Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биология сабағында қайталау





Қайталау жақсы нәтиже береді, егер де алғашқы оқу материалымен байланысты болса. Алғашқы материалды жақсы меңгерсе, кейінгі материалды да жақсы меңгереді, себебі олар бір-бірімен байланысты. Ұғымдарды қайталау кезінде жаңа байланыстар қаастырылады, және басқа фактілерді жүйелеу білімін дамытады. Өткен тақырыптарды қайталау оқушылардың ойлаусыз көп қайталанатын болса, білімге әкеледі деуге болмайды.Мұндай жағдайда оқушылар материалды тек механикалық түрде жаттап алады.

Тек өткен тақырыпты қайталамай алдыңғы сыныпта өткен ұғымдарды байланыстыра қайталаған жөн. Мысалы 8 сыныптағы «Асқорыту»тақырыбын өту барысында «Қан және қанайналым» тақырыптармен байланыстыру қажет.

Әрбір биология курсында ұғымдарды дамыту үшін қайталау жүйесі керек. Мысал ретінде 5-6 сыныптағы қайталау жүйесі көрсетілген.

Анатомия, физиология және адам гигиенасы курсын оқу кезінде зоология пәнінен келесі сұрақтарды қайталаған маңызды:

 

 

Тақырыптың аты Алғашқы курстан нені қайталау керек
Адам ағзасы туралы жалпы түсінік Клетканың құрылысы. Сүтқоректілердің ағзасындағы жүйелердің топографиясы. Рефлекс туралы ұғым, оның ішінде шартты және шартсыз рефлекстер
Тірек-қимыл жүйесі Сүтқоректілердің қаңқасы
Қанайналу жүйесі Қанайналу жүйесінің жалпы схемасы. Сүтқоректілердің кіші және үлкен қанайналым шеңберлері; басқа омыртқалылардың қанайналу жүйесі
Тыныс алу Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесінің құрылысы
Асқорту Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің құрылысы. Әртүрлі сүтқоректілердің тістің орналасуы

 

Тақырыптың аты Алғашқы курстан нені қайталау керек  
Зат алмасу Жануарлар мен өсімдіктерде зат алмасу    
Тері   Әртүрлі омыртқалылардың терісінің құрылысы: амфибилердің, рептилилердің,сүтқоректілердің.
Нерв жүйесі Сүтқоректілердің миының құрылысы. Омыртқалылардың нерв жүйесінің эволюциясы

 

 

Жалпы биологияны оқу кезіде алдыңғы курстардың көптеген сұрақтарын қайталаған дұрыс.Қайталауға көп уақытты бөлген дұрыс емес.

Бір бөлімді жаңа материалмен байланыстымай қайталау оқушылардың қызығушылығын төмендетіп, жаңа нәтиже бермейді.Алдын-ала тапсырмалар беру арқылы сабақтарды қайталау жүргізіледі. Мысалы «Биология даму кезеңін сипаттау»сабағында 9 сыныптағы бірлік жүйелерінде өсімдіктердің және жануарлардың классификациясын қайталайды, ал «жыныссыз және вегетативті көбею» сабағында 10 сыныпта «Бактериялардың көбеюі, біржасушалы балдырлар, гидралар, мүктердің, папоротниктердің спора түзуі, өсімдіктердің вегетативтік көбеюі» байқалады.

Сыныпта өткен жылдық кітаптар және басқа әдебиеттер болу керек. Бұл оқушының өздігінен қайталауы үшін керек.

Жалпы биологияны алдыңғы курстарды қайталау жоспарын мысал ретінде келтіреміз. Мұғалімнің қаталдығы оқушыларды уақытты үнемдеуге үйретеді.

6 cыныптағы материалды өткен кезде 5 сыныптағы материалдар қайталанады, ол үшін үйге қайталауға уақыт беріледі.

Жоғарғы сыныптарда қайталау кезінде тірі ағзалар жүйесін оқыған кезде өткен материалмен салыстырмалы схемаларды қолдану керек:

 







Date: 2015-06-11; view: 1664; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию