Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г. Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; 2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады. Аурудың белгілері: 1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді. Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі. Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек. Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар. Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады. Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған. Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.Адамзаталмасудыңнәтижесінденервжүйесініңәсеріменбіразжоғарыфизиологиялықактивтіхимиялыққосылыстартүзіледі.Бұлзаттарорганизмніңөсуінежәнедамуынақатысадыда, оныңоргандарыныңатқаратынқызметіқалыптыжүруінесебінтигізеді.Физиологиялық активті заттарды өзінен бөлетін арнайы бездер немесе органдар тарихи дамудың нәтижесінде жетіледі. Алғашқы кезде, пайда болған активаторлар бір-біріне жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне таралып отырған. Бұл қозуды өткізудің тарихи жағынан алғанда ең ерте формасы болып табылады. Даму барысында белгілі бір органға әсер ететін активаторлар сол органның қасында емес, көп қашықтықта пайда болады да, қан немесе лимфа жүйесі арқылы тиісті органға жеткізіледі. Мұндай активаторларға ішкі секреция бездерінде жасалатын түрліше заттар жатады. Бұлар —арнайыорнына, таралужолына, химиялыққұрылысынажәнеәрекететусипатынақарамастан,бірғанажалпыбиологиялықзаңдылықпенбірігеді, оларорганизмніңдамуынақатысадыжәненегізгіоргандарыныңқызметінреттейді.Ішкісекрециятуралыілім- эндокринология - физиологияныңтамашажетістіктерініңбірі. Ішкісекркциядеп,біздіңсекретініңтікелейішкіортаға - қанға, лимфаға, жұлынсұйықтығынатүсуінайтады. Сондықтан ішкі секреция бездерін эндокриндік органдар дап атайды. АғылшынфизиологтарыБейлиссжәнеСтарлинг 20 ғасырдасекретиндітауып, осындайзаттардыңбәрінгормондардепатаудыұсынды.Еңбастыішкісекрециябездеріне —гипофиз, ұйқыбезі, бүйрекүстібездері, қалқаншабезі, қалқансерікбезі, жемсау (төсасты, айыршық)безіжәнеэпифизт.б. жатады. Ұйқыбезіменжынысбездеріәріішкісекрециялық, әрісыртқысекрециялыққызметатқарады. Гормондар арқылы түрлі органдар бір-бірімен байланысады. Олар өте аз мөлшерде өсер етеді де энергияның әсерінен бұзылмайды және ткань түзуге пластикалық материял ретінде қатыспайды. Айтқанымды мынадай мәліметтермен дәлелдеуге болады. 1 грамм инсулин гормоны 125 мың үй қоянының қанындағы глюкозаны азайта алады; 1 грамм адреналин 100 млн. көл бақа жүрегінің соғуын жақсартады; 1 грамм фолликулин 10 млн. піштірілген тышқанның күйлеу күйін тудыра алады. Организмде тек гормондар ғана жасайтын органдардан (бездерден) басқа, белгілі бір органдардың арнайы эндокриндік тканьдері (инкреторлық клеткаларының шоғыры) осы қызметті атқарса, ондағы клеткалардың келесі тобы эндокриндік емес қызмет атқарады. Мысалы, жоғарыда аталған ұйқы безіндегі Лангерганс аралшықтары инсулин гормонын жасайды, ал басқа маманданған клеткалар тобы ас қорыту сөлін жасап шығарады. Келесі бір органдарда кейбір клеткалар өзінің негізгі қызметімен қатар эндокриндік қызмет те атқара алады. Гормондық реттеу кез-келген басқа реттеу жүйелері сияқты, арнайы звенолардан құралады. Мысалы, онда басқарушы аппарат, ақпаратты тура және кері жеткізетін каналдар, ақпаратты беретін сигналдар, атқарушы органдар немесе басқарылатын объектілер болады. Міне осы звеноларды біріктіріп гормондық реттеу жүйесінің құрылымдық-функцияналдық ұйымдасуы деп қарау керек. Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазды. 1656 жылы Вартон оны қалқанша без деп атады. Ал, 1827 жылдан бастап оның организмде атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Арада 9 жыл өткенде аталған бездің ішкі секрециялық функциясы жөнінде алғашқы концепция қалыптасты. Қалқанша без кеңірдектің алдында орналасқан сыңар орган. Салмағы 30-дан 60 грамға жетеді. Екі бүйір бөлімдерден тұрады. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-7 грамм, тіпті 10 грамға дейін жетеді. Жыныстың жетілу кезінде бездің аумағы үлкейеді, ал қартайғанда кішірейеді. Қалқанша безді қан тамырлары жиі торлап жатады. Денедегі барлық қан сағатына бір рет осы без арқылы өте алады. Қалқанша бездің ішінде көпіршіктер - фолликулдар болады. Бұларда кейде қою, кейде сұйық күйде кездесетін коллоид массасы бар. Оның түсі мөлдір келеді. Қалқанша бездің гормоны-тироксин 65 пайызға дейін йоды бар кристалдық зат. Табиғи тироксин қолдан синтетикалық жолмен алынған тироксиннен 3 еседей активті болады. Қалқанша безден тироксинге қарсы әрекет ететін дийодтирозин деген зат бөледі. Организмде тироксин йод пен тирозиннен синтезделеді. Адамның қалқанша безі тәулігіне 0,25 мг йодқа сай келетін тироксиннің мөлшерін түзеді. Сонда қалқанша безде ұдайы гормон түзіліп тұру үшін, организмге үзбей үнемі ие тамақпен немесе ішетін сумен йод баруы керек. Тироксиннің басқа гормондардан айырмасы сол-әсері кеш білінеді, бірақ көп уақытқа созылады. Тироксин тканьдегі тыныс алуды жоғарылатады. Дені сау ересек адамға 2 мл тироксин өндірсе, зат алмасу шамамен 20 пайызға жоғарылайды, содан салмақты жоғалта бастайды. Қанға тироксиннің түсуі толық тоқтаса, мысалы, қалқанша безді алып тастағанда, негізгі алмасу 25-40 пайызға төмендейді. Тироксин негізгі алмасудың жоғарлауы не төмендеуіне, белоктың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді. Ересек жануарларға қалқанша бездің препаратын өндірсе, олар 70 пайызға дейін өзінің қор майын жоғалтады. Өсіп келе жатқан организмге. Тироксинді енгізгенде оның өсуі жылдамдайды. Осының нәтижесінде олардың сыртқы түрі, дене құрылысы өзгереді. Қалқанша бездің бір бөлігін алып, оны баланың терісінің астына жамаса, баланың салмағы өседі. Бездің сырты серозды қабықпен қоршалған, одан бездің ішкі тканьдерінде перделер тарап, безді жеке-жеке фолликулдардан тұратын бөліктерге бөледі. Бұлардың ені 60-100 микроннан аспайды, бір-бірімен бұлардың байланысы үлпілдек дәнекер тканьдер арқылы орындалады. Фолликулдардың ішкі беті бірқабат текшелі, кейде цилиндрлі немесе жазық эпителиймен төселеді. Бұл эпителийлерден фолликулдардың қуысына қоймалжың сияқты тұнық коллоидты бөлініп шығып жиналады. Бұл коллоидты заттың құрамындағы маңызды бөлігі тироксин болып саналады. Тироксиннің арнайы әсер ететін қасиеті бар. Ол организмде заттар алмасу процестеріне әсерін тигізіп отырады. Бұл гормон жоқ болып қалса, денеде сұйықтардың бөлініп шығуы, газдардың алмасуы, адамның бойының өсуі күрт, қатты төмендеуі. Адамның ауамен дем алуы, организмде көмір қышқыл газының бөлініп шығуы, өкпе арқылы оттегінің кіруі қалқанша бездің қызметімен белгілі мөлшерде байланысты. Ал, қызметі оның тканьдерінің ішіндегі қажетті мөлшерде йодтың болуымен байланысты келеді. Сондықтан, қазіргі уақытта вена тамырлары немесе ас қорыту трактысы арқылы берілген йодтың қаншалық көлемін қалқанша без өзінің паренхимасында концентраттай ұстап қалуға қабілеті бар екенін зерттеп, білуге болады. Сол арқылы бездің функциялық қалпы анықталады. Ол үшін организмге радиоактивті йод 131 изотопы беріледі, оның қаншасы қалқанша безде шоғырланып жиналады, оны радиометрикалы зерттеу арқылы білуге болады. Перделер бойымен қан, лимфа тамырларымен нерв талшықтары өтеді. Фолликулалардың қабырғасы бір қабатты эпителиальді клетка-тиреоциттерден тұрады. Тиреоцит клеткалары сырт жағынан қан капиллярларына бай дәнекер тканьді қабықпен қоршалған. Фолликулалар арасы ұсақ клеткалар шоғырынан тұратын фолликула аралық көпіршелермен толтырылған. Осы көпіршілерден жаңа фолликулалар пайда болуы мүмкін деген болжам бар. Фолликулалар қалқанша бездің морфологиялық және функциональдық негізін құрайды. Тиреоидтер цитоплазмасында әртүрлі көлемдегі түйіршіктер, митохондриялар мен рибосомалар кездеседі. Фолликулалардың іші тиреоглабулиннен тұратын біртекті коллоидты затпен толған гормондар кіреді. Тиреоциттердің түкпен қоршалған сүйір беті фолликуланың ішкі бетіне бағытталған. (сурет 1) Қалқанша без қан мен өте мол жабдықталған. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемімен жеті еседей көп. Қанды ол алдыңғы және артқы жұп қалқан артерияларынан алады. Адамда без арқылы сағатына 5-6 л. қан ағып өтсе, иттің денесіндегі қан аталмыш безден күніне 16 рет өтіп шығады екен. Бұл-қалқанша без гормондарының организм үшін қаншалықты маңызы бар екендігін көрсетеді. Қолмен ұстап, көзбен көре тұрғанмен, бұл бездің де құпиясы көпке дейін ашылмай келді. Date: 2015-08-06; view: 1445; Нарушение авторских прав |