Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Практикалық үй жұмысы





Мысалы, үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан болады. Морфологиялық тапсырма (гербарийлеу, сабақтын, гүлдің бөлімдерін бөлімдеу) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі. Физиологиялық тапсырманы біртіндеп, яғни оның қорытындысын, байқалуын сол сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі, жапырақтағы судың булануы және т.б.)

Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын белгілеу қажет. Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп болады. Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек:

Гербарийді кептіру - 7 күн.

Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн.

Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн.

Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн.

Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн.

Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн.

Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын бір сабаққа алып келеді. Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды. Бұл сабақтағы үй жұмысын баяндау сияқты.

Практикалық жұмыстар зоология сабағынанда беріледі. Ботаника пәніндегі сияқты мұнда да тәжірибенің өтетін жері, байқалуы болады. Зоологияда байқау: ауылшаруашылық зиянкестеріне, құстарды қорғау, ауылшаруашылық жануарларына қарау.

Зоология курсында бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді.Мысалы, уйге өзен шаянының денесін картонға орналастыру, балықтың скелетін құрастыру сияқты. Адам анатомиясы физиологиясы мен гигиенасынан да үй жұмыстары ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады. «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу, оны қышқылға салу, сүйектердің түрлері картонға жапсыру (ұзын сүйек, формасы әртүрлі сүйек, жалпақ сүйек). Оған жануарлардың сүйектері қолданылады.

7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты орынды жануарлардың рефлексін анықта болып табылады. Мұғалім кімде балықтар, құстар сияқты т.б. үй жауарлары бар екенін анықтайды. Оқушылардың қалауымен оларға рефлекстерді анықтап күнделік жүргізуге тапсырма береді. Келесі сабақтарда оқушылар өздерінің жүргізген тәжірибелері мен күнделіктерін баяндайды.

Табиғи объектілермен жұмыс істеу жалпы биология курсында да жүргізіледі. Оқушыларға табиғаттан немесе мектеп ауласынан материал жинау тапсырылады. Жұмыс қысқа мәліметпен (қайда, қашан, не жиналды және не байқалды) және гербарий, коллекция, кестемен керсетіледі. Ол кезде оқушылар әртүрлі әдебиеттерді, анықтауыштарды, жиналған өсімдік немесе насеком туралы жазылған әдебиеттерді пайдаланады.

Оқушылар тәжірибе жасап, байқау күнделігін жүргізіп, суреттер салады. Оқушылардың үйде жүргізген экспериментті жұмыстарының қорытындысы, мұғалімнің тапсырмасы бойынша мектеп ауласынан жиналған гербарийлер мен коллекциялары сабақта қолданылады. Бұл материалдар практикалық жұмыстарда да қолданылады.

 

Оқушыларды үй жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін:

 

1. Кітаппен жұмыс:

Сұраққа жауап;

Кесте түрінде.

2. Әртүрлі журналдар мен кітаптарды оқу;


Конспект, баяндама дайындау.

3. Тақырыпқа байланысты суреттер дайындау.

4. Табиғи объекттермен жұмыс;

Бөлме өсімдіктерінің мүшелерінің формасын анықтау;

Тәжірибелер қою;

Жануарларды байқау;

 

Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынандай шарттары бар:

1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. 2. Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.

3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.

4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

5.Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.

6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.

7.Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылар- дың назарын аударып отырғаны жөн.







Date: 2015-06-11; view: 1335; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию