Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстанда атом өнеркәсібін дамыту перспективалары





Қазіргі таңда Қазақстанның атомды бейбіт мақсатта пайдалануға қол жеткізген жетекші елдердің қатарына қосылу мүмкіндігі зор. Біріншіден, Қазақстанның Ресеймен жасасқан екі келісім шарты бар, оның бірі Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірлескен жобамен жұмыс істеу және тең үлес бойынша (50 х 50) атом электр станцияларының реакторларын жасап, оны өздері пайдаланумен бірге, басқа да тапсырыс беруші елдердің сұраныстарын қанағаттандыру. Бұл жобалар тиісті қаржымен қамтамасыз етілетін бағдарлама болғандықтан, қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Осы келісімшарт бойынша қазірдің өзінде Ресей ғалымдары қазақстандық мамандарды атом саласында жұмыс істеуге баулуда.

Екіншіден, Қазақстанда ядролық отын түймелерін жасау өндірісі жолға қойылған. Яғни, ядролық отынның соңғы тізбегіндегі дайын отын өндіруші елдердің қатарына қосылуда. Үшіншіден, жапондық әйгілі «Тошиба» компаниясынан атом электр станцияларын жасау және салу бойынша әлемдегі көшбасшы американдық «Westinghouse Electric Company LLC» компанияның он пайыздық акциясын сатып алу арқылы «Қазатомпром» ұлттық компаниясы әлемдегі электр станцияларын салу жұмысына қатысу құқығына ие болып отыр.

Қазақстан ғылымының атом энергетикасын өндіру саласындағы тағы бір жетістігі - ураннан энергия көзін жасап қана қоймай, дайын плутонийді залалсыздандыру әдісін де іс жүзінде игергендігі. Сондықтан, қазір Қазақстан ғылымы уран өндіру және одан энергия алуға қатысты барлық тізбекті меңгерген базаға ие деп айтуға болады.

Қазақстанда, яғни Маңғыстау облысында іске қосылмақшы атом электр станциясында шағын қуатты реакторларды пайдалану көзделіп отыр. Мамандардың айтуы бойынша, бұл – қазіргі қолданыста бар реакторлардың ішіндегі ең сенімдісі. Мысалы, баршаға мәлім, «Курск» сүңгуір қайығында болған апатты жағдайда сүңгуір қайығының ішінде алапат өрт болып, адамда қазаға ұшырағанда да, апат сигналы қосылған кезде, реактор өз жұмысын тоқтатқан.

Қазір дүние жүзінің бірқатар елдерінде екінші буындағы атом реакторлары жұмыс істеуде. Бұлар – кешегі күннің өнімдері. Енді үшінші буынның реакторларын қолданысқа енгізу қолға алынуда. Ал, ВБЭР-300 реакторы – осы үшінші буынның реакторлары. Ғылымдардың айтуынша, «3+реактор» деп аталатын өнім – бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жетілдірілген, қауіптілігі мен сенімділігі мейлінше жоғары технологиялық өнім болып табылады. «Ресейдің ВБЭР-300 реакторы, - дейді мамандар, - жаңа реактордың қауіпсіздік дәрежесі бұдан 10-15 жыл бұрын салынғандардан 100 есе артық». Бүгінгі таңда «3+» реакторлары екі елде ғана бар. Олар – қуаттылығы 1600 МВт француздық «Areva» фирмасы мен 1600 МВт американдық «Westinghouse» компаниясының IP-1000 реакторлары. Мұндай үлгідегі реакторлардың құрылысы Қытай мен Финляндияда да басталған. «Westinghouse» компаниясының еншілес қожайыны ретінде «Қазатомпром» ҰАК америкалық үлгідегі реакторды Ақтауға алайын десе, оларда 300 МВт қуаттағы атом реакторы жоқ боп шыққан. Ал Қазақстанның Ресеймен бірлесіп Қазақстанға керегі – 300 МВт қуаттағы реакторларды жасау көзделіп отыр. Өйткені, жергілікті электр желілері одан жоғары қуатты көтере алмайды. Ал қуаттылығы 1000 МВт реакторды салып, оны толық қуатпен жұмыс істетпеу – экономикалық тұрғыдан да, қауіпсіздік жағынан да тиімсіз. Қазақстанның Ресеймен бірлесіп «ВБЭР-300» реакторын жасау туралы келісімге келуінің себебі де осыдан деп түсіндіреді құзырлы орындардың мамандары.


Және бір ескеретін нәрсе – бұл жобаның коммерциялық маңызында екенін де мамандар жасырмайды. Ал, ақша жүрген жерде, пайданы көздеген кезде кейбір ұлттық қауіпсіздік, экология, т.б. маңызды мәселелердің естен шығып кететіні де жасырын емес. «ВБЭР-300» реакторы жұмысын бастаған соң ол реактор Ресей мен Қазақстанның маңызды экспорттық өніміне айналмақ. Яғни, оны сату арқылы осы екі ел қазынасына қомақты қаржы түсірмек. Мұндай реакторлар әлемде жоқ құсайды. Бірақ, әлемдегі көптеген елдердің осындай орташа және щағын қуатты реакторларға мұқтаж екені айқын сезіліп отыр. Оған сұраныс өте жоғары, кейбір деректер бойынша 500-ге жуық сұраныс барға ұқсайды.

Жобаны қолдаушылар бұл реактордың сенімділігі мен қауіпсіздігін КСРО әскери-теңіз флотының кемелерінде осы тектес қондырғылардың 6 мың реакторлық жыл (барлық ресктормен жабдықталған кемелердің реакторларының жиынтық мерзімі) апатсыз жұмысымен дәлелдейді.

«ВБЭР-300» реакторлы атом стансасы өлкенің экологиялық тазалығына да қызмет етеді. Яғни ол жылу электр стансасы сияқты ауаны ластамайды, оттегіні мүлдем пайдаланбайды: жылына 3 млн. тонна көмір қышқыл газы мен 10 мың тонна азот қышқылын ауаға шығару және 5 млн тонна оттегіні тұтыну тоқтайды дейді. Олай болса, оттегінің тапшылығының орнын толтырып тұратын орман-тоғайы жоқ біздің Маңғыстау жағдайында бұл үлкен маңызға ие екені сөзсіз.

Тағы бір артықшылығы – аталмыш реактор 60 жыл бой тоқтаусыз жұмыс істей алады. Сондай-ақ басқа реакторлардан ұзын құбырларының жоқтығымен де ерекңшеленеді, негізгі құрал-жабдықтары герметикалық жабық қораптың ішінде орналасады. Бұл қауіпсіздікті арттыра түседі. Олай деуімізге себеп – әлемдегі атом станцияларында арагідік орын алып отыратын кішігірім апаттар осы құбырлардың тесілуінен іштегі натрий тектес сұйықтардың ішкі ауамен араласуынан болатын көрінеді. «ВБЭР-300» реакторы үш деңгейлі қорғаныспен және қызметкер қателескен жағдайда жұмысын күрт тоқтататын өзін-өзі қорғау жүйесіиен жабдықталған. Егер де қаскөй біреулер реактор параметрінде ауытқушылықты қолдан жасауға әрекеттенер болса, басқару пульті ешкімге бағынбай, гравитация мен гидродинамика секілді физиканың басты заңдарына сәйкес қорғаныс жүйесі іске қосылады. Оның бетін аулақ қылсын, егер де апат болған жағдайда реактордың ішіндегі зат сыртқа төгілмейді. Сондықтан санитарлық-қорғаныс аймағында радиация деңгейі өзгермей, апатқа дейінгі кезеңдермен бірдей болады. «ВБЭР-300» реакторы жаңа буындағы реакторға қойылатын заманәуи талаптарға жауап беретіндіктен, оларды үлкен қалалардың маңына орналастыруға болады. Ал Ақтау қаласының болашақ перспективасы, жаңа «Ақтау-сити» жобасының іске асырылуы мұндай жобаны керек етері сөзсіз. Қорғаныс шараларын жоспарлау белдеуі 1 шақырымды құрап, оның ішінде атом стансасының өнеркәсіптік алаңы орналасады. Жылу нейтронды реакторлар үшін міндетті саналатын үш элемент – жылубөлгіш, баяулатқыш және жылутасығыш болса, «ВБЭР-300» реакторында баяулатқыш және жылутасығыш қызметін кәдімгі су атқарады. Ал отын ретінде 4,5 %-ға дейін байытылған уран қолданылады.[4]


«ВБЭР-300» реакторлы электроблоктары экономикалық сипаттамасы үлестік шығындар жөнінен, әрине, Болгарияда салынып жатқан ВБЭР-1000 реакторлы электроблогынан төменірек. Әйтсе де, «ВБЭР-300» реакторы аз капиталды инвистициясымен, төмен әлеуетті қаржылық тәуекелімен еркешеленеді. Орта қуаттағы мұндай АЭС-тердің сериялық және өнеркәсіптік өндірісі атом электрт стансасын жасау мерзімін 3-3,5 жылға жеткізуге мүмкіндік беріп, ал несиелерді қайтару мерзімін қысқартып қана қоймай, жобаның коммерцияық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін артыра түседі.

Әдетте, атом апатын айыптағанда, көбінесе Чернобыль апатын алға тартқанмен, Американың Пелсильваний штатындағы Три-Майл-Айленд атом стансасында болған жойқын апатты ешкім алға тартпайды. Оның себебі, ең алдымен, хабарсыздығынан. Осы атом стансасында орын алған апаттың ауқымы үлкен болса да, сыртқы қорғаныс қорабы болғандықтан, ешбір адам зардап шекпеген. Ал Чернобыль атом стансасында ондай қорғаныс қабаты болмаған. Бірақ, Чернобыль апатынан бүкіл әлемнің атомдық энергетика саласы үлкен сабақ алды. Сондықтан, Ақтауда жасалынбақ реактордың берік боп жасалатын сыртқы корпусынан басқа тағы екі қорғаныс қорабы болады: біріншісі – бетонды қорап, оның беріктігі соншалық, ол тіпті террористер оның үстіне тікелей ұшақты әкеліп түсірсе де, тойтарыс бере алады; екіншісі – металдан жасалған қорап. Осы сақтандыру құралдары қауіпсіздікке кепіл бола алады дейді мамандар.







Date: 2015-07-22; view: 632; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию