Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорықпаңыздар





Шайтанды жамандамаңдар, бірақ оның жамандығынан Алла тағаладан одан сақтауын тілеңдер. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Жаратушының шапағат нұрына, одан пайда болған әлемдік тоққа сенбей, оны қабылдамаған адам ешуақытта дүниенің терең сырына жете алмайды. Дүние сырына көз жеткізу үшін адам қасиетінен жоғары қасиеттердің де бар екеніне сенім керек. Болмыстың сол көзге көріп-білінбейтін ғажайып қасиеттері әлемнің алғашқы элементтерін жасап, оларды біріктіріп, бүкіл ғарыштық көрініс құрайды. Бірақ, Оның бұл қасиеттерін адамның сезімдерімен анықтауға, немесе оймен ойлап түсінуге келмейді. Осыны мойындау керек.

Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорқып керегі жоқ. Олар нәзік болмыстың сырын білмейтін надандарды қорқытудан басқа, Жаратушының ықпалынан шығып адамға ешуақытта жамандық жасай алмайды. Жындардың Алла тағаланың қасиетті есімдерінен өте қатты қорқатыны да осыдан.

Әруақ келесі әлемге өткенде, оның өмірі осылай жалғаса береді. Осы өмірде оның өмірі қандай болса, келесі өмірде де оның өмірі сондай болады. Егер ол бұл өмірде рухани жетіліп, жаман қылықтардан арыла білсе, келесі әлемде де сондай жақсылыққа жолығып, өмірі ләззатқа толады. Оның өмірі періште дәрежесіне де жетуі мүмкін. Ал керісінше, бұл өмірде нәпсіге беріліп, жаман қылықтарынан арыла алмаса, онда келесі өмірінде де сол қылықтарын жасап, азап шегеді. Ол өзінің жердегі үйренісі бойынша біреуді алдауға, жәбірлеуге, мазақ етуге, қорқытуға дайын тұрады. Ондай әруақтарды жындар, перілер, шайтандар деп атайды. Олар әлі тазарып, жетілудің жоғары деңгейлеріне жеткен жоқ. Бірақ әділет заңдылығы барлық әлемге ортақ. Сондықтан өзінің жаман қылықтары үшін ол өзіне тиесілі қарымын алады. О дүниеде бұл дүниеде алмаған қарымын қосып алады. Сондықтан бұл дүниеде жасаған жаман қылықтары үшін жазасын алмаса да, о дүниеге барғанда ол үшін жазасын міндетті түрде алады. Бұл – әлемнің өзгермейтін әділет заңдылығы.

Пейіш адамдарға жақпайтын нәрселермен оралған болса, дозақ адамдар қызығатын нәрселермен оралған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.сғ)

 

Төменгі әруақтар да болмыс заңдылығынан шыға алмайды. Әйтпесе олар фәни әлемнің өміріне аралысып, бұл өмірдің бейберекетін шығарар еді ғой. Олар өте сирек жағдайда ғана адам өміріне араласып, өздеріне ермек іздейді. Төменгі әруақтар тәжірибесі әлі жеткіліксіз «сұңқарлар» мен «аққуларды» алдап, шатастыруы мүмкін. Бұл туралы көп айтылып, көп жазылады. Кейбір діни адамдар осы төменгі әруақтардың әсерінен қорқып, әруақтармен байланысты түгелдей жоққа шығарады. Бұл туралы кейінгі кезде газет бетінде мақалалар да пайда болды. Қоғам өміріне осылай бөгет болғаны үшін төменгі әруақтар, әрине, кезінде өз жазасын алады.

Науалы тұрғыны Нұртаза Абылхан ақсақалдың әңгімелері:

 

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Абай

 

Кітап авторы ретінде марқұм Нұртаза Абылханұлы ақсақалдың өз аузынан естіген, болған оқиғалардың кейбіреуін ғана айта кетейін. Нұртаза Абылхан ақсақал арғы ғасырдың барлық қилы замандарын басынан өткізген, ұзақ тарих кешкен кемеңгер кісі еді. Қарадан хан болған дегендей арғы аталары артықша туған жандар болған. Сондай асыл нәсілдің соңғы көздері, осы ақсақалды бейнелеп айтсақ, ана тілдің академигі, әңгіменің – Әуезові деуге де болады.

 







Date: 2015-07-22; view: 712; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию