Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат





Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиіс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол. Оқушылардың өзіндік жұмыстары оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мими-касы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады.

Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

1. мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

2. жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

3. мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

4. оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.

Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелік-терін білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:

1. оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;

2. жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;

3. өз әрекетінің барысын бақылап отыру.

Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыста-рын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:

1. оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

2. жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

3. жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік Жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

· жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

· оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

· оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

· өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

· оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

· оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

· оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

· оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Н. К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздігінен білім алумен шұғылданушы-ның есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді:

өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библио-графиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапхана-шылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ.

Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде. Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар, саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторий-лер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, кон-сультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін ''өздігінен білім алу мектебі'' т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.

Бұл жұмыста жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты дұрыс (үнемдеп) пайда-лануға, өзіне қолайлы күн режимін белгілеуге үйретудің маңызы зор. Сол сияқты оқығанын конспектілеуге, тыңда-ғанын жазып алуға, өзіне керек хабарларды іздеуге, библиографиялық және анықтама материалдарды пайда-лануға кітаппен, каталогпен жұмыс істеуге арнайы дайын-дау және үйрету мектептің өте маңызды міндеті болып табылады.

Ол үшін мектеп оқушыларына арнап ''Кітап оқу мәдениетінің негіздері'' атты факультативтік сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.

В. А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыла-сымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді. Егер адам өз өмірінде екі мыңдай кітап оқитын болса, соның жарты-сын балалық және жасөспірім шақта оқуға тиісті дейді. Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу - газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.

Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив - білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы

 

 

Date: 2015-06-11; view: 1019; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию