Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогресс үдерісі, жаңа технологиялардың қарыштап дамуы барған сайын жаңа ізденістерді, соны шешімдерді керек етуде. Еліміздің қазіргі инновациялық-индустриалдық даму бағдарламасында да Қазақстан ғылымының алдына нанотехнология, ІТ-технология, биотехнология, ғарыштық технология, атом энергиясын бейбіт мақсаттарға пайдалануды жетілдіру секілді жаңа міндеттер жүктеп отыр. Мұның өзі тек кәсіби ғалымдар ғана емес, мектеп бітіруші жастардың да ғылым мен техникаға бейімделуін, олардың озық технологиялар мен техникалық ғылымдардың дамуынан хабардар болуын, өз ізденістерімен көрінуін қажет етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғылымдағы басым бағыттар туралы жиі айтып, еліміздің болашағы ғылымды дамыту екендігіне назар аудартып келеді. Мысалы, ол Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған лекциясында (26 мамыр, 2006 жыл) былай деген болатын: «Алдағы онжылдықта жаңа технологиялық тәртіпті дамытудың шешуші бағыттары био- және нанотехнологиялар, жасанды интеллект жүйесі, жаһандық ақпараттық желілер және жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелері, энергия үнемдейтін технологиялар болады. Өндірісті автоматтандыру, ғарыштық технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген конструкциялық материалдар өндірісі, ядролық энергетика одан әрі дами түседі. Өндірістің бұрынғыдан да көп интеллектуалдануы, үздіксіз инновациялық үдеріске көшу жүреді. Біртіндеп білімге негізделген жаңа тұрпатты қоғамға көшу аяқталады» [1]. Сонымен қатар, қазіргі кезде Маңғыстау облысында салынғалы жатқан атом электр станциясы туралы да қоғамда екі ұдай пікір қалыптасуда. Мерзімді баспасөз бен көптеген ақпарат құралдарында бұл туралы көптеген түсініктер берілгенмен, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылғанымен, жұртшылықтың кейбір бөлігінің әлі де алаңдап отырғаны рас. Осының бәрі жастар мен мектеп оқушыларының арасында атом энергетикасының маңызы мен перспективалылдығы, кейбір қиыншылықтары туралы өзіндік пікір айтудың, қал-қадірімізше талдап көрсетудің маңыздылығын көрсетсе керек. Зерттеу мақсат-міндеттері: Атом энергетикасын өндірудің бүгінгі күнгі жетістіктеріне, атом реакторының тиімділігіне талдау жасап, оны игеру туралы қоғамдық пікірге өз көзқарасымызды білдіру. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық: - әлемдік ғылымдағы атом энергетикасын өндірудің бүгінгі жетістіктеріне шолу жасау; атом энергиясының маңызына, ХХІ ғасыр – атом ғасыры болатынына көз жеткізу; - облысымызда электр энергиясын өндірудегі атом реакторының перспективасын зерделеу; - атом реакторының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін дәлелдей отырып, кейбір ұсыныстар жасау. Зерттеу нысаны ретінде ядролық физика, атом энергиясын өндіру, атом реакторының жұмыс принциптері қарастырылды. Зерттеудің әдіснамалық негіздеріне ядролық физика, атом энергетикасы, уран өндірісі мен уранды байыту бағытындағы ғылыми еңбектер мен мерзімді баспасөз материалдары басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысы ядролық физика, атом энергетикасы саласындағы теориялық тұжырымдар мен тәжірибелерге сүйенгендіктен, мынадай зерттеу әдістері таңдап алынды: ғылыми еңбектерді, қалыптық-құқықтық құжаттарды, бағдарламаларды, ғылыми тұжырымдарды сараптай, жүйелей, жинақтай отырып, салыстырмалы талдау жасау; ядролық физика, атом энергетикасы саласындағы еңбектер мен зерттеулерді іріктеу, тұжырымдау және жинақтап көрсету. Зерттеу нәтижелері мен қорытындысы бойынша: - әлемдік атом энергетикасын өндіруде бүгінгі таңда көптеген жетістіктерге жеткендігі айқындалды; - атом энергиясының болашақтағы перпективасы, ХХІ ғасыр – атом ғасыры болатыны алға тартылды; - облысымызда электр энергиясын өндірудегі атом реакторының перспективасы салыстырмалы түрде зерделенді; - атом реакторының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері дәлелденіп, кейбір нақты ұсыныстар жасалды. Зерттеудің дереккөздері ретінде Маңғыстау облысында АЭС құрылысының жобасын жүзеге асыру туралы қабылданған ҚР Үкіметінің негізгі шешімдері, атом энергетикасы мен атом реакторының жұмысы туралы ғалымдардың (А.П.Александров, В.В.Гончаров, А.В.Яблоков, А.Ахметов, Б.Оңдасын, т.б.) еңбектері, «Қазатомпром» ҰАК-ның бюллетені, мерзімді баспасөз және қоғамдық тыңдаулар материалдары пайдаланылды. Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, негізгі бөлімнен тұрады. Соңында пайдаланылған негізгі әдебиеттер тізімі мен тақырыпқа байланысты бірнеше қосымша кестелер берілді. Зерттеу нәтижелерін физика сабақтарында, танымдық шараларда, тәрбие сағаттарында қолдануға болады.
Date: 2015-07-22; view: 590; Нарушение авторских прав |