Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Прокариоттардың құрылысы және классификациясы.Бактериялардың құрылысы мен морфологиясын сипаттаңыз





Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.

Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады. Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.

 


Саңырауқұлақтардың марфологиясы және құрлысы. Саңырауқұлақтар тудыратын инфекциялық аурулардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Саңырауқұлақ. Саңыраукұлақтар микроорганизмдер ішіндегі ең үлкен топ. Олар төменгі сатыдағы есімдіктерге жатады, клеткасында хлорофилл болмайды, дайын органикалық заттармен қоректенеді.Саңырауқұлақтар аэробты организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.Сыртқы орта жағдайларына саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Тәменгі температура, түздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлердекездеседі.Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын сақырауқұ-лақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мице-лийі бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер болады.Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының құрылысы басқа организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде клеткада углевод және май заттары кездеседі.Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқүлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік ортада кез болған споралар тез арада көбейіп, жаңадан гифтер түзеді.Саңырауқүлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алатын болса, кейбіреулері ерекше клеткалар—ойдийлер арқылы көбейеді. Ойдийлер, гифтер жеке клеткаларға бөлінгенде пайда болады және одан қоректік ортада жаңадан саңырауқүлақтар өсіп шығады. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдармен көбеюіне (мәселен, картоптың түйнекпен өсуі) үқсайды.Саңырауқүлақтарда спора түзілу жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Жыныссыз жолмен көбейгенде споралар ерекше гифтердің үшында пайда болады. Мүндай гифтер құрылысы жағы-нан әдеттегі гифтерден өзгеше келеді.Кейбір саңырауқұлақтардың осындай гифтерінің ұшында споралар бірден, топталып немесе моншақталып орналасады. Бұл спораларды конидий, ал олар орналасқан гифтещі сдңлідиеносцалар деп атайды. Пісіп жетілген кезде конидий шашылады да, қолайлы жағдай туғанда көбейеді.Басқа саңырауқүлақтарда споралар спорангиеносцалар деп ата-латын гифтердің үшындағы дөңгелекспорангийлер ішінде түзіледі. Пісіп жетілген спорангийлер жарылып, споралары төгіледі. Бұлар да қолайлы жағдайға тап болса көбейіп, жаңадан саңыраукұлақ біреді. Саңырауқұлақ споралары орасан көп және олар едәуір қашықтыққа дейін таралады. Конидийлер де, спорангийлер де пішіні және бояуы жағынан түрліше болып келеді. Міне бұл қаеиеттер оларды анықтау үшін қолданылады.
Жшст Ақ жолмен көбейгенде екі жыныстық клетка қосылғаннан шһ\п зигоспора түзіледі, немесе ооспора деп те атайды. Қолайлы жағдай туғанда бұлардан жаңа саңырауқұлақтар түзіледі.Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда бірнеше споралар пайда болады. Кейбір түрлерінде төрт базидыспора, ал басқа бір түрлерінде сепзден аскоспора негізделеді. Базидиспоралар қап сияқты ерекше дененің жоғары жағында түзілсе, аскоспоралар сумка сияқты цилиндр пішінді жүмыр клеткаларда пайда болады.Жынысты және жыныссыз жолдармен көбейе алатындарын жетілген, ал тек жыныссыз жолмен ғана көбейе алатындары — же-тілмеген саңырауқүлактар деп аталады.Қейбір саңырауқүлақтар қалың қабықпен қапталған гифтер, яғни хламидоспоралар түзуге бейімделген. Бұлар, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктерді зақымдайды. Сөйтіп саңырауқұлақтар микроорганизмдер дүниесінен ерекше орын алады. Бұлардың таібиғатын жете түсініп білгенде ғана пайдалы жақтарын қолданып, зиянды әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік туады.



Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін.
Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқкиім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді.Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу

Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту;

Жазда ашық аяқкиім кию;

Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу;

Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу;

Басқа адамның киімін кимеу

Актиномициттер, олардың бактерия және төменгі сатылы саңырауқұлақтармен ұқсастығы және айырмашылығын түсіндіріңіз.

Актиномицеттер. Актиномицеттердің аталуы латын сөздерінің (аctis – сәуле, myces – саңырауқұлақ) негізінде шыққан. Актиномицеттердің негізгі тіршілік ортасы – топырақ. Олар гетеротрофтар, яғни дайын органикалық қосылыстармен қоректенеді, соның нәтижесінде олар табиғаттағы зат алмасу процесіне қатынасады. Актиномицеттердің басым көпшілігі сапрофиттер, бірақ адамдар мен жануарлар организмінде актиномикоз ауруын туғызатын өкілдері кездеседі. Олар тағамдық өнімдерде де кездесіп олардың бұзылуына әкеліп соқтырады. Актиномицеттердің денесі саңырауқұлақтарға ұқсас, тармақталған жіпшелерден мицелийлерден тұрады. Кейбір актиномицеттердің мицелийлері бөлінген кезде таяқша тәрізді және сферикалық бактерияларға ұқсас клеткаларға бөлінеді. Актиномицеттер грам оң, клеткалары қозғалмайды, көбі түсі- не байланысты әр түрлі пигменттер түзеді және спорамен немесе жай бөліну арқылы көбейеді. Кейбір актиномицеттердің мицелий- лерінің ұшында бірнеше спорасы бар спороносецтер пайда болады. Топырақта тіршілік ететін актиномицеттердің көпшілігі клеткаларының пішіні мен түстеріне, спороносецтерінің құрылысына және антибиотиктерді түзуіне байланысты бірнеше топқа бөлінде. Актиномицеттердің көптеген метаболиттері биологиялық белсенді қосылыстарға – антибиотиктерге, гормондарға, дәрумендерге, ферменттерге және т.б. жатады. Актиномицеттерден 1000-ға жуық бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қарапайымдыларға, сонымен қатар ісікке қарсы антибиотикалық заттар бөлініп алынған Олардың көбісінің, соның ішінде стрептомициннің, ауреоми- циннің, террамициннің және т.б. тәжірибелік маңызы зор. Актиномицеттердің барлығы дерлік В12 дәруменін және оның аналогтарын түзеді. Кейбір түрлері дәрумендердің В2, биотин, пантотен және никотин қышқылдарын, пиридоксин, рибофлавин түрлерін де түзеді. Актиномицеттердің кейбіреулері амин қышқыл- дарының глутамин, аспарагин, валин, метионин, цистеин, цистиндердің продцуценттері болып табылады. Ал кейбір түрлері аромат- ты заттар түзеді.Актиномициттер олар саңырауқұлақтар, себебі олар тармақталған формада болады.Актиномициттер саңырауқұлақтар патшалығына жатады,себебі олар тармақталған жасушалы болып келеді.

Вирустардың құрылысы және таралуы.Бактериофагтар морфологиясы және классификациясы.Бактериофагтардың негізгі ерекшеліктері және медицинадағы маңызын түсіндіріңіз

Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді. Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады. Генетика мен молекулялық биологияның теориялық мәселелерін анықтап, шешуде Бактериофагтардың маңызы зор.

Патогенді коктар тудыратын аурулар. Аэробты Грам оң және Грам теріс коктар. Аэробты Грам оң коктар стафилакокктардың, стрептококктардың, энтерококктардың әсер ету механизмдерін көрсетіңіз.

Патогенді коктарға: стафилакоктар,стрептакоктар, пневмококтар, менигококтар, гонококкалар жатады. Патогенді коктардың барлық түрі іріңді-қабыну процесстерін тудырады. Сондықтан оларды іріңді коктар депте атайды. Стафилакоктар теріде және шырышты қабаттарда болып кез келген орган мен тканьдердің іріңді-қабыну процестерін тудырады. Сонымен қатар стрептококтарда адамның терісімен шырышты қабаттарында кездеседі. Бірақта стрептакоктар әртүрлі іріңді процестермен қатар рожа,скарлатин,ревматизм ауруларын тудырады. Пневмакоктар жоғарғы тыныс алу жолдарының шыршыты қабаттарында кездеседі және пневмонияны өкпенің басқада патологиялық процестерін,ортаңғы құлақтың қабыну процестерін тудырады. Менигококтар мен гонококтар тек адамдарда ғана ауруды тудырады. Менингококкалар жұтқыншақтың шырышты қабығында кездеседі. Менигококтар ми қабықшаларына өте отырып менингитті тудырады. Гонококкалар зәр-жыныс жолдарының шырышты қабығын және көз коньюктивасын зақымдайды. Барлық патогенді коктар қозғалмайды,және спора түзбейді. Грам оң және Грам теріс коктарды ажыратады. Грам терістерге:менигококтар мен гонококтар, ал Грам оңға стафилакоктар,стрептакоктар,пневмококтар жатады. Стафилакоктардың әсер ету механизмі:стафилококтар организмге ауа-тамшылы және асқорыту жолдары арқылы жұғады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыс арқылы жуғуы мүмкін:кір қол және стерильды емес медициналық заттар арқылы жұқтыруға болады. Стафилококты адам өте жиі больницада жұқтырады. Стафилакоктық аурулардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар:әлсіз иммунитет,эндогенді және экзогенді инфекциялар,дисбактериоз. Стафилакокпен зақымдалу қаупі жоғарылайды:егерде венаішілік катетер,венаішілік қоректендірі аппараты,өкпелердің жасанды вентиляцтясы аппараттары қолданылған кезде. Стрептококтар миға,қанға,жүрекке,зәр шығару жолдарына өте алады. Стрептококтар тудыратын инфекциялық аурулар: бронхит, ангина, парадонтит, пневмония, абсцесс, гломерулонефрит, ревматизм, скарлатина, фарингит. Жануарлар мен адамдардың терісінде кездеседі,топырақты және өсімдіктерде де болады. Стрептококтар ауалы тамшылы жол арқылы жұғады. Қоздырғыш сыртқы ортаға жөтелу түшкіру кезінде аэрозоль түрінде шығарылады Стрептококтық инфекциялардың қоздырушылары сонымен қатар тұрмыстық және алиментарлы жолдармен беріледі.Тұрмыстық:лас қол және әртүрлі тұрмыстық заттар арқылы беріледі. Алиментарлы:лас тамақ арқылы беріледі.Жыныс мүшелерінде кездесетін стрептакоктық инфекциялар жыныстық жолмен беріледі. Энтерококтартардың адам организмінде тудыратын аурулары: эндокардит, тері мен дәнекер ұлпалардың инфекциясы, зәр-жыныс жүйесінің инфекциясы (цистит, уретрит, простатит, пиелонефрит),остеомиелит, менингит, септикалық артрит, тыныс алу жолдарының инфекциясы. Энтерококтар адамның асқаза-ішек трактісінің қалыпты микрофлорасының құрамына кіреді. Энтерококтармен зақымдалу жолдары:ауруханада,іщектің микрофлорасының бұзылуы, организмдегі зат алмасу процестерінің бұзылуы, жарақаттар арқылы. Энтерококтар негізінене патогенді емес микроорганизмдер. Тек ішектің қалыпты микрофлорасы бұзылғанда,иммунитеті төмендеген адамда шектен тыс санының көбеюі есебінен әртүрлі инфекциялық аруларға алып келеді.







Date: 2015-07-01; view: 6147; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.02 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию