Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лизинг шартының түсінігі





Лизинг, шарт ретінде ҚР-ның азаматтық заңдылықтарында жаңалық болып саналады. Нарықтық қатынастардың дамуы шағын және орта бизнес үшін инвестициялардың қажеттілігі лизингтің ҚР-ның Азаматтық кодексінде тұрақты түрде заңдылық жағынан бекітілуіне және “Лизинг туралы” ҚР заңының қабылдануына шынайы негіз болып қызметтер етті. Лизинг тек Қазақстан үшін ғана емес, шет елде де кәсіпкерлік қызметтің барынша жас түрі болып саналады. 50-ші жылдардың басында АҚШ-да болған лизинг, жарты ғасыр мерзім ішінде барлық әлемге кең түрде таралды. Мысалы үшін, қазіргі уақытта АҚШ-да жартысына жуық несиелер осы лизинг арқылы жүреді.

Бұрынғы қолданылып келген бірде-бір нормативтік актілерде жалпы алғанда мүлікті жалдау шартының түрі ретінде лизингтің нақты анықтамасы болған жоқ. Лизингтің нақты анықтамасы 1999ж. шілдесінде ҚР-ның Азаматтық кодексі күшіне енгеннен кейін және 2000ж. шілдесінде қабылданған ҚР-ның “Қаржы лизингі туралы” заңынан көрініс тапты. ҚР Азаматтық кодексінің 565 бабына және “Қаржы лизингі туралы” заңның 15 бабына сәйкес “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді”. [1.3;]

Бұл анықтамада лизинг шартының төмендегі белгілері бекітілген:

1. лизинг беруші де қаржыландыру мақсатында, яғни, лизинг келісім-шартына ақшалай қаражаттары мен мүлкін салу мақсатында соңынан лизингке берілетін, ал лизингтік төлемнің өз мәнінде салынған капиталдан кіріс түрінде қайтатын мүмкіндігінің болуы. Лизингке берілетін мүліктің лизинг берушіге қажеттілігі жоқ және кейінгісі оны одан кіріс табу мақсатында сатып алады. Бұл жерде несие беруші ретінде лизинг берушінің мүддесі өзіндегі мүліктің меншігімен қамтамасыз етіледі, лизинг міндеттемелерін орындамаған жағдайда талап-арыз қоюдың қажеттігі де болмайды. Бұл жерде мүлікті қайтаруды талап етсе де жеткілікті;

2. лизингке берілетін лизинг берушінің алған мүлкі лизинг шарты жасалғаннан кейін лизинг алушының таңдауы бойынша кейінгінің көрсетуімен сатушы таңдалады. Бұл жағдайда лизинг беруші лизинг нысанын және сатушыны таңдау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Алайда лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдауды лизинг берушінің жүзеге асыруының қарастырылуы мүмкін. Тіпті осы жағдайдың өзінде шартқа енгізілгеніменен лизингтік шарт жасалғаннан кейінгі лизинг берушінің мүлікті сатып алу тәрізді лизинг белгісі сақталады;

3. Лизинг алушының өзіне берілген лизинг мүлкін кәсіпкерлік мақсатқа пайдалануы. Бұл лизинг шарты бойынша әр уақытта коммерциялық ұйымдардың немесе жеке кәсіпкерлердің лизинг алушы болуы шарт деген сөз емес. Коммерциялық емес ұйымдарға рұқсат берілген кәсіпкерлік қызмет аясында олар лизинг шарты бойынша лизинг алушы бола алады;

4. Лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушының иелігіне және пайдалануына беру. Мүлікті лизинг алушының жай ғана пайдалануына беру жеткіліксіз. [1.5; с. 250-255]

Лизинг шартының анықтамасы негізіне 28.05.88ж. Оттава қаласында қабылданған “Халықаралық қаржылық лизинг туралы” Конвенциядағы лизинг түсінігі бекітілген. Осы халықаралық құжатта лизингқа үшжақты кешенді мүліктік қатынас ретіндегі көзқарас неғұрлым кең көрініс тапты. Лизинг компаниясы пайдаланушының өтініші мен көрсетуі бойынша жасаушыдан құрал-жабдықты кейін пайдалануға өткізуі үшін сатып алады.

Кешен құрамына екі шарт кіреді:

1. Сатып алу – сату шарты (құрал-жабдықты сатып алу үшін лизинг компаниясы мен жасаушының арасындағы, бұл жерде жасаушы - сатушы, ал лизинг компаниясы – сатып алушы);

2. Лизинг шарты (лизинг компаниясы мен лизинг алушы арасындағы, яғни бірінші екіншіге уақытша пайдалануға осы мақсат үшін сатып алынған құрал-жабдық береді).

Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвеция, қаржы лизингі

үшін классикалық машиналар, құрал-жабдықтар және олардан басқа кез-келген тұтынылмайтын заттарды тізімге алады. Сонымен қатар лизингтің нысанасы болып құнды қағаздар мен табиғи ресурстар табылмайтыны орнатылған.

Лизинг шартының мынадай елеулі талаптары болуы тиіс:

1. шарттың нысаны;

2. сатушыны кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы;

3. лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі;

4. лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі;

5. лизинг нысанасының құны;

6. шарттың қолданылу мерзімі;

7. егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;

8. лизинг нысанасының сипаттамасы;

9. лизинг нысанасын күтіп ұстау мен жөндеу тәртібі;

10. лизинг нысанасын сақтандыру;

11. лизинг берушінің атына лизинг нысанасын мемлекеттік тіркеу міндеттерін тараптардың біреуіне жүктеу;

12. лизинг алушының лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

13. тараптардың жауапкершілігі.

Осы тараптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған

болып саналады. Тараптардың келісімі бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгізілуі мүмкін.

 

Date: 2015-08-06; view: 1491; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию