Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Вируленттілік факторлары және олардың сипаттамасы. Адгезия және колонизация. Патогендердің өзіндік адгезиясын қамтамасыз ететін факторларСтр 1 из 20Следующая ⇒
Медициналық микробиология пәні. Медициналық микробиология зерттейтін объект. Микробиологияның дамуының қысқаша тарихы. Микробиологияның Қазақстан мен Ресейде дамуына шолу Медициналық микробиология — адамда ауру қоздыратын патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын, экологиясын, таралуын, бөліп алу әдістерін және иденфикациялауды, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардан алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды карастырады. Негізгі объектісі – адам организмінің қалыпты микрофлорасының өкілдері және әр түрлі инфекциялық ауру қоздырғыштары. Микробиологияның дамуы көптеген мыңжылдықтармен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V-VІ мыңжылдықта адам микроорганизмдердің бар екенін білмей-ақ оларды қолданған. Шарап жасау, нан пісіру, сүт өнімдерін жасау, тері илеу микроорганизмдердің қатысуымен өтетін процестер. Көне заманда ғалымдар мен ойшылдар көптеген ауруларды тірі табиғаттағы кезге көрінбейтін бөтен себептер тудырады деп есептеген. Бұдан шығатын қорытынды микробиология біздің эрамызға дейін қалыптасқан.Эмпирикалық кезең күтпеген ашылулар мен Жердегі көзге көрінбейтін, бірақ ауру туғызатын ағзалардың бар екендігі туралы ой-пікірлермен байланысты. Б.э.д. III — IУ ғасырларда антикалық медицинаның негізін салушы Гипократ адамдардың ауруларын көзге көрінбейтін ерекше бөлшектер туғызады деп, оларды сазды және басқа да жергілікті жерлерден бөлінетін *миазмалар* деп атады. Лукрецкий Кар айтқандай әр инфекцияның өз тұқымы бар. 14 ғасырда оба пандемиясы Европа тұрғындарының 1/4 қайтыс болғанын инфекциялық аурулары жұқпалығына зең қойды. Аурудың көзге көрінбейтін қоздырғыштарының болуы туралы дәлелдеулер тек микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды. Бұл голланд ғалымы А. Левенгуктың есімімен байланысты. Ол өз қолымен дайындаған 50-300 есе үлкейткіш аспаптың көмегімен 1686 жылы алғаш рет «анималькулюстерді»тапты. Сонымен бірге ұсақ организмдер де ашылды. Бірақ оларға микроорганизмдер деген ат берілген жоқ себебі олардың классификациясы жасалмады, биологиялық қасиеттері зерттелмеді, ХIХ ғасырдың 60 жылдарына қатысты, және микроорганизмдерді физиологиялық тұрғыда зерттеуге негіз қойған, атақты француз ғалымы Луи Пастердің (1822—1895) қызмет жолдарымен тығыз байланысты. Ол спирттің, май қышқылдық және сүт қышқылдық ашудың биологиялық табиғатын бекіткен. Кох туберкулез бен холера қоздырғыштарын тапқан. Одан туберкулин препаратын алып, туберкулезбен ауырған адамдарды зерттегісі келген. Бірақ, ол ісі практикада жүзеге аспады, бірақ туберкулезге қарсы препараттарды дайындауда өте құнды диагностикалық зат болып табылған. Ондай препараттардың бірі – BCG вакцинасы болып табылады. Дүние жүзілік және отандық микробиология тарихында орыс оқымыстысы Д. И. Ивановскийдің (1864—1920) алатын орны ерекше. Ивановский бұдан бүрын ешкім байқамаған темекінің мозаиа және рябуха деген ауруларын зерттей отырып, олардың әрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін және бүл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын аныктады. Сөйтіп, мөлшері жағынан әдеттегі микроорганизмдерден бірнеше есе кіші, арнаулы бактериялық сүзгіден өтіп кететін вирус деп аталатын микроорганизмдердің ерекше бір түрін тапты.Бүдан кейінгі ғалымдар вирустардың адам мен жануарлардың бірқатар ауруларын қоздырушы екендігін дәлелдеді. Ивановскийің вирустар жайындағы еңбегі, көптеген зерттеулермен толықтырылып, вирусология ғылымы деп аталды. бақылады, яғни қайта түскен антигенге антидененің жылдам түзілуі. Қазақстанда микробиология мен вирусологияның дамуы Қ-да мик-я мен в-я ғылымының даму кезеңі Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдармен тығыз байланысты.Осы кезеңмен денсаулық сақтау мин-гі жанынан қазақ эпид-я,мик-я,жұқпалы ау-р ғылымыи-зерттеу инстит-ң ашылуымен тығыз байланысты. Негізін қалаушылар Д.М.Новогрудский,Д.Л:Шамис,Х.Ж.Жұматов болып саналады. Д.М.Новогрудский топырақ мик-ң био-н зерттеген. Д.Л.Шамис ҚР Ғылым Ак-ң құрамында алғаш мик-я секторын ашып,оның алғ.директоры болды. Х.Ж.Жұматов Қ-да алғ.вир-ң лаб-я ашып,мик-я ж-е ви-я инс-ң іргетасын қаласты. Инфекция туралы жалпы түсінік.Инфекциялық процесс. Инфекциялық ауру. Инфекциялық процестің сатылары мен даму сатылары. Инфекциялық аурулардың ерекшелігін түсіндір. Инфекция (латынша infestio – ластану – микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмнің қорғаныс – бейімделу реакциясының тууына себепкер болады. осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп аталады. Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекция білінуінің ең ашық түрі инфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі (анық инфекция). Мал немесе адам организмінде паразиттік тіршілік етуге эволюциялы бейімделген микроорганизмдердің қоздыруынан пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп атайды. Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет – спефицикалық тірі қоздырушы – паразиттің бар болуы жанасуымен берілуі немесе жұқпалылығы (таралу қабілеттілігінің салдарынан қоздырушының ауру малдардан сау малдарға берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңнің бар болуы циклділік дамуы, қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы (антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай-күйі және ауырып, айыққан малдардың иммунитеті болуы).Жұқпалы аурудың пайда болуы мен дамуы тек қана спецификалық қоздырушының бір болуы меноның ауруға бейімді мал организміне енуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге микро- және макроорганизмнің өзара қатынас сипатын белгілейтін ішкі және сыртқы ортаға да байланысты. Ауру қыздырушылардың мал организміне кіріп кетуін немесе енгізілуін ауру жұғуы деп аталады. Ауру жұғуы үнемі ауруға әкеп соқпайды, аурудың басталуына, оның алғашқы белгілерінің білуіне әкеп соғады. Көп жағдайда макроорганизмнің қорғаныс икемділігі патогендік микробтарды зиянсызданыдыруға мүмкіндік береді. Инфекцияның дамуында 3түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм және сыртқы орта, өзара әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді. Инфекциялық процестің классификациясы. Инфекциялық аурулардың классификациясы. Микроорганизмдердің тіршілік ету жалпы заңдылықтарын сипаттаңыз. Инфекциялық процесс – макроорганизмдердің ішкіортасының қалыпты жағдайын бұзатын патогенді микроорганизмнің енуі мен көбеюінің нәтижесінде пайда болатын, биологиялық құбылыстар мен процестердің жиынтығы. Инфекциялық процесс субмолекулалық, субклеткалық, клеткалық, ұлпалық, органдық және организм деңгейіңде жүреді. Инфекциялық ауру – клиникасы айқын инфекциялық процестың формасы. Инфекциялық ауру лабороториялық немесе клиникалық әдістермен анықталады. Инфекциялық аурудың ерекшеліктері: Инфекциялық аурудың өзінділігі; Инф.аурудың контагиоздылығы; Инф.аурудың айналымдылығы. кез келген инфекциялық ауруға айналымдылық тән. Кез келген инф.ауру уақытпен шектелген және белгілі бір клиникалық периодтардың ауысуымен жүреді. Инфекция пайда болу үшін мынандай жағдайлар болу керек: · Патогенді микроорганизм. · Инфекциялаушы доза. · Қоздырғыштың көбею жолдары. · Қоздырғыштың ену қақпасы мен ену жолы. Инфекциялық процесс түрлері: Бактеримия – қанда бактериялардың болуы; Токсинемия- микроб токсиндерінің қанда таралуы; Фунгемия-қанда саңырауқұлақтардың болуы; Вирусемия- қанда вирустардың болу. Бактеримияның асқынулары: Сепсис – микроорг-дің қанда көбеюі; Септецемия- микроорг-ң тек қанда көбейетін жағдайы; септикоплемия- қанмен қоса ұлпалар мен мүшелерде іріңді қабыну ошақтарының түзілуі. Инфекциялық аурулардың формалары: • шығу тегіне қарай: Экзогенді және эндогенді инфекциялар. • ие организмге байланысты: Ошақтыжәнегенерализацияланған инфекция. • қоздырғыш санына байланысты:Моноинфекциялар мен араласинфекциялар - миксталар. • Аурудың қайталануына байл: Суперинфекция, реинфекция, рецидивтер. •Инфекциялардың белгілеріне байл:Манифестіжәнесимпомсызинфекциялар.
Патогенді микроорганизмдер және олардың қасиеті. Микроорганизмдердің патогенділік дәрежесі, патогенді, шартты патогенді, сапрофитті микроорганизмдер. Патогенді микроорганизмдердің организмге ену жолдары. Патогенді микроорганизм – ауру тудыруға қабілетті микроорганизм; Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син. Ауру қоздырғыштық) дəрежесіне қарай барлық микроорганизмдерді үш топқа бөледі: патогенді, шартты–патогенді жəне сапрофитті микроорганизмдер..Патогенді микроорганизмдер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis -туылу) – бұлар адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Шартты – патогенді микроорганизмдер (патонциалды патогендер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – Бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі төмендегенде, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына енгенде ауру тудыруға қабілетті микробтар. Сапрофитті микроорганизмдер (грек: sapros - шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенді емес микроорганизмдер – бұл өсімдіктердің жəне жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету барысындағы өнімдермен қоректенетін микробтар. Микроорганизмдердің патогенділік факторлары: адгезивтілік, колонизациялық жəне инвазивтілік, агрессивтілік, токсигенділік қасиеттірі жатады.Патогенды микроорганизмдер инфекциялық ауруларды ауырмаған адамға жұғу арқылы тудырады. Олар организмге белсенді түрде еніп, паразиттік түрде тіршілік етеді. Потогенді микроорганиздер инфекциялық ауру тудыруы үшін, олар тағы бір қасиетке - вируленттілікке ие болу керек, макроорганизмге енуі, оның қорғаныштық механизміне төтеп беруі, нәтижесінде инфекциялық аурудың дамуына септігін тигізуі. Вируленттілік микроорганизмдердің патогенділік дəрежесі. Вируленттілік - түрлік қасиет көрсетпейді, потогенділік сияқты, ол штамдық белгі. Вируленттілік лабильді, яғни, in vivo, так және in vitro секілді төменге де жоғарыға өзгере алады. Вируленттіліктің максимальды төмендеуі потогенді микроорганизмдерде авируленттілікті көрсетеді. Вирулентті микроорганизмдер үнемі потогенді. Вируленттіліктің факторы негізінде олар инфекциялық ауруларды қоздырғыштары болады, олар микрооргаиздердің өзіндік шарттарын бұзады. 5. Патогенділік және вируленттілік. Микробтардың патогенділік факторлары. Вируленттілік факторлары. Вируленттіліктің көрсеткіштері. " Патогенділік" - микроорганизмнің ауру қоздыру қабілеті. Ол екі грек сөзінен тұрады: раіһоз - қайғы-қасірет, gепеs - тудыру. Патогенді, яғни ауру тудырушыларға барлық бактериялар жатпайды. Микро- және макроорганизм арасында түрлі симбиоз формалары бар: мутуализм, комменсализм және паразитизм. Патогенділік, немесе ауру тудыру қабілет абсолютты емес. Оның пайда болуы келесі шарттарға байланысты: Микробтардың патогенділігі жануарлардың арнайы түрінде байқалады. Кей бактериялар тек адамға патогенді, басқалары тек жануарларға патогенді, ал тағы баскалары адамға және жануарға да патогенді (оба, бругцеллез, туляремия т.б. қоздырғыштар). Кей жағдайларда (табиги) микробтар макроорганизмге патогенді емес, ал жағдайы өзгергенде сол микроорганизм патогенді болып келеді. Мысалы, табиғи жағдайда тауықтар сібір түйнемесімен ауырмайды, ал егер олардың дене температурасын төмендетсе олар ауырады. Сау адамға патогенді емес немесе шартты патогенді микроорганизмдер организмнің табиғи резистенттілігі (төзімділігі) бәсендесе осы микробтар патогенді болып келеді. Патогенділік ауру тудыру қабілет — бактерияның түр (видовое) қасиеті, түрдің барлығына тән, бірақ түрлі өкілдерде түрлі дәрежеде көрінеді. Сондықган, патогенділік дәрежені бағалау үшін вируленттілік термин пайда болды. Патогенділік және вируленттілік (латын тілінен virulentus - улы) бір мағынада - ауру тудыру қабілет, бірақ вируленттілік дегеніміз саналық баға, яғни пагогенділіктің дәрежесі, өлшемі. Вируленттілікті күшейтуте (ұлғайту) және бәсендету (төмен) болады. Бұны қоздырғышқа түрлі әсер беру нәтижесінде байқауға болады. Л.Пастер сібір түйнемесіне қарсы вакцина алғанда, оның қоздырғышын жоғары температурада өсірді (42"С) - қоздырғыштың патогенділік қабілетіне жауанты плазмида жоғары температурада бұзылады. Л.Пастер қүтыруға қарсы вакцинаны алғанда, ол көжектерге жоғары вирулентті құтыру қоздырғышының штаммын селекциялап адамға патогенді емес штаммын алды. Л.Себип полиомиелитке қарсы тірі вакпинаны полиовирустың үш типтерінің селекциясын жасағанда авирулентті штаммын алды. Микроорганизмнің вируленттілік санын үш әдісте анықтауға болады: микроорганизмнің немесе олардың токсиндерінің минималды өлтіру дозасы — Dlm, Dcl, Dl50, Dlm (letalis minima) - арнайы уақытта жануарларды өлтіретін доза - қатыстық баға, жануар түріне байланысты. Dlm көжекке, итке және теңіз шошқасында әр түрлі болады. Dсl (dosis сertа letalis) - сөзсіз өлтіретін доза, яғни барлық жануарларды өлтіретін доза; ол да қатыстық доза болып келеді. Сондықтан, статистикада қолайлы болып жұқтырған жануарлардың 50% өлетін доза - Dl50 есептеледі. Бұны Рид. және Менч әдісі бойынша статистикада есептелінеді. Вируленттілік факторлары және олардың сипаттамасы. Адгезия және колонизация. Патогендердің өзіндік адгезиясын қамтамасыз ететін факторлар. Патогенді (вируленттік) факторлары. Патогенділік бактериялардың биологиялық белгі ретінде үш қасиеттермен нәтижеленеді: инфекциялық, инвазивтік, токсигендік (немесе улылық -токсиндік). Инфекциялык (немесе инфективтік) — бұл қоздырғыштың организмге енуі және ауру тудыруы. "Микробтың ену механизмінің біреуімен енгенде өзінің патогенді қасиеті сақталып беткейлі барьерлерден (тері және кілегей қабығы) өтеу қабілеті". Инвазивтік - қоздырғыш организмнің қорғаныс механизмдерінен сау өтіп, көбейеді, клеткаға өтіп, организмде таралу қабілеті. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде пагогенді факторлар топтасқанда сипаттама береді. Олар клеткаға енген соң қарқынды көбейеді; фагоцитозды бәсендететін факторлар және фагоцитозды өткізбеуге бейімді факторлар микроорганизмдерде кездеседі; "агрессия және қорғаныс" ферменттері көптеген топтар қалыптастырады. Бактериялардың токсигенділігі олардың экзотоксин бөлуімен сипатталады. Улылық (токсичность) эндотоксин әсерімен байланысты. Экзотоксин және эндотоксин организмге әсер етіп оның оміріне қатерлі жағдай тудырады. Инфекциялық, инвазивтік (агрессивтік) және токсигендік (улылық) қасиеттер бір-бірімен міндетті түрде байланысты емес, әр микроорганизмде олар өзгеше сипатталады. Кей микроорганизмдерде басты бағытта агрессивті (инвазивті) қасиет болады. Мысалы, оба қоздырғышы Ү.реstis экзотоксин түзгенімен («тышқан» токсині), негізгі фактор ретінде организмнің резистенттілігін тежейтін, жылдам түрде клетка ішінде көбеюін және организмге таралуын қадағалайтын патогенді факторлар басым болады. Сонымен қатар, сіреспе, дифтерия және ботулизм қоздырғыштардың иифекциялық қасиеті әлсіз болғанымен, олар өте күшті экзотоксин түзіп ауруды дамытады, оның патогенезі мен клиникасын-қарқынды өткізеді. Сондықтан, осындай күрделі биологиялық қасиеті — патогенділік - пато-генді бактериялардың нақты патогенді факторлармен байланысты, және олар-дың көріністері келесі қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Оларға жатады: Хемотаксис және қозғалыс (талшықтары бар бактерияларда). Хемотаксис көмегімен бактериялар клетка-нысанасын табады, ал олардың талшықтары клеткамен әрекеттесуін жылдамдатады. Кілегей субстраттарын бұзатын ферменттер. Кілегей қабықтарда орналасқан эпителиалді клеткаларды сыртынан қаптайды. Протеаза, нейраминидаза, лецитиназа және басқа ферменттер кілегейді бұзып, микроорганизммен байланысатын рецепторларды ашып, босатады. Адгезия және колопизация факторлары. Бактериялар осы факторлар әсерімен клетка мембранасындағы рецепторларды танып алып, жабысады да клетка беткейінде таралады (колонизация). Бактерияларда адгезия қызметін клетка қабырғасының структуралары атқарады: фимбриялар, сыртқы мембрананың белоктары, ЛПС т.б. компоненттер. Адгезия патогенділіктің бастапқы механизмі. Бактериялар клетка ішінде көбейеді немесе клетка беткейіндегі кілегейде (мембранада), немесе одан өтіп организмде таралады. Сондықтан, барлық бактериялар және вирустарда клетка беткейіне жабыспай (адсорбция) патогенді қасиеттеріи арта алмайды. Сонымен қатар, токсиндер де нысана-клетка мембранасындағы рецепторлармен байланыспай токсикалық қызметін атқара алмайды. Сондықтан, адгезия мен колонизация — ауру дамуының бастапқы, негізгі механизмі. Date: 2015-07-01; view: 6972; Нарушение авторских прав |