Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Плазмоферез жасалынады





Гиперкоагуляциямен күресу мақсатымен гепаринді 5000 Б күніне 4 реттен 30-45 күн енгізеді және антиагреганттарды қолданады. Қажеттілігіне қарай осылармен бірге гипотензиялық дәрмектер, жүрек гликозиттері, холинолитиктер.

Бейспецификалық аортоартерит (Такаясу ауруы): Аортаның және оның негізгі тармақтарының гранулемалық қабынуы. Өте сирек кездесетін ауру. Көбінесе 40-50 жетпеген жас және орта жастағы әйелдер шалдығады. Жапон офтальмологы Микито Такаясу 1908 жылы жас әйелдің көз түбі тамырларының ерекше өзгерістеріне назар аударған.

Бейспецификалық аортоартериттің диагностикалық критерилері:

Аурудың басталатын жасы <40: Аурудың алғашқы белгілерінің <40 жастан басталуы;

Артериялық гипертензия және АҚ ассиметриялығы: Қолдағы систолалық қысымның >10 мм. сын.бағ. айырмашылығы;

Иық артериясында пульсацияның төмендеуі және тамыр шуының естілуі: Иық артериясының біреуінде немесе екеуінде пульсацияның төмендеуі немесе иық, ұйқы. Бұғанаасты артериясының немесе құрсақтық аортаның проекциясынан тамыр шуының естілуі.

Абдоминальдық ишемия синдромы: Іштің тамақ ішкенен кейін жайылма ауруы некмесе өтуі;

Қолдардың ұстамалы ақсақтығы: Бір немесе екі қолдың ауырсынуы, бұлшықеттің әлсіздігі, дискомфорт сезіну;

Тамырлардың артериографиялық немесе доплерографиялық өзгерістері: Аортаның, магистральдік тамырлардың барлық бойының стенозы немесе окклюзиясы;

Ишемиялық энцефалопатия: Атеросклерозға немесе эссенциялық гипертензияға байланысы жоқ, тамырдың созылмалы шамасыздығынан ми тінінің органикалық бұзылысының біртіндеп меңдеуі;

Бейспецификалық аортоартериттің емнің негізгі мақсаттары тамыр қабырғасындағы жедел қабынуы басу, болуы мүмкін асқынуларды алдын алу және тамыр жетіспеушілігін компенсациялау. Сырқаттың емінде қолданылатын дәрі дәрмектер: преднизалон (1мг/кг/тәул есебімен 1ай), цитостатиктер (циклофосан, азатиоприн, метатрексат), стероидты емес қабынуға қарсы заттар, антиагреганттар және тамыр кеңітетін дәрмектер. Пульстерапия.Геморрагиялық васкулиттер ұсақ тамырларды зақымдайтын IgА иммундыкомплекстік васкулит. Ең жиі кездесетін жүйелік васкулиттердің бірі,онымен көбінесе 16-ға жетпегендер, кездесу жиілігі-100000 балаға шаққанда 13,5 шамасында. Ер балалар бұнымен 2 есе жиі ауырады.Геморрагиялық васкулит әртүрлі антигендердің вирустық, уытты, дәрмектік, криоглобулиндердің, т.б әсерінен дамитын ауру. Ауру алдында науқастардың 60-80%-ы жоғары тыныс жолдарының инфекциясы болып өтуі мүмкін. Васкулиттің дамуына әртүрлі инфекция-стрептококктық, микоплазмалық, иерсиниялық, легионеллалық, гепатит вирустары, Эпштейн-Барр вирусы ықпал етеді.

жүйелік васкулитваскулит кезіндегі науқас тері жабынының көрінісі

Геморрагиялық васкулиттің анықтау критерийлеры:

Басталу шағы: 20-дан жас шақта басталуы;

Қолға сезілетін пурпура: Тромбоцитопенияға қатысы жоқ, томпақтау, қолмен сезілетін геморрагиялық бөртпелер;

Гематурия: Урологтиялық ауруларға қатысы жоқ макро немесе микрогематурия (зәрмен бірге қанды бөліністер);

Полиартралгия: Ең кемінде екі шеттік буындардың, қабынудың объективті белгілерінсіз ауырсынуы;

Ішектің қыспасы: Іштің тұтас ауыруы, тамақ ішкеннен кейін күшейетін және іштің қанмен өтуі;

Өршу кезеңінде ем ауруханада жүргізіледі, бөртпелер толық жойылғанға дейін төсек тәртібінде болуы тиіс. №10 емдәм тағайындалады.

Геморрагиялық васкулиттің ең басты емі гепаринотерапия. Гепариннің алғашқы дозасы 300-400 б/кг/тәул. Оны тең дозада бөліп 6сағат сайын вена ішіне ұзақ тамшылатып немесе құрғақ терісінің астына, тромбин уақытын немесе антикоагулянттық тестті бақылау үстінде енгізеді. Антитромбин III тапшылығында оның мөлшерін толықтыру мақсатымен жаңа тоңазытылған плазманы (300-400 мл) енгізеді.

Қабынуды басу үшін стероидты ем қабынуға қарсы дәрмектерді вольтаренді, индометацинді қолданады.

Дерт рецидиві барысында цитостатиктерді қолданады. Ем нәтижесі шамалы болса немесе аурудың созылмалы барысында немесе криоглобулинемия болса, онда плазмафарез жасалынады.(800 mл-ден күн сайын немесе күн ара)







Date: 2015-08-06; view: 626; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию