Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лизинг шартының элементтері және мазмұны





 

Лизинг шарты консенсуалды, ақылы, өзара болып табылады.

Лизинг шартының мәнді белгісі болып оның жазбаша түрде жасалуы саналады. Егер лизинг шартының жазбаша түрде жасалуы сақталмаса ол жарамсыз деп саналады (ҚР “Қаржы лизингі туралы” заңының 15 бабы).

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты тараптар белгілеген мерзімге жасалады. Бұл орайда лизинг шартының мерзімі лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігі амортизациясының мерзімінен кем болмауға тиіс. Егер заңдарда немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, лизинг шарты оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Лизинг шарты тараптар өздерінің барлық міндеттемелерін орындап болған кезден бастап, сондай-ақ заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өзінің күшін жояды.

Лизинг төлемдері – лизинг шартын жасаған кездегі баға бойынша және лизинг шарты қолданылатын мерзім бойына жүзеге асырылатын лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігінің өтелуін (амортизациясын) ескере отырып есептелуге тиіс мерзімдік төлемдер, оған мыналар енеді:

1. лизинг шартына сәйкес лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткізіп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшін оны жұмыс істейтін күйге келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

2. лизинг бойынша сыйақы.

Шартта немесе ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларда лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

Лизинг шарты мынадай жағдайларда:

1. егер лизинг алушы лизинг нысанасын елеулі түрде нашарлатса;

2. егер лизинг алушы лизинг берушінің мұндай әрекеттерді тоқтатуы туралы жазбаша ескертуіне қарамастан лизинг нысанасын лизинг шартының ережелерін немесе лизинг нысанасының мақсатын бұза отырып пайдаланатын болса;

3. егер лизинг алушы төлемнің шартта белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін қатарынан екі немесе одан да көп рет лизинг шарты бойынша төлем жасамаса, лизинг берушінің талап етуі бойынша бұзылуы, ал лизинг нысанасы лизинг алушының есебінен лизинг берушіге қай тарылуы мүмкін.

Мынадай жағдайларда:

1. егер лизинг беруші шарттың ережелеріне сәйкес лизинг нысанасын бермесе немесе лизинг нысанасын пайдалануға кедергі жасайтын болса;

2. егер берілген лизинг нысанасында оны пайдалануға кедергі келтіретін, лизинг шартында ескертілмеген кемшіліктері болса;

3. егер лизинг беруші лизинг нысанасын жеткізіп беру мерзімін бұзса, лизинг алушының талап етуі бойынша лизинг шарты бұзылуы, ал лизинг нысанасы лизинг берушінің есебінен оған қайтарылуы мүмкін.

Заң тұрғысынан келгенде лизинг шартына үш тұлға қатысады: Мүлік сатушы (дайындаушы), оны тұтынушы — лизинг беруші және арендатор — лизинг алушы. Лизинг беруші ретінде ұйымдар, әсіресе, көбірек көрінетіні лизинг компаниялары. ҚР "Қаржы лизингі туралы" Заңында мына субъектілерді ерекшелейді:

Лизинг беруші — тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне (шартына) қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде лизинг мәмілесінің басқа қатысушы ретінде іс-қимыл жасауға құқы жоқ;

Лизинг алушы — лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттары үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәселесіне қатысушы;

Сатушы (қоюшы) — лизинг нысанасын сатып алу— сату шарты және (немесе) лизинг шарты талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. [1.3;]

Мәмілеге қатысушы лизинг берушінің ролі мынадай:

— лизинг компаниясы лизинг алушының келісімін ала отырып, ағымдық рыноктық деңгейге сәйкес бағаның сай келуін тексереді;

— лизинг беруші лизинг алушыға қажетті мүлікті сатушыдан немесе өндірушіден сатып алу және сату келісім-шарты негізінде лизинг компаниясының меншігіне сатып алады;

— сатып алынған мүлікті лизинг мәмілесі шартында айтылғандай лизинг алушыға уақытша пайдалануына береді.

Бүл тәмсілдің артықшылығы айқын көрінеді: пайдаланушы қымбат мүліктерді сатып алу үшін қосымша мүмкіндіктер алады, әдетте мұндай жағдайда пайдаланушыға жөндеу жұмыстары үшін қызметкерлер жалдаудың қажеттігі туындамайды, күрделі технологиялық құрал-саймандар дайындаушының жоғары білікті мамандары қызмет көрсетеді; дайындаушы фирма құрал-саймандардың өндірістік және конструкторлық ақаулықтарын жедел анықтауға және оны жоюға мүмкіндік алып, құрал-саймандардың сапасын және бәсекелестігін көтере алады. Алайда кейін дербес лизинг компанияларының саны өсе түсті.Қайсыбір авторлар лизинг берушімен, лизинг алушымен және мүлікті лизинг субъектісі сапасында қоюшымен қатар лизингтік мүлікті сатып алуды және оны сақтандыруды қаржыландыруға қатысатын кредиторлар мен сақтандырушыларды да лизинг субъектісінің қатарына қосады. Қарсы пікір айтушылар лизинг субъектісі болуы мүмкін гаранттар, сақтандырушылар, инвесторларды жоғарыдағы тізбеге қосуды жақта-майды, өйткені лизингтік қатынастарды сипаттайтын атрибуты болып табылмайды. Олардың пікірінше сақтандырушы және гарант туралы мәліметті ҚР Азаматтық кодексінің тиісті тарауларынан табуға болады ("Сақтандыру" тарауы, "Орындау міндеттемесін қамтамасыз ету" тараулары) және басқа да арнайы заңдылықтарда көрініс тапқан.

Осының дұрысы бірінші жағдай болса керек. Шынында да кредиторлар мен сақтандырушылар лизингтік мүліктермен қатысты мәмілеге барлық уақытта қатыса бермейді. Алайда бұл мәселеде Ресейдегі лизингтік қызметтің қазіргі жағдайын естен шығаруға болмайды. Оның шындыгы мынадай, лизинг компанияларының санаулылары ғана өз қаржыларын пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр, лизинг алушының тапсырысы бойынша қүрал-сайман алатын бүл қаржының өзі мардымсыз деңгейде. Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру барысында айқындаушы ролді банктер алады. Жұмыс істеп жатқан компаниялардың банктер жанынан құрылуы тегін болмаса керек. Бірқатар лизинг компаниялары ("Индустрия—М.", "Интерлизинг", "Красная ворота", "Интерпром-лизинг", Тосинкор-лизинг", "ММБ — лизинг" және басқалары) лизинг мәмілелерінің әрбірі бойынша құрылтайшы банктің мамандары шұғылданады.

Лизинг шартының мазмұны әдеттегі аренда шартының мазмұнынан ерекшеленеді, бұл ең алдымен лизинг берушінің барлық міндеттемелеріне қатысты.

 

 

 

Date: 2015-08-06; view: 1022; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию