Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүйелі қызыл жегі





Жүйелі қызыл жегінің тарихына тоқталғанда оны үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: классикалық, неоклассикалық және қазіргі заманғы. Ауруды алғаш рет XII ғасырда Рогериус жазды, яғни ол тұңғыш рет беттегі қызыл бөртпелерге «қызыл жегі» деген терминді қолданды. Келесі кезең Капоши есімімен тікелей байланысты. Ол 1872 жылы қызыл жегінің жүйелі болатынын(яғни бірнеше дене мүшелерін зақымдайтынын) атап көрсетті. 1948 жылы жегі жасушалары (LE –жасушалар) ашылды. XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басында бұл аурудың даму механизмдері мен кең ауқымды әрі тиімді емдеу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Жүйелі қызыл жегі —дәнекер тіндер мен буындардың созылмалы аутоиммунды ауруы.Ағзаның иммундық жүйесінің реттеу үдерістерінің тектік жетілмеуінен туындаған дерт тері, бұлшық ет, буын, жүрек-қан тамырлар жүйесін, бүйрек, өкпе, жүйке жүйелерін және өзге де мүшелерді зақымдауымен қауіпті. Жүйелі қызыл жегі ауруына 14-40 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер көп шалдығады. Жалпы бұл дерттің неден пайда болатыны белгісіз. Ғалымдар оны көбіне тұқым қуалаушылық, генетикалық, иммундық, гормондық және сыртқы факторлармен байланыстырады. Кей жағдайларда созылмалы вирустық инфекциялардың (РНК-құрамды және баяу ретровирустар)әсерінен болуы мүмкін, яғни өзгерген иммунитет фонындаәсер ететін вирустық инфекция. Патогенезі бойынша аутоиммундық ауруға жатады. Көп жағдайда иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан болады. Яғни ммундық жүйенің бұзылуы қалыпты қызмет етіп отырған тін мен мүшелерге шабуыл жасайтын антиденелерді өндіреді. Нәтижесінде түрлі қабынулар болып, ағза мүшелерді зақымдайды. Жүйелі қызыл жегі әсіресі аутоиммундық аурулармен ауыратындардың жақындары үшін қауіпті. Бұл аурудың белгілі бір алдын алу тәсілдері жоқ. Аурудың дамуына әсер ететін факторлар: жасандық түсіктер, вакцинадан кейінгі реакциялар, күн көзінде ұзақ болуы, жүктілік, етеккір қызметінің басталуы, дәрі-дәрмектерге аллергия т.б. Аурудың түрлері мен айырмашылықтарына тоқталсақ.

Дискоидты қызыл жегі (терілік) — бөртпе түрінде шығатын(кейіннен тыртық ізі қалатын) созылмалы тері ауруы. Бөртпе бірнеше күннен бірнеше жылға созылуы мүмкін, сондай-ақ кейіннен қайталануы да мүмкін.

Дәрілік жегінің белгілері қызыл жегіге өте ұқсас, бірақ бүйрек пен бас миды көп зақымдамайды. Бұл түрі дәрі-дәрмектерді ішумен тікелей байланысты. Көбіне гидралазин, изониазид, метилдофа, миноциклин т.б. препараттар.

Неонатальды жегі жаңа туған нәрестелерде дамиды. Дәлірек айтсақ, егер сәбиге науқас анасынан антиденелер түссе, осы дертке шалдығуы мүмкін. Көбіне тері бөртпесі түрінде шығады да 6 айда өз бетінше қайта бастайды. Негізгі асқынулар–жүрек ырғағының бұзылуы. Сондықтан жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйел балалы болуды алдын ала жоспарлап, жүкті кезінде өзін-өзі дұрыс күтсе, өірге дені сау ұрпақ алып келеді. Жалпы неонатальды жегі сирек кездеседі.

Date: 2015-08-06; view: 1876; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию