Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Грам әдісімен бояу қажет.Ол үшін бактериолог дәрігерге қандай құрал жабдықтар және бояулар қажет болады?
Кептірілген және май шам жалынында фиксирленген микроорганизмдер препаратын күлгін генциан феголының ерітіндісінде 1минут бойы бояйды. Бояуды құйып алып, препаратты сумен жумастан, оған люголия ерітіндісін қосып 1 минут (мазок толық қарайғанша) ұстап тұрады. Препаратты (сумен жумастан) 96 спиртте 15-20 секунт, шайқап тұрып өңдейді. Түсін өзгерту уақыты өте маңызды, белгілі мерзімнен артып кетсе грам оңның өзі ағкарып кетеді, ал препаратты өңдеу уақыты жетпей қалса қатты боялып кетеді. Препаратты сумен жуып, гоны Пфейфера фусинімен бояйды. Грам оң микроорганизмдер қара –күлгін түске боялады, Грам теріс боялмайды. 51. Энтерококтардың санитарлы – көрсеткіш микроорганизм ретіндегі артықшылықтары мен кемшіліктері. Жауабыңызды түсіндіріңіз. Энтерококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, қысқа тізбек түзіп немесе жұптасып орналасады, грам оң, спора және капсула түзбейді, қозғалмайды. (24- сурет). Жасуша қабырғасы ақуыздан (М-, Т- және R- антигені), көмірсудан (топ спецификалық) және пептидогликаннан тұрады. Олар L–пішінге жеңіл түрде ауысады. 1984 жылға дейін стрептококтардың D тобына кірген. Осы уақыттан кейін жеке туыстастыққа бөлінді (Enterococcus туыстастығы). Беткейлі фимбрияларында орналасатын топтық антигені – глицеринтейхой қышқылы, Д-аланин және глюкозадан құралған. Типтік түрі E.faecalis. Дақылдандыру. Дақылдық, биохимиялық қасиеттері 14.3. - кестеде берілген. Энтерококтарды бөліп алу және өсіру үшін селективті орталар таңдалады (негізі қанды агар оған азид қосылған, азидодекстрозды сорпа т.б.). Антигендік қасиеті стрептококтарға ұқсас, D серологиялық топтарға жатады. Патогенділік факторлары. Шартты-патогенді микроорганизмдерге жатады. Патогенділік факторлары – жасуша қабырғасының бөлшектері, агрессия ферменттері мен токсиндері. Резистенттілігі. Қоршаған ортада энтерококтардың резистентілігі стафилококтар сияқты. Осы себептен, санитарлық микробиологияда санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретінде қарастырылады (қоршаған орта объектілерінің нәжіспен жаңадан ластануын көрсетеді). Кеңінен қолданылып жүрген антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Энтерококтардың көптеген антибиотиктерге (аминогликозид, цефалоспорин) табиғи тұрақтылығы бар. Эпидемиологиясы және патогенезі стрептококтық инфекцияға ұқсас.Табиғатта кеңінен таралған. Адам және жануарлар ішегінде мекендейді (ауыз қуысы, ішек және зәр шығару, жыныс жүйесі). E.faecalis – ті дені сау адамдардың 25%- ның нәжісінен бөлуге болады.
Сүт және сүт өнімдерін санитарлы-гигиеналық зерттеу әдістері. Үлгілерді алу. Сүт және сүт өнімдерінің бактериологиялық сызбасы қандай? Сүт және сүт өнімдерінде оларды дайындау барысында қолданылатын өзіндік микрофлорасы болады. Сонымен қатар, тағамдардың микробтық ластануына әкелетін, тағамдық өнімдерге қоршаған ортадан кездейсоқ түсетін өзіндік емес микрофлора болады. Өзіндік емес микролорасын сапрофитті, патогенді және шартты - патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар оларды бұзатын микроорганиздер кездеседі. Жалпысанитарлы - гигиеналықбақылау, сүтөндірісінжүйелітүрде, судың, ауаның, өндірісбөлмелерініңаппаратурасынмикробиологиялықзерттеугебағытталған. Дайынөнімніңмикробиологиялықбақылауы: МАФАнМ - санын, ІТТБ, патогендімикроорганизмдердіанықтау.Қоректік орталар микроорганизмдерді бөліп алуда, сақтауда және дақылдардың зат алмасуын зерттеуде, метаболизмнің бағалы өнімдерін алу мақсатында қолданылады. Қоректік орталарды дайындау әдістері: Гидролизденген сүтті агарлы орта - бұл қоректік орта сүтқышқыл бактериялар мен лактоза ыдыратушы ашытқылар үшін өте қолайлы орта болып саналады. Гидролизденген сүтті агарлы қоректік ортасын дайындау үшін гидролизденген сүтті дайындап алады. Майсызданған сүттің бір бөлігіне екі бөлік су қосып қайнатып, 45 оС дейін салқындатылған, майы алынған сүтке алдын – ала азғана мөлшерде жылы суда ерітілген 1 г құрқақ панкреатинді, біраз уақыт өткеннен кейін 5 мл хлороформ қосады. Колбаны тығындап 40 оС термостатта 72 сағат ұстайды. Алғашқы тәулікте колбадағы қоспадан хлороформ буын кетіру үшін колба аузын ашып қойып, бірнеше рет шайқап араластырады. Тиісті уақыт өткен соң қоспаны сүзеді, рН - ын 7,6 - 7,3 – ын анықтап алып, агар (100 мл - ге 2 гр агар) қосады, Кейін колбаға құйып, 1А 15 минут уақыт автоклавта заласыздандырады. Ет – пептонды агар (ЕПА) – дайындау үшін бір литр ет пептонды сорпаға 2 - 3 % мөлшерде ұсақталып кесілген агар - агарды қосады да 120 оС - да 30 минуттай заласыздандырады. Сүт үлгісін алу. Бактериологиялық зерттеу үшін сүт өнімдерінің қорабының бетін спиртпен сүртеді, қажетті мөлшерде үлгі алады. Микроб санын анықтау. 1 және 0,1 мл ді стерильді Петри табақшаларына тамызып,үстіне ЕПА құяды. Термостатқа 370ЖМС анықтайды. С 48 сағатқақояды. КОЕ/гсанайды. Коли-титрдіанықтау. Суспензияныңәртүрлісұйылтуларының коли –титрінанықтауүшін 5 мл Кеслернемесе КОДА қоректікортасы бар пробиркаларға 1 мл-денқұяды 37 °С да 24 — 48 сағатинкубирейді.Арықарайсудың коли-титрінанықтайтын схема бойыншажалғастырады. Лактобактерияанықтау. МРС қоректікортасынаегеді. Егу материалы мен қоректікортақатынасы 1:10 болу керек. Ашытқыанықтау. Сабуроқоректікортасынаегеді. Егу материалы мен қоректікортақатынасы 1:10 болу керек. Көктіанықтау. Чапека қоректікортасынаегеді. Егу материалы мен қоректік орта қатынасы 1:10 болу керек. Қатты қоректік орталарда өсіп шыққан колонияларды санау төмендегі формуламен жүргізілді. M=а•10n/v М – 1мл – дегі микроорганизм клеткаларының саны; а – Петри табақшасындағымикроорганизмдерколониясыныңорташа саны; 10 – сұйылтукоэффиценті; n – егужүргізілгенсұйылтудыңреттік саны; v – егугеалынғансуспензияныңкөлемі; Ет және ет өнімдерінің микрофлорасын қалыптасу ерекшеліктері және олардың микробтық бұзылуларының түрлеріне сипаттама беріңіз. Ет және ет өнімдерін төменгі температурада сақтағанның өзінде, тіптен мұздатылған етте де психрофильді жағдайда көбеюге қабілетті микробтар (псевдомонада, протей, аспергиллалар, пенициллалар және т.б.) кездеседі. Етте мекендейтін микробтар еттің шырыштануын (протей және т.б.), саңырауқұлақ, клостридии, протей, псевдомонадалар етте шіру, ашу процестерінің дамуына себепкер болады.Микроорганизмдермен ластанған тағам өнімдері әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялар және уланулар, сонымен қатар жұқпалы аурулар (күйдіргі, сарып, туберкулез және т.б.) туғызады.Сальмонелла, шигелла, энтеропатогенді ішек таяқшасы, протей, стафилококтың энтеротоксигенді штамдары, энтерококтар, Cl.рerfringens және Bac.cereus сияқты микробтардың көбеюіне байланысты ет тағамдары (ет фаршынан дайындалған тағам, салаттар, сілікпелер) ауру себебі болуы мүмкін. Еттің, ет өнімдерінің санитарлық сапасын анықтау үшін технологиялық процестер Шұжық өнімдерін санитарлы микробиологиялық зерттеу әдісі. 1 г өнімдегі ЖМС, ITTБғ сальмонелла, клостридия туыстарының өкілдерін анықтау әдісінің сызбасын қандай? Еттегі микроорганизмдердің таралуы әртүрлі факторларға байланысты; 1. Температура әсері 2. Осметикалық қысымның әсері 3. Ортаның реакциясының маңызы
Шұжық өндірісі- ет өнімі, қосымша термикалық өңдеуcіз тағам ретінде қолдануға арналған. Сондықтан шұжықты дайындау процессіне және дайын өнімді санитарлық талаптан өтуде қатаң талап қойылады. Олар келесі топтармен анықталады СПМ; 1. БГКП (колиформы) 2. Сульфитредуцирленген клострид 3. Алтын түсті стафилококк 4. Сальмонелла Шұжық өнімдерін санитарлы микробиологиялық зерттеу үшін келесі тапсырмаларды орындау керек: - ет өнімінің микробтық саның анықтау -ашыту әдісімен ет өнімінің коли-индексін анықтау -тағамөнімдеріндегі сальмонелла жәнепотогендівибриондардыңболуынзерттеутәсілдері Ет өнімдерінің жалпы микробтық санын (ЖМС) анықтау; Ет үлгілерінен заттақ шынығы таңбалау әдісімен бекітілген, Грам әдісімен боялған препарат дайындап, еттің микробиологиялық тазалығына және балғындығына баға береді. Сосын жоғарыдай дайындалған еттің әр үлгісінен 2-ден кем емес 2 әртүрлі мөлшерге табақшаларда өсіп шыққан колония саны 30-дан 300 арасында болатындай егеді. Егу үшін 0,1 мл зерттелетін етті ондық реттік сұйылту жасалады.Әр сұйылтуға стерильді пипетка қолданылады. Стерильді екі Петри табақшаларына әр сұйылтудан 1 мл-ден тамызады. Сосын 10-15 мл ерітілген және 45-50жақсы болып саналады, егер 1 мл-де бактерия саны 30-ден аспаса; күдікті -30-300; лас—300 және оданда көп. 0 С-қа дейін салқындатылған ЕПА-ға құйып, жақсылап араластырылады. Ортаны көлденең орналасқан жағдайда қатырады. Екпелерді термостатқа 37 °С-қа өсу үшін қояды. Сосын ортаның бетінде және терең өсіп шыққан колония санын анықтайды (жай көзбен және 2-5 рет ұлғайтқан кездегі) және микроб санын анықтайды — 1 мл-гі мөлшер. Ет және ет өнімдерінде патогенді микроорганизмдер ретінде сальмонелалар, стафилококтар мен клостриядиялар анықталады. Сальмонеллаға ет өнімің зерттеуде селенитті ортаға егеді. Ортаны 37 °Стемпературада 18-20 сағатқадақылдайды. Қорытындысынпротоколдапептондысудағыжәнеселениттіортадағыөсубағытынбелгілейді. Колбадағыселениттіортаныңдиффуздыөсуінебайланысты, Петри табақшаларына Эндо және висмут-сульфиттіагардыселениттіортаға 2-3 табақшаларғақайтаегеді. Ортаны 37 °С температурада 18-20 сағатқатермостатқақойылады. Сальмонеллар висмут-сульфаттыагардақара колония сұрғылтметалдықнемесежасыл колония (қараюортасы колония астынын) туғызады. Күдіктудыратын колония (қараюортасы колония астынын). Күдіктудыратын колония (4 және 5 турлері) Рассел қоректікортасынаегіпнемесеОлькеницкалызәрүшқанттыагарда. Соданзерттеулердіқарапайымкестеменжүргізіледі; қозғалғыштығынанықтау, поливаленттыагглютинациясымен жәнеполиваленттісальмонеллездісүтсарысуы, фаготипирлеуапрқылы да анықтайды.
Аудан орталығында микробиологиялық зертхана ашылуы қажет.Микробиологиялық зертхананың қызметі үшін қандай жағдайлар мен қондырғылар қажет?Тағамдық өнімнің белгілі бір мөлшеріндегі микробтық клеткалардың санын анықтау әдістеріне түсінік беріңіз Микробиологиялық зертхана вирустық, таз аурулары, бактериалық инфекцияларды диагностикалау және зерттеудің жоғары сапалы қызметтерін атқарады. Микробиологиялық зерттеулер заманауи жаңашыл қатысулар арқылы атқарылады. Микробиологиялық зертхана зерттелуші объектінің құрамындағы микроэлементтерді және микроағзаларды анықтауға мүмкіндік беретін арнайы зерттеулер жүргізеді. Зерттеу және таңдаулар арнайы зертханалық жағдайда құзырлы, дипломдары бар мамандармен сәйкесті жаңа заманауи технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. биологиялық агенттер немесе уыттар – адамның немесе жануарлардың организміне түскен кезде немесе олармен, сондай-ақ өсімдіктермен жанасқан кезде олардың сырқаттануын немесе өлім-жітімін тудыруға бейім микроорганизмдер және бактериялық, өсімдіктен немесе жануардан шығатын белоктық күрделі қосындылар; биологиялық қауіпсіздік боксы (бұдан әрі – БҚБ) – персоналдың жұқтыруын және жұмыс аймағы мен қоршаған орта ауасының ластану мүмкіндігін болдырмау мақсатында микроорганизмдерді физикалық оқшаулау үшін (жұмыс аймағына енгізбеу және бақыланатын шығару) пайдаланылатын конструкция; тәжірибелік зерттеулер – шығу тегі биологиялық микроорганизмдерді, гельминттерді, уыттар мен уларды пайдаланатын жұмыстардың барлық түрлері; штамм – микроорганизмнің таза өсіріндісі; эпидемиологиялық маңызды объектілер – өндірілетін өнімдері және (немесе) қызметі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда, тұрғындар арасында тамақтан улануды және инфекциялық аурулардың белең алуын тудыруы мүмкін объектілер. 59. Энтерококтардың санитарлы – көрсеткіш микроорганизм ретіндегі артықшылықтары мен кемшіліктері. Жауабыңызды. Escherichia coli – мен салыстыра отырып түсіндіріңіз. Энтеробактериялар (Enterobacteriaceae тұқымдастығы) Жалпы сипаттамасы. Enterobacteriaceae тұқымдастығы ең көптеген патогенді және шартты-патогенді бактериялардан тұрады, 20-дан астам туыстастықтар біріктірілген. Энтеробактериялар грам теріс қозғалмалы және қозғалмайтын, капсулалары болатын немесе болмайтын, споралары болмайтын таяқшалар. Қарапайым қоректік орталарда 37°C. температурада жақсы өседі. Ферменттік белсенділіктері көмірсуларға, спирттерге, аминқышқылдарына жоғары. Глюкозаны ферменттеуі, нитраттарды нитриттерге дейін қалпына келтірулері, оксидаза ферментінің жоқтығы энтеробактерияларды, адам патологиясында айтарлықтай орын алатын, басқа грам теріс таяқша тәрізді бактериялардан ажыратады. Ішек таяқшасы – тоқ ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі; бірқатар пайдалы қызметтер атқарады, соның ішінде ішек ауруын тудыратын бактерияларға, шіріткіш бактерияларға, Candida туыстығындағы саңырауқұлақтарға антагонист болып келеді, В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады, шелмайды (клетчатканы) жартылай ыдыратады. Тоқ ішекте 02, 07, 09 және т.б. серологиялық топтарға жататын E. coli мекендейді. E.coli ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда кең қолданылады, ол генетикалық инженерия мен биотехнологияда кеңінен қолданылатын жан – жақты генетикалық үлгі, нысана; сонымен қатар, ол қоршаған орта нысандарының нәжіспен ластануының көрсеткіші, санитарлық-көрсеткіш микроорганизм. Тоқ ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдар ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорыту жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабыну ауруларды тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер, менингиттер, тіпті коли-сепсис. Бұл ауруларды парентералдық эшерихиоздар деп атайды. Сонымен қатар, E. сoli-дің шартсыз патогенді штамдары бар – диареягенді немесе энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ), олар ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар деп аталатын ауруларды кең таратады. E. сoli-дің – серологиялық топтарының 80-нен астам өкілдері энтеропатогенді (мысалы, О55, О111, О15) болып табылады (26- сурет). ЭПІТ көбінесе иммунитеті қалыптаспаған, грам теріс бактериялардан сақтайтын өзіндік иммундыглобулині түзілмеген, асқазан сөлінің қышқылдылығы төмен, емшектегі балалар ауырады. Балаларда колиэнтерит дамиды. Бірақ ЭПІТ ересек адамдарды да зақымдайды, оларда эшерихиоз, тырысқақ немесе дизентерия түрінде жүруі мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін.
63)Санитарлы-микробиологиялық зерттеулердің әдістері.Тікелей әдістер. Идентификацияның жанама әдістері. Зерттеу обьектілерінің ЖМС, МАФАнМ-санын және СКМ-титрі, СКМ-индексі көрсеткіштерін сипаттама және анықтау әдісі Санитарлық микробиология – адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиология бөлімі.
Санитарлық микробиологияның зерттеу объектілері Санитарлық микробиологияның зерттеулерінің негізгі объектілері олар: Су – ауыз су, ашық су қоймалары; Ауа – перзентханы, бала-бақшаны, аурухана палатасын, дәріхана, мектеп, кинотеатр т.б. Топырақ – балалар мекемелерін салуда, коммунальді құрылымдар, кейде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша; Дәрілік препараттар; Тағам өнімдерін; ерін әдістемелік нұсқасын көрсетіңіз. Сыртқы ортаның санитарлы-эпидемиологиялық жағдайын анықтау үшін санитарлық микробиологияның әдістері: § Сыртқы ортада патогенді микроорганизмдерді тікелей анықтау. § Сыртқы ортада патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігінің жанама индикациясы. Микробтың жалпы санының критерийі: Жалпы микроб саны (ЖМС)- барлық микроорганизмдердің 1мл / 1гр субстраттағы саны. Осы арқылы, сыртқы ортада микроорганизмдер қаншама көп болса, сонша патогендік микроорганизмдердің ластануы ықтималдығы жоғары болады. ЖМБ анықтаудың 3 әдісі бар 1. Горяева камерасында микроскоппен бактерияларды тура санау арқылы оптикалық әдіспен анықтау. 2. Бактериологиялық әдіс. 3. Биомассаны өлшеу. • Оптикалық әдісті суқұбыры станцияларында су құбырын тазалау эффективтілігін бағалау үшін қолданылады, бірақ ол өлі мен тірі бактерияларды ажырата алмайды. Зерттеуді 1 сағ көлемінде жүргізуге болады, сондықтан бұл әдіс апаттық оқиғаларда ең қолайлы болып табылады. Әдіс, судың тазару процесін жорамалдауға мүмкіндік береді. Тазартудың алғашқы стадиясында грам теріс бактериялар грам оң бактерияларға қарағанда көп, ал таяқша тәрізділер, кокктарға қарағанда көп болады. Соңғы стадияда барлығы керісінше өзгереді. • Бактериологиялық әдіс — бір микроорганизмнің таза дақылын алу және оны серовар мен фаговарға дейін идентификациялау; Белгілі бір жағдайда өсетін, бактериялардың бір физиологиялық тобын анықтайды. Мысалы, термиялық өңдеуден өткен тағам өнімдерінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері анықталатын босла, онда ол термиялық өндеуден тиімді өтпегенін немесе кей жағдайда тағамның микроорганизмдермен екінші реттік ластануы тасымалдау мен сақтау кезінде пайда болуын дәлелдейді. Заманауи санитарлық-микробиология санитарлық-көрсеткіштік және патогенді микроорганизмдерді индикациялау (ауқындау) және идентификациялау кезінде диагностикалық зертханада қолданатын барлық әдістерді қолдануға ұмтылады: микроскопиялық – зерттелетін объектіде микроскоп арқылы бактерияларды тура санау; бактериологиялық - микроорганизмнің таза дақылын алу және идентификациялау; биологиялық - зертханалық сезімтал жануарларға жұқтыру, серологиялық және молекулярлық-генетикалық әдістер. • Бактериялар массасының қалдығын таразыға тарту арқылы тек арнайы зертханаларда жүргізіледі, жасушалық алмасу көрсеткішін анықтау үшін пайдаланылады. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР • СКМО- санитарлық –көрсеткіштік микроорганизмдері; • Титр – субстраттың минимальды саны (см3, г), және онда СКМО анықталады; • Индекс - СКМО – ның саны; • Айрықша мүмкін сан (АМС) - СКМО-ң саны 1л судағы немесе 1 г басқа субстраттағы саны. Бұл дәлме-дәл көрсеткіш, оның сенімді шекаралары бар.
Патогенді микроорганизмдердің анықтаудың тікелей әдістері.Идентификацияның жанама әдістері.МАФАнМдің және СКМ санын анықтау әдістері Санитарлық микробиологияда зерт. обьектілерді санитарлы-эпидемиологиялық бағалаудың 2 әдісі қолданылады: 1.Патогенді микроорганизмдерді тікелей анықтау әдісі. 2.Патогенді микроорганизмдерді жанама анықтау әдісі. Патогенді микроорганизмдерді тікелей анықтау әдіс – салыстырмалы дәл, сенімді көп еңбекті талап етеді. Тікелей әдіс зерттелетін материалды қоректік ортаға егу арқылы бактериологиялық зерттеу, нуклеин қышқылдарының гибридизациясы, полимеразалық тізбекті реакция, серологоиялық, биологиялық т.б. әдістер. Дегенмен, тікелей анықтау әдісі нәтижесіне келесі факторлар әсер етеді: 1. Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдердің мөлшері салыстырмалы аздығы, себебі патогенді микроорганизмдер қоршаған орта микрофлорасының 1/30 000 ғана құрайды. Сонымен патогенді микрофлора қоршаған ортада біркелкі таралмаған, сондықтан белгілі бір периодтық динамикада қажетті сериялық зерттеу жүргізіп отырады. 2. Бір қоздырғышты бөліп алу, басқа патогенді түрдің болуына кепілдік бола алмайды. Бұл жағдайда эпидемиялық ошақтарды тудыруға қабілетті шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлі жоғарылайды. Патогенді микроорганизмдерді жанама анықтау әдіс (жалпы микробтық сан, санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер саны) – бұл қоршаған ортада қоздырғыштың болу мүмкіндігін жанама түрде анықтау. Ж анама анықтау әдісінде 2 көрсеткіш қолданылады: 1.Жалпы микробтық сан – ЖМС – Date: 2015-07-01; view: 5081; Нарушение авторских прав |