Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нұртаза Абылхан ақсақалдың бақсы болып кете жаздауы





Бала кезім, ауылда үлкен той болып, үйге қонақ көп келді. Үйде жатар орын болмай апам: «сен көрші үйге барып жат», – деп жіберді. Ол үйде бір келіншек тұратын. Бал-бұл балалық шағым, күйеуі бар жоғын білмеймін. Кейде осы келіншек аузынан сілекейі ағып өзімен-өзі жүретін. Сонда үлкендер айтатын: «Әй, мына жас баланың қор болып жүргені-ай!», – деп.

Ойымда ештеңе жоқ, ымырт жабыла әлгі үйге барып жатып ұйықтап қаппын. Бір уақытта денем бір ысып, бір суып оянып кеттім. Бір мезетте аппақ бүркіт келіп шаңырақтан түсті, қараңғы болса да бәрін көріп жатырмын. Бір қанаты керегенің бір ұшында, екінші қанаты екінші ұшында, алты қанат үйді бірақ алып кетті. Бүркіт «ақпұштап» шаңқылдай бастады. Сол кезде төсекте жатқан келіншек те зарлады. «Айналайын ақ бүркіт айтқаныңа көніп ем, дегеніңді істеп ең, мені қинамашы!», – деп не бір зарлы әуенге салды. Денем бір ысыйды, бір суыйды. Не ұйықтаған емес, не ояу емес. Қозғалайын десем қозғала алмаймын, не іштеңе айта алмаймын. Тек қана көріп жатырмын. Әлгі бүркіт кетті... Бір уақытта ысылдаған ақ жылан келді. Бір жақ кереге шаңырақтан түскен кезде жаңағы келіншек бебеулеп зарлады. Ай не бір зарды айтты-ау! Ол да кетті... Енді бір мезетте аппақ сәуле келді. Әлгі келіншегім енді «ақ сәуле, ақ жарық!», – деп зарға басты. Бір уақытта ол да кетті... Денем бір ысып, бір суып үндей алмай мен жатырмын. Бір уақытта жаңағы келіншек тұрып шам жақты. Шырақ жағып алып шырақтың жарығымен: бет-аузын, қол-басын денесін уқалап, есінеп біраз отырды да, төсегіне барып жатты. Мен де ұйықтап қалыппын. Таң атты, тұрдық. Қарасам келіншек жүр екен. Біраздан кейін келіншекке айттым: «Әй келіншек, сенің үш жының бар екен үшеуін де көрдім, түнде келді ғой». Келіншек: «Қой әрі, ол көрінбеуші еді ғой!», – деді. Жоқ, алдымен ақ бүркіт келді, оған былай деп айттың. Ысылдаған ақ жылан келді, оған былай деп айттың. Ақ сәуле келді, оған былай деп айттың. «Е, онда көрген екенсің», – деді. Сөйтсем бұл келіншек тазалық сақтамай, өзін-өзі ұстай алмай жүрген қасиеті бар адам екен. Осындай қасиеті бар адамдар тазалық сақтамаса ауырып қалады.

Ер жетіп 14...15 жаста бозбалалыққа жеткен шағым. Ауылға неше түрлі бақсылар келеді. Әлгі бақсылар кеткеннен кейін өзім сияқты балаларды жиып алып мен де бақсы болып ойнаймын. Қолыма бір таяқты алып аламын да, қобыздың әуеніне саламын. Сөйтіп жүріп қарағайды жағып қойып, үстінен ары-бері аттап өтіп, біртіндеп әбден белгілі бір әуенге келген кезде – қарағайдың аппақ шоғын, өзімнен-өзім уыстап ұстап алып қолымды жуатын дәрежеге жеттім. Құрдастарым, қыз-келіншектер шілдеханада, тойларда бақсы болып ойна деп, бақсы жоқта мені бақсы қылып алатын болды. Енді жынды кез, зіркілдеп тұрып ойнап беремін. Өзімді-өзім бақсы сияқты сезінетін күйге жеттім.

Бір күні мынадай жағдай болды. Үйде ұйықтап жатыр едім, күндізгі сияқты жап-жарық болып кетті. Оянып кеттім... Үйге 15...20-дай қызылды-жасылды киінген әйелдер кіріп келді. Ылғи сықылықтаған жас әйелдер. Төсекте жатқан мені көрсетті. «Мынау ма, мынау ма?», – деп жан жағымнан келемеждеп қоршай бастады. «Осы ма, осы ма?», – деп бір-біріне көрсетіп жатты. Өзімнің ояу екенімді және нақ көріп жатқанымды біліп жатырмын. Қозғалайын десем аяқ-қолым, тілім мақта секілді, сөздерін естіп бәрін ұғып жатырмын. Бірақ үнім шықпайды, жатқан орнымнан қозғала алмаймын. Көзім бақырайып қарап жатырмын. Бір уақытта арт жағынан саркідірлеу келген қартаң әйел келді.


Өтіп барып: «Осы бала ма?», – деп айтты.

– Осы бала, осы бала – деп жанындағылар сықылықтады.

– Әй, тым жас бала екен. Қоятын шығар, тимеңдер! – деп әлгілерді қақпақайлап үйден шығарып алып кетті. Олар кете салысымен-ақ денемнен суық тер бұрқ ете түсті. Дел-сал болып жатырмын. Өңім бе, түсім бе? Сол күйі талқысып қайтадан ұйықтап кетіппін.

Екі-үш күннен кейін Әжібай бақсы келді.

– Әй, осы үш-төрт күн бұрын, саған түн ішінде кісілер келді ме?

– Келді.

– Не деді?

Болған оқиғаның бәрін айтып бердім. Жастары сықылықтап мені айналдырмақшы болды, ар жағынан бір саркідірлеу қартаңдау әйел келіп бәрін алып кетті дедім.

– Ә, балам бұл жын кім нақ әуеніне келтіріп, нақышына салса соның артынан еріп жүре береді. Бұл әркімде бар қасиет. Дамытып ары қарай алып кетсең жақсы боп шығасың. Сен өзің бақсы болғың келе ме? Маған ер, мен сені көп-көрім үлкен бақсы қылып жіберейін. Ол үшін мынауыңның бәрін тастап, менімен жүресің. Жын деген солай болады.

– Ойбай, ешқандай бақсы болмаймын, өзімнің жұмысым бар.

– Ә, олай болса сен мынауыңды қой. Мен жоқта, мен болып ойнайды екенсің ғой? Бақсы болғың келмесе бұныңды қой, мерт боп кетесің. Немесе бір жерің кем болып қалады. Жын деген нәрсе ойнайтын нәрсе емес. Қауіпті де, қиындығы бар қатерлі жол.

– Ойбай қойдым, бұдан кейін ойнамаймын. Жының да өзіңмен кетсін, бақсылығың да өзіңмен кетсін!

Содан кейін бақсы болып ойнағанды қойдым деп отырушы еді жарықтық.

 







Date: 2015-07-22; view: 757; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию