Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атом электр станциясының қауіптілігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері





Ақтауда атом электр стансасын салуға қарсы топтың мамандары: «Бұл реактор сенімді болса, Ресей неге әуелі өздерінде салмайды? Кешегі «Қазсатты» істеп, 65 млн долларымызды желге ұшырғанының кебін кешпейміз бе? Ол тек ақша болса, бұл реактордың сыртында адам өмірі, бүкіл халықтың тағдыры тұр ғой. Семейдегі полегонның зардабын қазақстандықтар осы күнге дейін тартып келе жатқан жоқ па? Қошқар-Ата секілді улы көлдің зияны өз алдына, ал тоқтатылған БН реакторының қалдықтарынан да арыла алмай отырғанымыз мынау. Осы біздің дүние жүзіндегі кейбір елдердің алдына шығуға қызығуымыз, өзімізді көрсеткіміз келуіміз, мақтангөйлік мүддеміздің біраздан бері бүкіл ұлттық мақсатқа айналып кетуі кейде қауіп туғызатынын жасары алмаймыз», - деген уәж айтады. Олар да бірнеше деректер келтіріп, нақты дәйектерді алға тартады. Енді солардың мәліметтерін келтіріп көрелік.

Ресей ғылым академиясының мүше-коорреспонденті, профессор, атомшы ғалым А.В.Яблоков - Ресейдің атом ғылымының Батыс елдерге қарағанда кейін қалып келе жатқанын, әсіресе Ресей АЭС-терінде экологиялық, т.б. қауіпсіздік деңгейінің сын көтермейтінін жазған ғалым. Ол - кезінде Ресей Президентінің кеңесшісі болған адам. Оның айтқандарына қарағанда [10] Ресей атом электр станцияларының қазіргі жағдайы жақсы емес, қауіптілік тәуекелі жоғары, апаттық жағдайлар жиі болып тұратын көрінеді.

Батыста Ресей АЭС-терін «электр энергетикасын беріп тұрған атом бомбасы» деп атайтын құсайды. ХХ ғасырдың аяқталар тұсында арктикалық боран соғып тұрған Кола АЭС-інен шығатын электр сымдары үзіліп, АЭС жарылып кетуге шақ қалған, яғни апаттық жағдай орын алған. Мұндай жағдайлар Ресей АЭС-терінде үнемі болып тұрады екен. Мысалы, Ленинград АЭС-терінде салқындату жүйесі істен шығып, нәтижесінде АЭС-тегі реактивті газдардың мөлшері 20 есеге дейін көтеріліп кеткен.

Осы уақыттарда Ресей және Игналинск (Литва) АЭС-терінде бас-аяғы 2-3 жыл ішінде 380 апаттық жағдайлар болған. Оның бесеуі сыртқа өте көп мөлшерде радиоактивті заттардың шығуымен белгілі болған. Сол кездегі Ресей Мематоққадағалау (Госатомнадзор) мекемесі «Ресейде ядролық және радиациялық қауіпсіздік жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес» деген ресми анықтама берген.

Қазіргі күні «ВВЭР реакторын (сумен жасайтын) қауіпсіз етіп қайта жасауға болады» деген пікір бар. Бірақ ол үшін өте көп уақыт қажет екен және 22-26 млрд доллар қажет болады. Яғни мұны теориялық тұрғыдан ғана мүмкін деуге болады.

Ресейде соңғы салынған Қиыр Шығыстағы Эворон көлі маңындағы Кострома, Ростов АЭС-теріне не мемлекеттік экологиялық сараптама жасалған жоқ, не Парламент шешім қабылдаған жоқ. АЭС салушылар заң бойынша жасалуға тиісті тексеру-қадағалаулардың қай-қайсысына да мүдделі емес.

Кезінде академик А.П.Александров Чернобыль АЭС-іне орнатылған реактор түрлерін керек болса Мәскеудегі Қызыл алаңға да орнатуға болатынын айтып, КСРО басшылығын сендіріп баққан. Кейін бұл мақтаудың арты неге әкеліп соқтырғанын бүкіл әлем біледі. Қазіргі Ресей атомшылары да атомдық реакторларының соңғы үлгілерін «мүлдем қауіпсіз» деп жаһанға жар салуда. Ядролық энергетиканың «экологиялық тазалығы» туралы пікірлерге көпшілік күдікпен қарайды. Ол туралы жазып жүргендер мынадай дәлелдерді алға тартады.


АҚШ-тың Масачусетс қоғамдық денсаулық қорғау департаменті Плимут қаласының жанындағы «Пилигрим» АЭС-інің жиырма шақырымдық аймағында тұратын және жұмыс істейтіндер арасында лейкемиямен (ақ қан ауруы) ауыратындар саны өзге аймақтармен салыстырғанда 4 есе жоғары екенін анықтаған. Лейкемия және басқа рак ауруының таралуы Орегон штатындағы Портленд қаласының жанандағы «Троян» АЭС-інің аумағында өте жоғары көрсеткішті көрсеткен. Британияның ядролық орталығы орналасқан Селлафилд қаласының маңында балалар арасында лейкемиямен ауыратындар саны жалпы елдегі есеппен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ол сөзсіз осы орталықтың жұмысымен байланысты екен. Бұл жағдай 1990 жылы белгілі болды. Британияның радиология жөніндегі ұлттық комитеті мұны ресми түрде бекітті. Ал бізде АЭС-тер маңындағы тұрғындар денсаулығына анализ жасау дұрыс жолға қойылмаған. Ең болмағанда, алғашқы дәрігерлік тексерулер туралы мәліметтер, ол туралы статистика да жоқ. Қоғамдық толқулар тудырмас үшін Франция, Германия, Жапония сияқты атом энергиясын пайдаланатын елдердің АЭС-тері маңындағы профилактикалық дәлелдердің қорытындылары Ресейде халықтан жасырын ұсталады.







Date: 2015-07-22; view: 1136; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию