Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лизинг шартын шет мемлекеттерде пайдалану





 

Батыс Еуропа елдеріндегі лизинг жағдайы "Lesaeurope" лизинг компаниясының еуропалық федерация қауымдастығының жыл сайынғы есептерінде беріліп отырады. Ресейдің лизинг қауымдастығы да аталған халықаралық ұйымға кіреді. Лизингке алынған құрал-саймандардың ба-сым көлемі Алманияның, Ұлыбританияның және Францияның үлесіне тиеді. Құрал-саймандардың құрылымына келсек, оның 38,7 проценті автокөлікке, 24,4 проценті машиналарға және өнеркәсіптік құрал-сай-мандарға, 13,9 проценті компьютерлерге және офистік құрал-сайманда-рға, 13,8 проценті транспорт құрал-жабдықтарына тиесілі. [2.19; с. 160]

Құқықтың ағылшын-саксон жүйесіне тән ерекшеліктің фактісін мынадан көруге болады: кез-келген келісім-шарттың құрамдас бөлігі ретінде ағылшын-американдық құқықтың арнайы институты кіреді. Егер контрактіде басқалай мәселелер көзделмеген болса соттар тараптардың еркін айқындауда пайдаланады. Лизинг келісім-шарты да осыған бағын-дырылған. 1982 жылдан бері товар қоюда және қызмет көрсетудің ағыл-шын заңдылығында жалдау келісім-шартының құрамдас бөлігіне аталған жағдайлар енгізілген. Ағылшын заңдылығында лизинг келісім-шартында ұстауға тәуелді деп аталатын қатынастар тобы қаралған. Мұнда лизинг шарты сатып алу-сату келісім-шартына ұласа алмайды, оған лизинг келісім-шарты және аренда-сату келісім-шарты арасындағы айырмашылықты сақтау үшін сатып алуга опцион еш уақытта енгізілмейді. Англиядағы лизинг шарты көп жағдайда арнайы аренда деп танылады (арнайы деп аталатын себебі, Англияда лизинг шарты әдепкі аренданың келісім-шартының түріне жатқызылмайды).

Өзінен өзі түсінілетін жағдайға мыналар жатады:

1. Пайдалануға мүлік беруші тұлға пайдалану құқын үстау тәуелділігі мерзіміне бере алатын жағдайы;

2. Мүлікті пайдаланушының шарттың барлық мерзімде толық иелік ету жағдайы;

3. Мүліктің келісім-шарт нысаны бола тұрып, сапа талаптарына жауап беру жағдайы;

4. Мүліктің белгілі бір арнайы мақсатқа жарайтындық жағдайы (егер пайдаланушы келісім кезінде ол жөнінде екінші тарапқа хабарламаса).

АҚШ-та американдық лизинг компанияларының айтарлықтай бөлігі ірі құрал-саймандар өндірушілері арқылы негізделген.

Лизинг компанияларының тағы бір бөлігін ірі коммерциялық банктер ұйымдастырған. Мұндай компаниялардың қызмет көрсету саласы аймақтық банктің ықпалы жүретін аудандармен сәйкес келеді. Америка заңдылығы коммерциялық банктерге белгілі бір қаржы қызметін көрсетуте тыйым салумен ереушеленеді. Лизинг компаниялары банктерден оқшауланған. Бұдан басқа Американың тіпті, ірі сақтандыру компаниялары да лизинг саласын аттап өте алмайды. АҚШ салық заңдылығының бір ерекшелігі — жеке тұлғаларға өз кірістерін құрал-саймандар сатып алуға және оны лизингке беруге итермелейді.[2.22; с. 42]

Қытай Халық Республикасында 1979 жылдан бері халықаралық бірлескен кәсіпорнына рұқсат беретін заңдылық қабылданды. Мәміленің негізгі бөлігі бір жылдан бес жылға дейін жасалатын қаржы лизингінің еншісіне тиеді. Лизингтің орташа мерзімі 2-3 жыл. Пайдаланушылар құрал-жабдық лизингінің қысқа мерзіміне артықшылық береді, өйткені ол процент төлеуде артық шығынға жол бермейді. Әдетте мұндай төлемдер тоқсанына бір рет немесе одан ұзақ мерзімде жасалады. Контракт мерзімі біткеннен кейін пайдаланушы құрал-саймандарды қалдық құны бойынша сатып ала алады. Контрактілер әдетте банктердің гарантымен бекітіледі.

ҚХР-дағы фабрикалар мен заводтардың айтарлықтай бөлігі ескірген, сондықтан құрал-саймандардың қаржы лизингінің дамуына кең жол ашылып отыр. Оңтүстік Кореяда лизингті қолдау жөнінде заң қабылданғаннан кейін жасалған контрактілердің көлемі екі есе өсті. Оңтүстік Кореяда барлығы лизингтің 14 субъектісі бар: 8 маманданды-рылған компания және 6 сауда банкі.

Бұл елдің заңдылығы лизинг компанияларын құру жағдайын, оның қызмет саласын, лизингке берілетін құрал-сайман түрлерін регламенттейді. Егер құрал-саймандарды пайдаланудың мерзімі 5 жылдан аспаса, онда лизинг шартының мерзімі кем легенде құрал-саймандардың пайдалану мерзімінің 70 процентін құрауы керек. Егер пайдалану мерзімі 5 жыл және одан жоғары болса, онда лизинг мерзімі құрал-саймандардың пайдалану мерзімінің кем дегенде 60 процентін құрауы керек. Сатып алу құқы міндетті емес, алайда пайдаланушыға берілуі мүмкін.

Оңтүстік Корея үкіметінің негізгі экономикалық міндеттерінің бірі шағын және орташа кәсіпорындар қызметін ынталандыру болып табылады. Сондықтан, мамандандырылған лизинг компанияларының лизинг операциялар көлемінің кем дегенде 35 процентін шағын және орташа кәсіпорындарға бөлуді міндеттейді.

Алманияда қазіргі уақытта көптеген лизинг компаниялары жұмыс істейді, олардың 57-і неміс лизинг қауымдастығының құрамына енеді. Лизингтік мәмілеге салық салудың ережесі федералдық қаржы министрінің 19.04.1971 жыл және 22.12.1975 жылғы хаттарында көрсетілген. Белгіленген нормаға сәйкес лизинг контрактілері бірқатар жеңілдетілген салықты пайдалануга мүмкіндік береді.

Бұл елдегі лизинг саласында жүмыс істеп жатқан жетекші орындагы екі компанияны атауға болады: "Митфинанц Гмбх" және "Гефа-лизинг Гмбх". "Митфинанц Гмбх" 1962 жылы негізделді. Алманияда бірінші құрылған осы лизинг компаниясының жарғылық капиталы 1 млн. неміс маркасын құрады. Қазіргі уақытта оның 6 еншілес компаниясы бар. "Гефа-лизинг Гмбх" компаниясын 1968 жылы "Гефа" тобы негіздеді. Өткен аралық ішінде фирма өз клиенттеріне жалпы қүны 3 млрд, неміс маркасын құрайтын құрал-саймандарды арендаға берді.

Австрияда лизинг нысанының қызмет көрсетуінің экономикалық мұратына сәйкес аренданың орташа мерзімі 2 жылдан 15 жыл аралығындағы мерзімді құрайды. Сатып алу опционына және үзартуға жол берілмейді, контракт мерзімі біткенне кейін арендатор лизинг нысанасын қалған уақытта пайдалануға немесе сатып алуға жаңа контракт жасай алады.

Алманиядағы сияқты Австрияда лизингті дамытудың негізі жалдау жөніндегі заң болды. Лизингтің Австрияда дамуы ширек ғасыр уақытты қамтиды. Лизингке тіпті, балабақшалар мен мектептер де беріледі. 1984 жылы қабылданған заң бойынша салық жеңілдігін алу үшін лизинг бой-ынша келісім-шарт мерзімінің құрал-саймандарды пайдалануда лизинг нысаны дербес болуы керек.

Жетекші лизинг фирмасы "Райфайзен лизинг" деп аталады, Оның капиталына "Донау банк" қатысады. Италияда алғашқы лизинг компаниясы 1963 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта Итальян лизинг қауымдастыгы он нда 50 компания бар.

Ең ірі итальян лизинг тобы (компаниясы) "Локафит" болып табылады, ол лизингке жүмысшы құралдарын, жер қазу машиналарын, ауылшаруашылығы техникаларын, офистер үшін жабдықтар, компьютерлер, жылжымайтын мүліктер, транспорт (автокөлік, ұшақ, кеме және т.б.) береді.

Құрылтайшылардың бірі — "Банк Насиональ де Лаворо". Бұл топ Алмания, Франция, АҚШ, Испания, Қытаймен бірлескен фирмаларды негіздеді, Венгриямен және Югославиямен операциялар жүргізеді.

Нарықтық экономика елдеріндегі лизингтің орасан артықшылығы оның шапшаң дамуына әкеліп соқты. Оның салдары ретінде лизинг халықаралық деңгейге шықты, енді лизингті халықаралық деңгейде реттеудің қажеттігі туды. Бүл міндетті жеке қүқықтың Халықаралық үйлестіру институты шешуі керек болды (UNTOROIT).

1974 жылдан осы институт шеңберінде халықаралық лизинг бойынша ережені үйлестірудің тобы құрылды. Екі принципті мәселені шешу керек еді: халықаралық лизингке қандай мәміле жатады және қандай мәмілелер халықаралық - құқықтық актілермен реттеледі.

Жоба авторлары бұл мәселеге лизингті дербес қүқықтық институт тұрғысынан келді, сондықтан лизинг үш тарапты мәміле сипатын алады.

1980 жылдың өзінде-ақ жұмысшы тобы аталған мәселелерге жауап бере алды. Анықтаушы сапасына лизинг берушінің және пайдаланушының кәсіпорындарының орналасқан жерін алу туралы шешім қабылданды. Құрал-саймандарды қоюшының орналасқан жері екінші дәрежелі фактор ретінде алынды, өйткені жүмысшы тобы мүшелерінің көзқарасынша лизингтің негізін лизинг алушы мен пайдаланушының арасындағы шарт құрайды. Демек, лизинг беруші мен пайдаланушының кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқанымен халықаралық деп танылды.

Оның жұмысына лизинг компанияларының өкілдері, оның ішінде Еуропа лизинг компаниялары қауымдастығының өкілдері тартылды.

Әлемнің бірқатар мемлекеттерінде бірнеше симпозиум өтті, оның жұмысына ғылыми институттар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, үкімет сарапшылары тартылды.

Атқарған жүмысының нәтижесінде 1988 жылы Оттавада дипломатиялық конференция өтті. Оның жұмысына 55 мемлекет, оның ішінде КСРО қатысты, конференцияда халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенция қабылданды. [2.42;] Ресей федерациясы бұл конвенцияға 1998 жылы қосылды.

Конвенцияның заңдық құрылымдарын мыналар айқындайды:

Біріншіден, барлық мәміленің жетекші орны бастамашыл ретінде пайдаланушыға беріледі: ол құрал-саймандарды, оны қоюшыны таңдайды және меншік иесі бола тұрмай іс жүзінде оның барлық тәуекелге барушылығын өз мойнына алады. Сөйтіп, арендатор мәміледе белсенді жақ болып табылады. Керісінше, аренда беруші іс жүзінде осы аяда ғана жауапкершілікті мойнына алатын мәмілені қаржыландыратын енжар тарап болып қалады.

Екіншіден, лизингтің келісім-шарт мерзімі лизинг берушіге өзінің құрал-сайманға салған күрделі қаржысын қайтарып алуға мүмкіндік беруі керек, басқаша айтқанда лизинг келісім-шартының мерзімі құрал-сайман амортизациясының мерзімімен шамалас болуы қажет. Конвенция мәтінінің авторлары әртүрлі елдердегі қолданылып жүрген заңдылықтарды есепке алды, сондықтан ы дайындау ұзақ мерзімді алды. Осыған байланысты мәтінде әртүрлі құқық жүйелеріндегі кездесетін терминдер ұшырасады.

Конвенция преамбуладан және 25 баптан тұрады. Преамбулада аталмыш конвенцияның мақсаты дәйектелген. Преамбулада біртұтас нормаларды енгізудің қажеттілігі айтылған. Преамбулада аренданың дәстүрлі келісім-шартын реттейтін нормаларға бейімдеу туралы, үштарапты дербес қатынасқа көшу туралы айтылады.

Конвенция келісім-шарттың екі түрі — сату және лизинг арасындағы тығыз байланысты бекіте түседі: Пайдаланушы бірінші мәміленің шартын қолдауға тиіс, қоюшы екінші мәміленің барлығы немесе оны жасау жөніндегі ниеттен хабардар болуы тиіс.

Конвенцияда оның кеңістіктегі іс-қимылы айқындалған. Лизингке кем дегенде үш ұйым қатысады. Лизингтің халықаралық сипатын анықтауда алғашқы көзқарастың маңызы зор. Келісімнің халықаралық сипатын анықтауда келісуші үш тараптың немесе тек екеуінің орналасқан жерін анықтау, оның ішінде сатып алу-сату және лизинг келісімін жасаушы тараптарды есепке алу керек. Халықаралық келісім сипатын анықтаудағы анықтаушы сапасында лизинг шартына қатысушы тараптардың орналасқан жерін алу шешілген. Сөйтіп, қоюшы лизинг беруші немесе пайдаланушы орналасқан екі мемлекеттің біреуінде, немесе үшіншісінде болуы мүмкін, ең маңыздысы бұл мемлекеттер конвенцияға қатысушы болуы керек, өйткені құрал-сайман қою келісімі келісімге отыратын мемлекеттердің заңдылықтарымен реттелуі керек.

 

Date: 2015-08-06; view: 623; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию