қарауға болады. Алайда бүл лизинг сипаттамаларының бірі ғана. Басқа лизинг сипаттамасы меншік қатынасымен байланысты.

Лизинг кезінде аренда нысанының меншігі лизинг берушіде сақталады, ал лизинг алушы оны тек уақытша ғана пайдалана алады, яғни, мүлікті пайдалану құқымен оны иелік ету құқынан алыстайды. Бұл құқықтарды алу бойынша лизинг алушы лизинг компаниясына тиісті сома (лизингтік төлем) төлейді, оның мөлшері, түрі және аудару кестесі лизингтік келісім-шарттың екіжақты шартымен айқындалады.

Лизинг сондай-ақ сатып алу – сату келісім-шартының ерекше түрі де емес. Шынында лизинг белгілі бір уақытқа берілуі бойынша сатып алу-сату қатынастарымен ұқсас. Алайда мұндай сатып алу-сату да меншік құқы сатушыдан сатып алушыға көшеді, әдетте бұл шарт жасалғаннан бастап өз күшіне енеді. Керісінше, лизинг шартын жасауда меншік құқы уақытша пайдалануға құрал-сайман берген тұлғада сақталады. Кейбір неміс авторлары лизинг өзінде тапсырыс институтының белгілерін сақтайды деп тұжырымдайды. Бүл жөнінде Е.В.Кабатованың жұмыстарында кездеседі. Мұндай теорияның мазмұны төмендегідей: пайдаланушы мамандандырылған компанияға мүлік сатып алу жөнінде тапсырыс береді, соңынан ол олардың арасындағы жасалатын шарт нысаны болады. Бұл тапсырысты лизинг компаниясы дайындаушымен сатып алу-сату шартын жасау есебінен жүзеге асырады. Мұнан кейін пайдаланушы және болашақ лизинг беруші өз орындарымен алмасқандай болады: енді лизинг беруші пайдаланушыға құрал-сайманды алуға тапсырыс береді, сондай-ақ, құрал-саймандардың сапалы жүмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық талап-арыздарды бірінші меншік иесіне қоюына уәкілдік береді.

Алайда лизинг шартын тапсырыс шартымен салыстыра отырып, лизингтің негізгі мақсатын көрмей қалуға болады: құрал-саймандарды уақытша пайдалану және соңынан оларды өзінің меншігіне алу мүмкіндігі. Осы екі шартқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін шендестіре отырып, олардың арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды анықтауға болады.

Құрал-саймандар лизинг компаниясының атына алынады, оның сатып алушысы болғандықтан бұл табиғи нәрсе. Алайда тапсырыс теориясы тұрғысынан келсек ол пайдаланушының атына алынуы керек еді, өйткені ол тапсырыс береді және сенімді уәкілі ретінде көрінеді. Бүдан басқа пайдаланушы лизинг компаниясына құрал-саймандарды сатып алумен байланысты шығындардың орнын толтырмайды.

Date: 2015-08-06; view: 677; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию