Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атом реакторының қоршаған орта мен адам денсаулығына зияндылығының алдын алу





АЭС-терден бөлінетін радиоактивті элементтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына зияны туралы А.В.Яблоков мынадай деректер келтіреді. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған кез-келген АЭС ауаға көп дәрежеде радиоактивті изотоптардың инертті газдарын шығарады. Олардың қауіптілігі жөніндегі әлем экологтарының дәлелдері біртіндеп үсті-үстіне жинақтала түсуде. Қалқанша бездеріндегі радиоактивті иод концентратының жиналып қалуы өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін «барлық тіршілік иелері үшін зиянсыз» деп есептеліп келген. Ол концентраттар басқа тіршілік иелері түгіл, өсімдіктердің клеткалары құрылымының хлоропласталарында, митохондрияларында, клеткалық мембраналарында да түзіледі. Осындай радиоизотоптардың инертті газдары кез-келген АЭС-тің үстінде бағаналардай тізіліп тұрады. Мұндай көріністі тіпті жүздеген шақырым қашықтықтан да қарапайым радиолокатордың көмегімен бақылауға болады. Бұл концентраттың қоршаған ортаға зияндылығын қызметкерлердің денсаулығын ұдайы медициналық қадағалау арқылы алдын алуға болады.

Ауаға тарайтын зиянды инертті газдардың ең бастыларының бірі – КРИПТОН-85 бета-сәуле таратушысы. Криптон-85-тің атмосфераның электрөткізгіштігін өзгертудегі белсенді ролі белгілі болды. Оның атмосферадағы мөлшері жылына 5 пайызға өсіп отырады. Атом дәуірінің басталуынан бергі мөлшерін есептесек, миллион есе жоғары. Криптон-85 атмосферада «жылытқыш» газ ретінде де белгілі. Сондықтан ол Жер планетасы климатының антропогендік өзгеруіне орасан зор әсер етеді. Сонымен қатар, ауаның озонды қабатының жұқаруына да әсер етеді.

Қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған АЭС-тердің бәрінде дерлік пайда болатын бета-сәулетаратқыш ТРИТИЙ немесе РАДИОАКТИВТІ СУТЕГІ жөнінде айтпай кетуге болмайды. Мұндай радиоактивті бетасәуле шығарушылардың ең қатерлілігі сонда – олар тірі клеткалардың протоплазмаларымен тез араласып, ас қорыту жүйелерінде жиналып, қордаланып қалады. Барлық АЭС-тердің маңындағы жер қабаттарындағы су көздері міндетті түрде тритиймен уланып, ластанады. Тірі организмге аса зияндылығы ғылыми жолмен дәлелді болғандықтан, АЭС тұрғызуға мүдделі топтар мұны дұрыс ескеріп, сақтық шараларын жасауға болады.

Тритийдің құрылымында ыдырау басталған мезетте ол аса улы ГЕЛИЙГЕ айналып, жойқын әсері бар бета-сәулесін бөледі. Ол организм клеткаларының генетикалық аппараттарын зақымдайды. АЭС-тердің маңында тритий бөлінуі және оның жер асты суларына тез таралатындығы көп ұзамай әлемдегі ең басты проблемалардың біріне айналатындығын МАГАТЭ-нің (Халықаралық атом агенттігі) өзі мойындап отыр.

Сүзгіден өткізіп, залалсыздандыру мүмкін болмайтын, барлық АЭС-тер маңында байқалатын радиоактивті газдардың бірі – КӨМІРТЕГІ-14 (углерод-14). Көміртегі-14-тің ауада таралуы барлық өсімдіктер мен ағаш түрлерінің өсіп, жетілуін тежейді. Атом дәуіріне дейінгі кезеңмен салыстырғанда, көміртегі-14-тің атмосферадағы мөлшері 25 пайызға ұлғайған. Жұмыс істеп тұрған АЭС-тердің ең қауіптісі – биосфераны ПЛУТОНИЙМЕН ластауы. Биосфераның плутониймен ластануы дұрыс бағаланып, мұндай жағдайды арнайы бақылайтын агенттіктері ұдайы зерттеп, адам денсаулығына зияндылығының алдын алуы керек.

Адамзаттың бұл улы элементті өндіре бастаған 1941 жылдары жер бетінде оның мөлшері 50 килограмнан аспайтын. Қазір плутониймен ластану деңгейі апатты жағдайда және бұл мәселе жаһандық сипат алды. Әлемнің барлық атом реакторлары жүздеген тонна плутоний шығарады. Бұл мөлшер жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің уланып өлуіне жеткілікті. Плутонийдің тағы бір аса қауіпті қасиеті – оның оттегімен реакцияға түскен мезетте өзінен-өзі өрт тудырып, ауаны құрғатып жіберетіндігі. Плутонийдің Цельсий бағаны бойынша ең төменгі балқу температурасы 640 градус. Осыдан-ақ оның аса қауіптілігі көп дәлелдеуді қажет етпейді. 1986-1989 жылдары КСРО Ғылым академиясының Н.К.Кольцов атындағы биология институтындағы зертханада профессор В.М.Захаров Карлскрун (Швеция), Игналин (Литва), Сосновый Бор (Ресей) АЭС-терінің маңындағы су қоймаларындағы балықтардың тіршілігін салыстыра зерттеді. Зерттеу нәтижесінде Карлскрун су қоймасындағы балықтардың өсіп-жетілуі, Игналин мен Сосновый бардағыдан анағұрлым жақсы болған. Бұдан шығатын қорытынды – «Ресей АЭС-теріндегі қоршаған ортаны ластау деңгейі шведтердігіне қарағанда өте жоғары» деген сөз.







Date: 2015-07-22; view: 691; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию