Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ВБЭР-300 реакторлық қондырғысының негізгі сипаттамасы
Маңғыстау облысындағы атом жылу электр орталықтары үшін атом мұзжарғыш және атом сутегі кемелерінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келген ресейлік кеме реакторларын жасау және пайдаланудың үлкен тәжірибелеріне негізделіп жасалған ВБЭР-300 реакторлық қондырғысының жобасы таңдалып алынып отыр. АЭС салуға мүдделі мамандардың айтуларына қарағанда, мұндай реакторлар Ресейде 50 жылдан астам уақыттан бері жасалып, пайдаланылып келеді және өзінің жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін іс жүзінде дәлелдеген. Атом суасты кемесі қорабының қорғаныс рөлін атом стансасында реакторлық қондырғының ішкі металды және бетонды қабаты атқаратын болады. Ол реакторды самолеттің келіп құлауынан, жақын жердегі жарылыстан қорғауға қабілетті және қоршаған ортаны реактордың өзінің ядролық апатынан туындауы мүмкін болған зардаптардан сақтайды [16].
Ұсынылып отырған жобада берік сыртқы қабаттарға қосымша ретінде атом энергетикасының қауііпсіздігі саласындағы қазіргі заманғы әлемдік үрдістер мен шешімдерді ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігі жоғары шаралары қарастырылған. Атом стансасының ол жұмыс істеген 30 жылдан астам уақыт кезеңіндегі қатты және сұйық радиоактивті қалдықтарының көлемі екі-үш мыңдаған тонна ғана болып, ол көп үлкен орын алмайды және атом стансасының күзетілетін аумағында орналасқан. Атом стансасының жұмысы барысында жинақталған радиоактивті қалдықтардың қауіпсіздігін сақтау – кез келген атом стансасы құрылысы жобасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Пайдаланылған отын АЭС жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде арнайы қоймаларда су астында сақталады. Сақтау орны конструкциясының сенімділігі сонша, кез-келген төтенше жағдайда, тіпті лаңкестік оқиғалар орын алғанда да қауіпсіздікке кепіл бола алады дейді [17]. АЭС-тің радиоактивті қалдықтары арнайы жабдықталған ғимаратта сақталып, мұнда қалдықтардың рұқсатсыз қоймадан шығарылуына және бөтен адамдардың ол аумаққа кіруіне жол берілмейді.
АЭС-тегі кез-келген радиоактивті қалдықтардың радиациялық әсері оны сақтау орнынан сыртқа шықпайды және қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсер етпейтін құсайды. Радиоактивті заттарды атом стансасы аумағында тасымалдау үшін арнайы көлік қызметі пайдаланылады. Ауасы желдетіліп тұратын атом стансасы ғимаратынан шығатын радиоактивті заттардың радиациялық қауіптілігі мәселесіне келсек, жұмыс істеп тұрған АЭС-ты бақылау нәтижелері көрсеткендей, АЭС-тен шығатын радиация мөлшері дәл сондай қуаттағы көмір электр стансасының радиациялық шығарындыларынан 500 есе аз болады [18]. Көмір мен жұмыс істейтін стансаның газ бен қалдық (щлак) шығарындыларында радиоактивтіліктің болатын себебі Жылу электр орталықтарында жыл сайын жүз мыңдаған тонналап жағылатын көмірдің табиғи құрамында радиоактивті заттар көптеп кездеседі. БН-350 атом реакторы 25 жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істесе де, Ақтаудағы радиация деңгейі Каспий теңізінің басқа да жағалауларындағыдан жоғары еместігін Ақтау қаласының тұрғындары мұны қалалық санитарлық-індет стансасынан сұрап немесе өздері де тұрмыстық дозиметрмен тексеру арқылы көз жеткізуі мүмкін. Атом стансасы парникті салдар туындауына әкеп соқтыратын ауаны ластаушы заттарды мүлде шығармайды. АЭС қолданыстан шығарылғаннан кейін радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған отындық құрамалар АЭС аумағынан әкетіліп, радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған отындарды тұрақты сақтайтын қоймаға орналастырылады. Бұл нысандар пайдалану мерзімі аяқталар алдында, бұл дегеніңіз 60 жылға тең, радиоактивті қалдықтарды ұзақ уақыт бойы сақтайтын жаңа қоймаларды салу мәселесі туындайды. Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды ұзақ мерзімге сақтайтын орынды және оның әдіс-тәсілдерін таңдау елімізде атом энергетикасының даму деңгейіне тікелей байланысты болмақ көрінеді.
Date: 2015-07-22; view: 558; Нарушение авторских прав |