Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Алқанша без ауруының қатерлі ісігі
BLASTOMA GLANDULA THYREAIDAE. Қалқанша бездің рагы —барлық жаңа қатерлі ісіктердің 10% нен да болады. Ол негізінен түйінді бұғақ ауруынан аса сирек те болса диффузды бұтақтан дамиды. Радиоактивты йодпен ұзақ емдеу де рактың пайда болуына себепші болады. Әйелдер ерлерге қарағанда 4 есе жиірек ауырады. ТНМ жүйесі бойынша халықаралық жіктеу бізде қолданылмайды дерлік. Сатылар бойынша жіктеу; 1 саты - қалқанша бездегі мойын пішінін өзгертпеген, жалқы ісік. 2а саты- мойын пішіні өзгерген, бірақ метастазсыз жалқы немесе бірнеше ісіктер. 26 саты — 2а сатысындағыдай ісік өзгерістер бар, бірақ мойынның закымдалған жағындағы лимфа түіндерінде метастаздар да болады. 3 саты — ісік қалқанша бездің қабығының шегінен тыс шығып, сыртындағы өзін қоршаған тканьдерге жабысы өсіп-өнеді немесе көршілес мүшелерді басып-жаншып, топтап өседі. Ығыстырылатын, жылжытылатын лимфа түйіндерінде метастаз болады. 4 саты — жылжытылмайтын, өзін қоршаған мүшелерді бұзып-жарып, солардың ішіне ене өсетін ісік. Лимфа түйіндерінде қозғатылмайтындай болып метастаздар сіресіп өседі. Мойын лимфа түйіндерінде, көкірек орталық қуысында және басқа мүшелерде контрлатералды метастаздар болады. Қатерлі струманың жалпы симптологиясы мен клиникалық өтуі. Қатерлі струманың мынадай түрлерін ажыратқан орынды. 1. өзгермеген қалқанша безде дамитын алғашқы қатерлі струма; 2. бұрын болған бұғақтың (струманың) салдарынан пайда болған бездің қатерлі ісігі; 3. метастаз беруші аденома; 4. қосымша қалқанша бездердің қатерлі ісіктері. Қалқанша бездің көптеген қатерлі ісіктері оның бір бөлігінде орналасады, оның көлемі едәуір (5см-ден көбірек), консистенциясы тығыз, ығыспалы емес. Көптеген науқастарда тыныс алудың, жұтынудың қиындығы, дыбыс аппаратының бұзылғандығы байқалады. Кейбір науқастарда біресе айқын, біресе көмескі көрінетін гипертиреоз болады. Date: 2015-08-06; view: 1197; Нарушение авторских прав |