Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лизингтің пайда болу тарихы: ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілері





 

Лизинг түзілімі (терминал тобымен бірге) алдымен Еуропаға, соңынан АҚШ арқылы бүкіл әлемге тарады. Бұл терминнің түбірі шетелдік болғандықтан оны қолдануда көптеген қиындықтар туындайды.

Лизинг термині ағылшынның «to lease» етістігінен шыққан, "жалға алу", "арендаға алу" мағынасын береді. Ағылшындардың заң тілінде "leasing» сөзімен мүлікті арендаға беру және лизингтің өзі аренданың бір түрі ретінде қолданылады. Нақ осы кейінгісі әлемде кеңірек пайдаланылып отыр. [2.19; с. 55-56]

Жекелеген ұлттық заң актілерінде лизинг қатынастарына өзіндік сипаттама беруге талпыныстар болды. Мәселен, Бельгия королінің қаулысында "Жалға алу — қаржыландыру шарты" және "арендаға тапсыру" деген үғымдар енгізілді.

19-ғасырдың басында Англияда өнеркәсіптің дамуымен, құрал-жабдықтардың әртүрлі түрлерін өндіруді үлғайтумен лизингке берілетін товарлардың саны өсті. Бүл жерде теміржол көлігі және таскөмір өнеркәсібінің дамуы жетекші рөл атқарды. Таскөмір орындарының меншік иелері бастапқыда көмір тасымалдау үшін вагондар сатып алды, алайда, көп үзамай оны алудың зиян шектіретіні айқындалып қалды. Көмір өндіру ұлғая түсті, жаңа шахталар ашылып жатты. Вагондар барған сайын көптеп керек болды. Шағын кәсіпорындар осы жағдайды пайдаланып өздерінің капиталдарынан пайда түсіруге ұмтылды. Олар көмір үшін теміржол вагондарын сатып алып, оларды лизингке берді. Тек теміржол вагондары лизингін мақсат тұтқан компаниялар да пайда болды. Келісім-шарт жасағанда олар лизинг мерзімі біткеннен кейін пайдаланушыға сатып алу құқын енгізді. Мұндай келісімдер аренда, сату шарты деп аталды.

Англиядағы сияқты АҚШ-та да лизинг теміржол көлігі саласында дамыды. Америка лизингінің атасы болып Генри Шонфельд саналады, ол 1952 жылы бір нақты келісім үшін компания ұйымдастырды.

 

Бұл форманың көптеген мүмкіндіктерін түсіне білген ол кейін есімі төрткүл дүниеге өткен "United States Using Corp" лизинг компаниясын негіздеді.

Лизинг терминінің алғашқы ресми қолданылуы 1877 жылдан белгілі, "Бел Экл" телефон компаниясы өздерінің телефон аппараттарын сатпай арендаға беру жөнінде шешім шығарған еді, яғни, олар арендалық төлем негізінде байланыс жабдықтарын тұнтынушылардың үйлеріне және офистеріне орнатып берді. Бұл операция тек қана байланыстың дамуына ықпал етіп қойған жоқ.

Сол кездегі уақытпен осынау тар салалы пайда алуға қызығушылық білдірген жаңа техника өндірушілер жаңа машиналарға енгізілген өз меншіктерін құрайтын технологияларын құрауға мүдделі еді. Сондықтан да олардың көбісі құрал-жабдықтарды арендаға беруді жоғары бағалады. Бұл қарапайым ғана сатудан гөрі "ноу-хауды" пайдалануда монополиялық құқық беретін еді. Бел компаниясы сияқты құрал-жабдықтар өндіретін Huqhes компаниясы өздері шығаратын 11 жақты бұрғыларына аренда жағдайында бағаларына бақылау жасауды сақтап қалды. Аяқ киім шығаруға құрал-жабдықтар дайындайтын «U. S. Shoe Machenery" компаниясы клиенттерімен тек қана өз өнімдерін пайдалану жөнінде келісім-шарт жасады. АҚШ-тың монополияға қарсы федералдық заңдылығы бұл практикаға тосқауыл қойып, дайындаушы-лардан құрал-жабдықтарды еркін сатуға қоюды талап етті.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ үкіметі есепке алынған рентабельділік деп аталатын контрактіні белсенді пайдаланды (cost plus contracts). Бұл арендалық бизнесті дамытудағы шешуші қадам болды, өйткені, үкіметтік мердігерлердің көптеген контрактілеріне пайдалану қарым-қатынасы бойынша кіріс деңгейін анықтауды белгілеуге мүмкіндік берілді. Бүл мердігерлер өздерінің товарларының немесе көрсететін қызметінің үкіметке қажет екенін жақсы түсінді, оның соғысқа байланысты уақытша екендігін де есепке алды, ол біткеннен кейін де контрактілердің сол күйінде өзгеріссіз қалатынына сенді. Сөйтіп, өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер үкіметтің нақты жобасы бойынша шығарған өнімдерінің орнын толтыруға үлгермеуімен бетпе-бет келді. Оның үстіне, шектеулі станоктар мен машиналар бейбітшілік уақытта шектеулі рыноктық құнға ие болуы мүмкін еді.

Үкіметтік мердігерлер белгілі бір уақытқа өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды арендаға берілуімен байланысты белгілі бір тәуекелге барып отырғандарын жақсы сезінді. Арнайы көптеген машиналар және тетіктер қажет болған жағдайда үкіметтің өзі мердігерлер алдында аренда беруші ролінде қалатын еді. Сонымен қатар, транспорт көліктерімен байланысты лизинг бизнесінің масштабы да қарқын ала бастады. 30-жылдары Генри Форд аренданы өзінің автокөліктерін өткізу үшін пайдаланды.

КСРО-да лизинг ұғымымен II дүниежүзілік соғыста танысуға тура келді. 1941-1945 жылдары Лентлиз бағдарламасымен американдық техникалар келе бастады.

50-жылдардың аяғында лизинг компаниялар өздерінің назарын шетелдік компанияларға тікті. 1959 жылы "United States Using Corp" Ка-

надада өз филиалын ашты, сөйтіп бір елдегі лизинг компаниясы ұлтаралық компанияға айналды.

АҚШ-тың коммерциялық банктері лизинг операцияларына 1960 жылдардан бастап қатыса бастады. Лизингтік бизнестің кең құлашты дамуына федералдық қор жүйесі басқарушыларының 1971 жылы шығарған шешімі барынша ықпал жасады, енді банктер арендаға құрал-жабдықтар тапсыру, соңынан жылжымайтын мүліктерді беру құқына ие болды.

Date: 2015-08-06; view: 722; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию