Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Комплемент жүйесі белсенуінің классикалық және альтернативті жолын түсіндіріңіз
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі арнайы болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек. Комплементтің классикалық жолмен активтенуі иммундықкешендердің түзілуінен басталады. Бірақ, мұндағы маңызды жағдайдыңбірі – иммундық кешендердің құрамында иммуноглобулиндердің белгілібір кластары мен подкластарына кіретін антиденелер болуы тиіс. Адамда оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі антиденелердің қатысуынсыз жүреді, яғни арнайы емес жол. Ол ағзаның арнайы емесиммунитетінің ең маңызды компонентінің бірі. Комплемент жүйесініңальтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы –активтену С3 компонентінен басталады, осыған байланысты С1, С4 жәнеС2 компонентері үрдіске қатыспайды. Бірақ альтернативті жолмен активтену міндетті түрде пропердин жүйесінің нәруыздарының қатысуымен жүреді. С3 компоненті активтену үшін құрылысы бойынша Т-тәуелсіз антигендерге жақын антигендер қатысуы керек. Көбіне альтернативті жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, бактериалды полисахаридтер мен липополисахаридтер, сондай-ақ бактериалды эндотоксиндер мен құрылымы бойынша полианионды басқа да жоғары молекулалы заттар шақырады. Комплемент жүйесі белсенуінің классикалық және альтернативті жолдарының ұқсастығы және айырмашылығын жазыңыз. Дәптер Комплемент жүйесінің классикалық белсенуінің альтернативті белсенуінен айырмашылығы мынада: · комплемент жүйесінің классикалық белсенуі үшін спецификалық иммуноглобулиндер (IgG немесе IgM) мен иммундық комплекстердің болуы тиіс, бұл біршама уақытты талап етеді; · комплемент жүйесінің классикалық белсенуі комплементтің бірінші, яғни ерте компоненттерден (С1) компонентінің үш субкомпоненттерінен – C1q, C1r, C1s) басталады. Комплемент жүйесінің альтернативті белсенуінің классикалық белсенуден айырмашылығы: · комплемент жүйесінің белсенуі үшін иммундық комплекс қажет емес, сондықтан иммуноглобулиндерді өндіру үшін уақытты кетпейді; · альтернативті белсенуде комплеменнттің алғашқы компоненттері – С1, С2 және С4 – қатыспайды; · альтернативті белсену антиген денеге түскеннен кейін бірден іске қосылады және оны бактериялық полисахаридтер, липополисахаридтер, вирустар, жасуша мембранасының бетіндегі вирустық бөлшектер, ісік жасушалары, паразиттер, сондай-ақ агрегацияланған иммуноглобулиндер белсендіреді. Date: 2016-08-29; view: 1338; Нарушение авторских прав |