Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ботникадан оқушылардың білімін тексеру және баға қою
Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды, бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды. Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана жұмылдыра алады. Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын) немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады. Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы сыныпты дайындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып, білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет. Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып табылады. Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса; нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап, жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады. Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен сайболып бірақ, А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым ағаттықтар жіберілсе, немесе Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық қорытындылай алмаса, «4» қойылады. Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және түсінетіндігі байқалса, бірақ: А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып, материалды үстірт баяндаса, немесе Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе Г) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе, өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады. Егер оқушы: А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін білмейтіндігі байқалса немесе Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде жауап қайтара алмайтын болса, немесе Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады. Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, «1» қойылады.
Date: 2015-06-11; view: 1006; Нарушение авторских прав |