Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инновациялық даму перспективасындағы атом энергетикасының қажеттілігі





Қазіргі экономиканың қарыштап дамуы, өнеркәсіп орындарының көбеюі мен ірі қалалардың энергияға сұраныстарының жылдан-жылға арта түсуі жағдайында энергия тапшылығы айқын сезілуде. Және ол жыл өткен сайын молая түсуде. Сондықтан, қазір бүкіл әлем атом энергиясының қажеттілігін және оның артықшылығын мойындап отыр. Әлемдік өркениеттің бір бөлшегі ретінде Қазақстан да одан қалыс қала алмайды. Болашақтың үміті атом энергетикасында. Яғни, ХХІ ғасыр – атом энергетикасының ғасыры болмақ.

Еліміздің батыс өңірлерінде өнеркәсіп қарқынды дамыған. Өндіріс орындары қуат көздеріне мұқтаж болуда. Экономиканың өсуі мен халық санының артуы салдарынан сұраныстың еселеп артып келе жатқанын ескерсек, келешектің қамын бүгін ойламасқа болмайды.

Маңғыстау облысын энергиямен қамтамасыз ету – бүгінгі туындап отырған көптеген жағдайларға, бірінші кезекте Қазақстанның алыс және жақын шетелдермен теңіз арқылы қарым-қатынасын кеңейту қажеттігіне байланысты өте күрделі мәселе. Қазір Ақтау қаласы – кең ауқымдағы индустриялдық орталыққа айналып отыр. Ал бұл энергия тұтынуды ұлғайтуды талап етеді, қосымша қуат көздерін жаңадан салумен қатар, қолда бар ескілерін де қайта жаңартпаса, жылу электр орталығындағы су жылытатын қазандықтардың ішкі қондырғылары уақыт өте келе іске жарамсызданып, жүз мыңдаған адам Маңғыстау түбегінің қатал табиғатымен бетпе-бет қалатын болады. Мұндайда қаланы энергетикалық қолдау оңай соқпайды, ал бұл Ақтаудың күйрегенімен тең болады.

Сондықтан қазір қандай қуат көздері қажет екенін таңдау міндеті алдымызда тұр: не көмірмен, мазутпен немесе газбен жұмыс ісейтін жаңа жылу орталықтарын, не жел электр станцияларын, не атом электр станциясын салу керек.

Ақтау қаласының құрылысы басталған кезде қаладағы өнеркәсіптік аймақта газбен жұмыс істейтін энергия көздері (ЖЭО – жылу электр орталықтары) салынып, кейінірек теңіз суын тұшытатын атом электр реакторы іске қосылған болатын.

2016 жылға қарай 1-ЖЭО-ның пайдалану мерзімі бітеді, ал БН-350 атом реакторының жұмысы 1999 жылы тоқтатылғаны мәлім, қалған ЖЭО Ақтаудың электр энергиясына болған қазіргі сұранысының өзін қанағаттандыра алмайды. Көмір мен газ сияқты органикалық отынға негізделген жаңа ЖЭО немесе атом стансасын салуға кем дегенде 8 жыл қажет. Сондықтан, Маңғыстау облысында жаңа қуат көзі құрылысын тезірек қолға алмаса болмайды.[5]

 

Нововоронеж АЭС реакторы

 

Атом энергетикасының болашағы зор болып отыр. Қазіргі әлемде бүкіл адамзат мойындаған негізгі сенімді қуат көздері жылу, су және атом электр станцияларынан өндіріледі. Ал жел, күн, су, толқын энергиясын пайдаланудың мүмкіндігі шектеулі, оларды өндірістік ауқымда пайдалануға жарамайды. Өйткені, олар өндірістік көлемде тұрақты және үздіксіз энергия өндіруге қабілетсіз. Табиғат құбылыстарын қуат көзі ретінде өнеркәсіптік ауқымда қолдану олардағы энергетикалық тасқынның тығыздығы жеткіліксіздігінен экономикалық тұрғыдан жеткіліксіз саналады.

Су, жел, күн секілді балама көздерден энергия алудың қазіргі кезде көлемі шағын, қуаты аз әрі төменгі концентратты болып табылады. Сонымен қатар, мұндай көздерден энергия алу экология мен туризмге де зиян келтіреді (фотоэлектрлік элементтердің «лас» өндірісі, жел станцияларының құстарға қауіп төндіруі, толқын динамикасының өзгеруі, т.б. [2]).

А.Александров былай деп жазады: «Ірі масштабтағы ядролық энергетика адамзат үшін маңызды құндылық болып табылады және көптеген өткір мәселелерді шеше алады» [3].

Индустриалдық ауқымда тек шағын көлемдегі үлкен энергия қоры жинақталған қуат көздері ғана тиімді бола алады. Ал мұндай энергияны тек жанатын органикалық және бөлінетін ядролық материалдар ғана бере алады.

Ақтау қаласы тәулігіне 20-30 МВт энергия тұтынады. Мәселен, орташа қуаттағы бір ғана жылу электр станциясын алмастыру үшін кемінде 4000 жел қондырғысын салу керек екен. Соның өзінде жел болмаған кезде пайдаланатын тағы бір балама қуат көзі керек болады. Оған жел қондырғыларының құрылысына, қызмет көрсетуге және жөндеуге кететін шығын қосылғанда, жел қондырғысы шығаратын энергия тұрақты электр энергиясынан тым құрығанда 3-4 есе қымбат сатылады. Сол сияқты күннен энергия алатын батарея қуатын тұтынуға жұмсалатын энергия қондырғысы өз қызметінің барысында шығаратын энергиядан әлдеқайда артық. Бұл қуат көздері 20-30 үйлі ауылдарға ғана тиімді болмаса, үлкен қалалардың қажетін өтеуге қауқарсыз.

Ал Ақтауда жылу электр станцияларын салу туралы айтудың өзі әбестеу. Маңғыстаудың өз көмірі жоқ, ал солтүстіктегі көмір кеніштерінен тасымалдау экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан қазір жұмыс істеп тұрған ЖЭС тек газды ғана тұтынады. Ал газдың бағасы қымбаттап барады және сарқылуға жақын. Мамандар мұны да егжей-тегжейлі есептеп көрді. Мысалы, МАЭК-тің қазіргі қондырғыларын газбен жұмыс істейтін ең үнемшіл заманәуи қондырғыларға алмастырар болсақ, газдың құны 150 доллар тұратын 1000 шаршы метрінің бағасы атом электр станциясының энергиясына қарағанда үш есе қымбатқа түседі. Газбен жұмыс істейтін жылу электр станциясы жылына миллиондаған шаршы метр газды тұтынады. Мысалы, МАЭК-тің жылдық газға сұранысы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан сияқты үш үлкен облыстың сұранысына тең. Екі энергоблоктан тұратын АЭС-те осындай қуатты өндіру үшін жылына 40 тонна уран жеткілікті. Ескеретін тағы бір жайт – осы уран атом станциясының 5 жыл тоқтаусыз жұмыс істеуіне жетеді. Тағы бір маңызды мәселе – атом электр энергетикасындағы тариф отынға айтарлықтай тәуелді емес, сондықтан тұтыну тарифтері тұрақты болады. Ал ЖЭС-тарда жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, газ немесе көмір үш есе қымбаттаса, электр бағасы да сонша артады. Бірақ уран бағасы үш есе қымбаттағанмен, ол АЭС энергиясы бағасының тек 5-6 пайызға қымбаттауына ғана әсер етеді. Тарифтегі мұндай айырмашылық тұрғындарға ауыртпалық түсірмеуімен қатар, аймақта өнеркәсіпті өркендетуге де оң ықпал етеді. Экономикадағы тұрақты даму мен сырттан ағылатын инвистиция көп жағдайда энергиясы арзан аймақты таңдайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыдан алғанда, АЭС арқылы ғана Маңғыстау басқа аймақтарға қарағанда үлкен басымдыққа ие болмақ.

Облыстың даму бағдарламасына зер салсақ, алдағы 5-10 жылда МАЭК өндіретін 700 МВт қуат жеткіліксіз болатынын аңғарамыз. Мамандар 2015-2020 жылдарға қарай 1000 МВт, тіпті одан да көп электр қуаты қажет болатынын болжап отыр. Ал МАЭК-тегі қондырғылардың ескіргені соншалық, қазіргі қуаттың өзін өндіру мұң болғалы отыр. Тапшылықты айтпағанда, отынның қымбаттауынан газ арқылы өндірілетін электр энергиясының бағасы да шарықтап барады. Бәрі де әлемдегі бағаға байланып тұрғандықтан, бағаны ауыздықтау мүмкін емес. Алдын-ала болжамдар Ақтауда электр станциясының бағасы тек газдың қымбаттауы салдарынан 4 есеге артатынын айтады. Оған қоса, 2015 жылға қарай өңірді электр станциясымен қамтамасыз етіп отырған 1-ЖЭС пен 2-ЖЭС-тардың пайдалану ресурстарының сарқылатынына байланысты, энергетикалық дағдарыс қаупі төніп тұр. Түбектегі облыс энергожүйенің тұйығында орналасқан. Ол тек Атырау аймағынмен ғана электр желілері арқылы байланысады. Ал Атыраудағы ахуалдың да өзгеге көмектесетіндей дәрежеде емес екендігін ескерсек, сырттан электр энергиясын әкелу мүмкіндігі шектелген.

Date: 2015-07-22; view: 832; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию