Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Диагностика
Дәрігерлердің жан-жақты сұрауы мен қан зерттеуі үлкен рөл атқарады. Арнайы диагностика сынамасы жоқ. Бетке, мұрын үстіне көбелек тәріздес қызыл бөртпенің шығуынан білінеді. Қан талдаулары арқылы қабынулар мен белгілі бір антиденелерді анықтауға болады. Ерекше өзгерістер: эритроциттердің шөгу жылдамдығы, С-реактивті белогы, антинуклеарлы фактора. Қан жасушаларының (қанның қызыл түйіршіктері және гемоглобина – қан аздық, лейкоциттер– лейкопения, яғни қанның ақ түйіршіктерінің азаюы, тромбоциттер — тромбоцитопения, яғни қанда тромбоциттердің азаюы) санының азаюы жиі білінеді. Бүйректің зақымдалуы адам денсаулығы мен өмірі үшін өте қауіпті. Сондықтан бүйрек қызметін міндетті түрде тексеру қажет, яғни несеп талдаулары жасалады, қан сарысуларында креатинин деңгейі анықталады. Сондай-ақ Антиденелерді тексеру, ДНК-ға, анти- Ro (анти-ро) және анти- La(анти-ля) антидене, Sm – тегіжатқа антидене. Дене мүшелерін зақымдағанын нақты анықтау үшін бүйрек, теріден биопсия алынуы мүмкін. Бұдан өзге де ағза мүшелері мен тіндерді қаншалықта зақымдағанын білу мақсатында түрлі анализдер алынып, тексерулер жасалады. Емдеу: Глюкокортикостероидтар (преднизолон және т.б.) Цитостатикалық иммунодепрессанттар (азатиоприн, циклофосфан немесе т.б.) Тежегіш немесе ауруды тоқтататын препараттар ФНО-α (Инфликсимаб, Адалимумаб, Этанерцепт) Экстракорпоральды уытсыздандыру (плазмаферез, яғни қандағы уытты жою, гемосорбция, криоплазмосорбция) Глюкокортикостероидтер немесе цитостатиктердің жоғары мөлшерімен пульс-терапия Нестероидты қабынуға қарсы препараттар Симптомдық емдеу(калий препараттары, транквилизаторлар, несеп айдағыш, гипотензивті дәрілер, анаболиктік стероидтар) Жүйелі қызыл жегіні емдеу хал-ахуал мен көңіл-күйді жақсартуға ықпал етіп, ішкі ағза мүшелерін зақымдаудың алдын алады, зақым келген жағдайда оның дамуын кешеуілдетеді немесе түбегейлі тоқтатады. Ең бастысы тікелей күн сәулесінен қорғану қажет. Сондықтан күннен жақсы қорғайтын кремдер жағу қажет әрі күн көзінде ұзақ уақыт жүрмеуге тырысу керек. Дерт дендей бастаса, денеге түсетін ауыртпалықтан қашыңыз, ал аурудың беті қайта бастаса дене белсенділігі қалыпты көрініс болып қалады. Инфекция жұқтырудан, екпеден абай болу керек. Сонымен қатар, жақпайтын түрлі биологиялық белсенді қоспаларды ішпеңіз. Қызыл жегіге шалдыққан науқастарға климаттық ем, сумен емдеу және ультра-күлгін сәулесін қолдануға болмайды. Өйткені олар ауруды одан әрі асқындырып жіберуі мүмкін. Қабынуға қарсы, глюкокортикоидты және цитостатикалық препараттарды тек дәрігерлер тағайындайды. Көп жағдайда бұл дәрілер ауру белгілері мен салдарын жоюға септік етеді. Десек те глюкокортикоидтердің жанама әсерлері өте қатты. Сондықтан оның мөлшерін, қанша уақыт ішетінін дәрігерлер әр науқасқа жеке-жеке жазып береді. Сонымен қатар, глюкокортикоидтардың мөлшерін азайту немесе тіпті арылу үшін әдетте иммуносупрессивті препараттар (гидроксихлорохиннен бастап циклофосфамиде дейін) тағайындалады. Емхана жағдайында денсаулықты демеп, ағзаға күш-қуат беретін, иммунитетті көтеретін дәрумендер беріледі. Әр науқасқа ем әр қалай жүргізіледі. Білікті дәрігерге қаралу әрі емді ерте бастау жүйелі қызыл жегінің жеуінен сақтайды. Жүйелік васкулит -тамырлардың жалпылама қабынуы мен некроздалуға және сол себептен түрлі ағзаларда ишемиялық бұзылыстарға алып келетін аурулар тобы. Ол калибрі әртүрлі веналар мен артерияларды зақымдайды.
Жүйелік васкулит жіктелуі: Біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратамыз.Васкулиттердің клиникалық көрінісі көбінесе зақымданған тамырлардың калибріне тәуелді. Васкулиттердің клиникасы әртүрлі болғанымен, олардың барлығына келесі сипаттамалар ортақ: Этиологиясының белгісіздігі Патогенезінің ұқсастығы Тамырлар қабырғасындағы қабыну процестері фибриноидтық некроз және плазмалық,лимфоидтық немесе алып жасушалық инфильтрация түрінде дамуы Иммундысупрессиялық дәрмектердің айқын емдік әсер етуі Аурудың өршуі мен ремиссиялары кезектесетін созылмалы барысы Біріншілік васкулит: А) Ірі тамырларды зақымдайтын: Алып жасушалық артерит (Хортонауруыменревматиздікполимегалия) Бейспецификалық аортоартерит (Такаясу ауруы) Орталық нерв жүйесінің жеке ангиниті Б) Орта калибрі тамырларды зақымдайтын Классикалық түйінді периартерит Кавасаки ауруы В) Ұсақ және орта калибрлі тамырларды зақымдайтын Вегенер гранулематоз Аллергиялық грануллематоздық ангиит Микроскопиялық плоиартерит Г) Ұсақ тамырларды зақымдайтын Гемораггиялық васкулит Эссенциальдік криглобулинеимялық васкулит Лейкоцитопластикалық тері васкулиті Екіншілік васкулит
А. Инфекциялық аурулардағы Бактериялық Вирустық (Созылмалы гепатит) Риккетсиялық аурулардағы Б. Паразиттік аурулардағы В. Дәрмектік аурулардағы Г. Қатерлі ісіктердегі (түкті жасушалық лейкоз, лимфомада) Д. Коллогеноздарлағы, ревматоидты артриттегі Е.Кәсіптік ауруларда (бериллиоз, силикоз, мышьякпен улану) жүйелі васкулитваскулиттің көрінісі Түйінді периартерит (Куссмауль-Майер ауруы): Сегментті түрде ұсақ және орта калибрлі артерияларды зақымдайтын некроздаушы васкулит. Кейде панартерит деп те атауға болады, себебі тамыр қабырғасын түгелдей зақымдайды. Клиникалық көріністері ретінде қызба, жалпы әлсіздік, арықтау, тері зақымданулары, бұлшықет-буын синдромы, кардиоваскулярлық синдром, бүйрек зақымдануы, асқорыту зақымданулары, өкпенің зақымданулары, нерв жүйесінің зақымданулары, эндокриндік жүйе зақымдануларымен корінеді. Түйінді периартериттің диагностикалық критерилері: Аяқ қолдарда, денеде тармақтанған тамыр өрнектернің пайда болуы. Иық белдемесі және бел аймағының бұлшықетінен тыс бұлшықеттердің тұтас ауырсынуын немесе тек аяқ бұлшықетінің ауырсынуы және әлсізденуі. 4 кг-нан аса салмақ жоғалту: Аурудың басталуынан, тамақтануға байланыссыз салмақ жоғалту; Мононеврит немесе полинейропатия: Осыған сәйкес неврологиялық көріністердің болуы; Ұсақ және орта калибрлі артериялардың биопсиясы: Морфологиялық зерттеуде тамыр қабырғасының мононуклеарлық инфильтрациясы Диастолалық қысым 90 мм.сб. жоғарылауы: Артериялық қысымның биіктеуі; Қанда креатинин, мочевина деңгейінің жоғарылау: Мочевинаның 14.4 ммол/л ден жоғары, кратининнің 133 ммоль/л ден жоғары биіктеуі (дегидратациядан немесе несеп жолдары обструкциясынан болады) Ангиографиялық өзгерістер: Висцеральдық артериялардың бойында аневризмалардың, окклюзияларының табылуы (егер бұл өзгерістер атеросклероздан, фибромускулярлық дисплазиядан т.б.аурулардан болмаса. Түйінді периартериит емінің негізгі дәрмектері глюкокортикоидтар мен цитостатиктер. Глюкокортикоидтардан негізгі қолданылатыны преднизолон (тәул.60-100мг) және метипред.Висцериттер және шеттік невриттер болғанда емге цитостатиктерді қосады. Бұл жағдайларды цитостатиктер үлкен дозада азатиоприн 2-3мг/кг, циклофосфан 1.5-2 мг/кг 1-2 көлемінде беріледі. Бұл кезде: Date: 2015-08-06; view: 894; Нарушение авторских прав |