Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 9 page
Дюркгейм, мысалы, экономикалық дағдарыс кезеңдерінде өзін-өзі өлтірудің өршу себептерін қарастырады. Оның пайымдауы бойынша, қоғамда өзін-өзі ұстай білуге үйретілген, өз өмірлерінің жағдайларына байланысты ішкі тәртіптілігімен ерекшеленетін әлеуметтік топтар бар; бұл адамдар “жаңа қажетті құбандықтарға неғұрлым аз қысыммен төтеп бере алады” деп санайды. Сонымен бірге, өз кәсібінің түрі мен өмір сүру қалпына сәйкес мүмкіндігінше прогреске тез жетуге ұмтылатындардың өткен шақта да, болашақта да тірегі жоқ, сондықтан да олар экономикалық дағарыстың жиі құрбаны болып, өмірден өз еркімен кетеді. “Жоғары процент (1 млн-ға 720 адам) өзін-өзі өлтіруге көбінесе тағдырдың тәлкегіне ұшырамаған адамдар бейім екендігіне көз жеткізеді”. Аномия сонымен қатар неке-отбасы қатынастарын да қозғайды. Дюркгейм Францияның, Германияның, Швейцарияның түрлі аймақтарын салыстыра отырып, ажырасу статистикасы мен өзін-өзі өлтіру статистикасы арасында тұрақты сәйкестік бар деген қорытындыға келеді. Бұл, оған отбасы шырқының бұзылуы өзін-өзі өлтіру факторларының бірі деп тұжырымдауға негіз береді. Ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалық” кезеңіндегі барлық социологтардың дерлік зерттеу тақырыптары ішінен негізгілерінің бірі болды (бұған билік етуші таптың үстемдігі мен ол құрған меншік формасын нығайта отырып, діни идеология әлеуметтік құрылымнан келіп шығады деген тұжырыммен шектелген Марксті қосуға болмайды). ХІХ ғасырдың аяғында әлеуметтік ғылымдарда діни наным мен ғылым арасындағы ымыраға келмейтін қарама-қайшылық туралы идея күш ала бастады, оның үстіне қоғамдық прогрестің дамуына қарай екіншісі біріншінің әлеуметтік өмірдегі маңызын төмендетеп, дәйекті түрде ығыстырып шығарады. Дюркгеймге келетін болсақ, ол негізінен бұл қайшылықты мойындайды, сонымен бірге, егер қоғамның барлық мүшелерін біріктіруші қандай да бір ортақ сенім болған қоғам өз құрылымы мен оны құрайтын бөлшектер арасында жеткілікті түрде мықты байланысты сақтап қалуға болатындығына кәміл сенді. Дюркгейм өз еңбектерінде барлық әлеуметтік институттардың функционалдық себептілігі туралы идеясын біршама дәйекті жүргізеді. Таза ұтымды тәсіл тұрғысынан келгенде қандай да бір әлеуметтік институт немесе қарапайым дәстүр, әдет-гұрып архаикалық, орынсыз, мәнсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, егер олар ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келсе, демек олар белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталғаны және егер жойылмаған болса, онда оны жеткілікті түрде қанағаттандырып отырғаны. Парасатты ойлау тұрғысынан келгенде сізде дінге көзқарасыңыз бойынша ұстанатын екі жеткілікті анық позициялар болуы мүмкін. Сіз Құдайға не сенесіз, не сенбейсіз. Бірінші жағдайда сіз адам санасы жетпейтін жоғары “Шындықтың” бар екенін мойындайсыз. Бұл “Шындық” социология зерттейтін тақырыптардан тыс тұрады. Екінші жағдайда Құдайға сену - бұл ұтымды дүниеде орын ала алмайтын нәрселерге қатысты жай ғана иррационалды соқыр сенім. Алайда социолог үшін дінде маңыздырағы бұл анық екі қатынастағы - не дінге сену, не оған қарсы шығудың бірде-біреуі болып табылмайды. Үшінші балама бар. Дюркгейм діннің өзіндік айқын емес теориясын жасады. Онда діннің кілті сенім емес, дінге бет бұрғандар іске асыратын әлеуметтік ритуалдар болып табылады. Дін - әлеуметтік ынтымақтастық кілті, ал діни нанымдар өзінің жеке құқығы бойынша емес, әлеуметтік топтың символы ретінде маңызды. Сондықтан да дін әлеуметтік өмірде басты рөл атқаратындарға қатысты ұтымды емес феномен мысалы ретінде маңызға ие болады. Барлық діндерге ортақ нәрсе ие деген сұрақ қояйық. Бұл Құдайдың - Иегова және Иисус, Аллах және Мұхаммед, Кришна, Вишну, Изида немесе Зевстің қандай да бір нақты доктринасы емес. Бір ғана құдайдың болуы туралы тұжырым да міндетті емес, өйткені бірнеше құдайы бар діндер жеткілікті: зороастриттердегі - Агумаразда мен Ариманда іске асқан зұлымдық пен жақсылықтың жұбы, Олимпте жайғасқан антикалық грек және рим құдайларының пантеоны, ежелгі үнділер мен өзгелердің көптеген құдайлары. Мәселе тіпті жалпы қандай да бір құдай түсінігі туралы да емес: мәселен, буддизм кәдуілгі дін болып табылады, бірақ та оның ағартуының базалық тұжырымдамасы шүбәсіз атеистік бағытта. Сонымен бірге көптеген тайпалық діндерде де құдай жоқ, дегенмен оларда табыну объектісін құрайтын тотемдік аңдар, өсімдіктер, тастар және осы тектестер бар. Дюркгеймнің пайымдауы бойынша барлық діндер екі ортақ белгісінің болуымен сипатталады: дінге сенушілер ұстанатын белгілі бір нанымдар және діндарлар ұжымдық түрде іске асыратын нақты жоралғылар. Дюркгейм үшін базалық діни сенімнің мәні бүкіл әлем екі категорияға бөлінуінде: қасиетті (сакральды) және қасиетті емес (профаникалық). Кез келген нәрсе қасиетті бола алады: рухтар, көзге көрінбейтін құдайлар, нақты бір аңдар немесе терек, алтарьлар, крестер, қасиетті кітаптар. Тек инициацияны өткендер ғана айта алатын ерекше сөздер немесе тек олар ғана айта алатын әндер. Қасиеттінің ерекшелік белгісі оның аса маңыздылығы мен қауіптілігінде: сіз оған байсалдылықпен, құрметпен қарап, қажетті дайындықпен келуіңіз тиіс. Қасиетті емес заттар қалған әлемді құрайды: сіз қалаулы және пайдалы деп тапқан, нақты шындықта қарым-қатынаста болғыңыз келгеннің бәрі, қалған заттардың бәрі. Бұл базалық діни наным: қасиетті мен қасиетті еместің дуализмы. Онымен бірге діни әрекет жасалады, дәлірек айтсақ - ритуал. Ритуал әдеттегі мінез-құлықтан мүлдем өзгеше. Көшеде серуендеу, өз жұмысын атқару, дүкенде бір нәрсені сатып алу сияқты қарапайым күнделікті әрекет және кез келген өзге нәрсе түрлі тәсілдермен іске асуы мүмкін. Сіз оны қалай жасайтындығыңызда ешқандай айырмашылық жоқ. Ритуалдар болса - қатаң белгіленген іс-әрекет. Ритуалдарда формалардың неғұрлым зор маңызы бар. Дұға оқу, гимн айту, қарапайым түрдегі құрбандық шалуды жүзеге асыру немесе би билеу, процессиядағы салтанатты шеру, идол алдында тізе бүгу немесе крест белгісі - бұларда әрекет дұрыс іске асуы тиіс. Ритуалдар - тәжірибелік іс-әрекеттің түрлі әдістерінде сияқты кезекті межеге жету құралы емес; мақсатқа жетпей тұрып, оларды қалай іске асырсаң да айырмашылық жоқ деп айта алмайсыз, өйткені ритуал формасы - оның мақсаты болып табылады. Егер ол дұрыс жасалса, онда оның мәні болғаны, ал қате іске асса түк те болмайды. Сонымен діндер өзара байланысқан нанымдар мен ритуалдардан тұрады. Ритуалдар - адамдар қасиетті деп есептейтін заттар әлеміне кіру рәсімдері. Бұл екеуіне қарама-қайшы ұғымдар бірдей орын алған: қарапайым, жол-жорасыз әрекет - сіздің қасиетті еместер алдында өзіңізді қалай ұстайтындығыңыз. Көріп отырғанымыздай, Дюркгейм нанымдарға қарағанда ритуалдарға артықшылық береді. Белгілі бір мағынада ритуалды дұрыс іске асыру - қасиеттілікке сенуге бастама болған нәрсе. Ендігі жерде: қалайша адамдар бұл айырмашылықты ойлап таба алды деген сұрақ туады? Неліктен жер жерде әлемді қасиетті және қасиетті емеске бөлудің әмбебап дерлік тұжырымдамасы қалыптасты? Табиғатта бұл тектес еш нәрсе жоқ. Жануарлар мұндай айырмашылықтар жасамайды. Физикалық әлемде барлығы бір деңгейде орналасқан. Неге адамдар өзін көрінбейтін рухтармен, құдайлармен, құрметтеудің білгілі бір түрін талап ететін және оған бағынбаған жағдайда қауіп тудыратын күштермен қоршалған деп ойлайды. Әлемде көптеген шын мәніндегі нақты қауіптердің бар екенін болжау қиын емес, сондықтан адамдар олармен іс жүзінде не істеу керектігіне үйреніп отырулары тиіс. Таза тәжірибелік тұрғыдан келгенде, дін әлемді галлюцинациялармен толтырады деп көрсетілуі тиіс. Дегенмен, адамдар құдайға телитін сипаттамалардың барлығы кездесетін бір шындық бар. Бұл шындық не табиғатқа, не метафизикаға жатпайды. Бұл қоғамның өзі. Өйткені қоғам - кез келген дербес индивид немесе тіпті индивидтер тобына қарағанда неғұрлым үлкен күш. Дәл қоғамның өзі бізді бұл дүниеге алып келді және ол ғана бізді жоя алады. Біздің әрбіреуіміз онымен сансыз әдістермен байланыстымыз. Біз өзіміз ойлап таппаған құралдар мен шеберлікті пайдаланамыз, өзгелерден келген тілдерде сөйлейміз. Шын мәнінде, біздің барлық материалдық және символикалық әлеміміз қоғамнан алынған. Біз өмір сүретін институттар - біздің отбасымыз экономика, саясат және т.б. формасы, - өзгелердің жинақталған тәжірибесінен, қысқасы - қоғамнан келген. Сонымен, Құдай - қоғамның символы деп нық сеніммен айта аламыз. Сондықтан бізден тыс қандай да бір құдіретті сезімді көз алдымызда көрінетін қарапайым физикалық шындықтың бөлігі болып табылмайтындығына қарамастан иллюзия деп есептеуге болар ма екен. Оның үстіне, бұл қандай да бір нәрсе - біздің қоғамға тәуелділік сезіміміз - бізден тыс және ішімізде бір уақытта өмір сүреді. Діндерде әрқашан бізден тыс қасиетті әлем мен біздің ішіміздегі қасиетті бір нәрсемен байланыс әрқашан көрсетіледі. Құдай бір мезгілде біздің ішімізде және бізден тыс. Христиан немесе ислам сияқты алдыңғы қатарлы діндерде, Құдайға тиісті жеке-дара жан дейтін ұғым бар. Қарадүрсін тайпалардың тотемдік діндерінде, тайпаның әрбір мүшесі тотеммен ұқсастырылғандықтан осы сарындағы байланыс орын алған. Егер де австралиялық әулеттің қасиетті жануары кенгуру болса, онда әулеттің кез келген мүшесі өзін белгілі бір деңгейде кенгурумын деп сезінеді. Және бұл сенім қандай да бір шындықпен сәйкестікте болады. Біз қоғамның бөлшектері болып табыламыз: ол біздерден құралған агрегат күйінде ғана өмір сүре алады. Оның үстіне біздің жеке ішкі тұлғамыздың жүйесі, бізге сырттан келетін бөліктерден құралған. Біздің есіміміз, біздің өз-өзімізді ұқсастыруымыз, біздің басқа адамдармен және өзге адамдардың бізбен қалай байланысқандығының әдістерімен келіп шығады. Өзіміздің жеке есімдерімізді қолдана отырып, біз өзіміз туралы жиі ойланамыз, бірақ та бұл есімдерді өзімізге өте сирек қоямыз. Біздің өзіндік имиджіміздің терең қырлары өзге адамдармен қарым-қатынас тәжірибесінен көрінеді. Сіз өзіңізді әдемімін, қарапайыммын немесе барып тұрған жағымсызбын деп ойлайсыз ба? Сіз өзіңізді сенгіш, ықпалға берілгіш, аңғырт, мазасыз немесе жаңғалақпын деп сезінесіз бе? Өзіңізге қатысты бұл сезімдер көбіне көп басқа адамдардың сізбен қалай араласқандығына сәйкес қалыптасады. Өзіндік имидждің өзге адамдарға байланыстылығы әлеуметтік психологияда жақсы таныс. Біз өзімізге адамдардың көзімен қарауға бейімбіз. Бұл фактіні түсіндіру үшін социолог Чарльз Хортон Кули “өзін-өзі айнадан тамашалаушы” ұғымын пайдаланды. Барлығының ішіндегі ең құндысы - біздің санамыздың өзі - әлеуметтік болып табылады. Біз сөз арқылы пайымдаймыз, алайда оларды біз ойлап тапқан жоқпыз. Бізде идеялар болмаса, онда ойламаған болар едік. Сонымен қатар, біз өзіміздің іс-әрекеттерімізде белгілі бір мұраттарды басшылыққа аламыз. Алайда не идеяны, не мұраттарды жалғыз өзіміз ойлап таппаған болар едік. Идея мен идеалдарда қандай да бір ортақ нәрсе болуы тиіс; олар дәлдіктен асып түсетін және әрбір нақты нәрсені заттардың біршама кең тобының мысалы ретінде көрсететін ұғымдар болып табылады. Дегенмен табиғат бізге ешқашан тұжырым ұсынбайды, өзімізді бөлшек ретінде сезіндіреді. Табиғатты бақылау бізге ешқашан жалпы ұғымдар бермес еді. Әрбір ағаш өз алдына ерекше және бізде ағаштың жалпы идеясы болғандықтан ғана, біз ағаштар арасындағы ұқсастықты көріп, оларды бір топтың өкілдері ретінде қарастыра аламыз. Егер де Құдай қоғамның өкілі болып табылса, онда бұдан қоғамның әр түрлі типтерінде құдайдың әр түрлі типтері болуы тиіс екендігі келіп шығады. Дін типі мен әлеуметтік топ құрылымы арасында сәйкестік болуы тиіс. Қоғамның өзгеруіне қарай бірдей дәрежеде діндер де өзгеріп отыруы тиіс. Адамзат тарихын құрайтын - аңшылар мен жинаушылар тайпасынан әлемдік ұлы империяларға дейінгі, қоғамның бүкіл диапазонына, өткеніне қарайтын болсақ, олардың әрбіреуі табынған құдайдың типі қоғам құрылымы мен өлшеміне сәйкес екендігін көруге болады. Құдай қоғамды тек жалпы мағынада емес, сонымен бірге бөлік ретінде де көрсетеді. Қоғамның әрбір дербес типінде өзінің жеке құдай типі болады. Егер де Құдай қоғамның көрінісі болса, онда қоғам өлшемі ұлғайған сайын құрылымы күрделілене түседі, Құдай айбындана отырып, алшақтай береді. Оған қоса, Дюркгеймнің көрсетуі бойынша, қоғам күрделілене түскен сайын Құдай идеясының өзі абстрактілі бола береді. Еңбек бөлінісінің күрделіленуі мен тереңдеуіне байланысты қоғамның жекелеген мүшелері неғұрлым мамандандырылған өмірлік тәжірибеге ие болып, барған сайын араларындағы айырмашылық күшейе түседі. Демек, қоғамды тұтас түрінде көрсететін кез келген символдың мазмұны көмескілене беруі тиіс. Құдай австралиялық тотем секілді, нақты эмблема түрінде қабылдануы үшін алшақтай береді және тіпті гректің әйел немесе еркек құдайларының бірі іспетті тұлға ретінде қабылдау шеңберінен шығып кетеді. Діннің орасан зор әлемінде Құдай, немесе Шекті Шындық физикалық әлемнің барлық сипаттамаларының шеңберінен тыс жарияланады және сондықтан тек қана шексіз, белгісіз, мәңгі, бәріне ортақ, жоғарғы игілік сияқты абстрактілі күшейтпелі деңгейде ғана суреттеледі. Құдайды дара туған адамның бір түрі ретінде қарастыру құдайға тіл тигізу болып есептеледі. Бұл дамуда тіпті келесі саты бар. Құдай жеткілікті түрде абстрактілі болған сайын, біртіндеп діннің барлық антропоморфиялық бөлшектері жойылады. Дюркгейм тұжырымдары бойынша, индустриалды қоғамдардағы еңбек бөлінісі ауқымының аса зор болуы соншама, тіпті Құдайдың ең ортақ идеясының өзі ауада таралып, жайылып кету үрдісі болады. Ол адамгершіліктің жалпы тұжырымдамасына айналып кетеді. Дюркгейм өз алдына ықпалды болып қана қоймай, өте маңызды мектептің негізін салушы болды. Әдетте, Дюркгейм мектебі деп қарастырылатын бұл мектеп Франциядағы әлеуметтік ғылымдар саласында шамамен отыз жыл бойы үстемдік етті. Бұл кезеңнің өне бойында Франциядағы социология дюркгеймдік социологияны білдірді. Адамды зерттеген өзге пәндер қатарында дәл Дюркгейм студенттерінің өздері маңызды және ықпалды еңбектер жазды. Бұл әсіресе этнология (қазір ол Америкада мәдени антропология деп аталады), тарих, лингвистика, психология мен құқыққа қатысты әділ болып табылады. 30 жылдан астам уақыт бойы ғалымдардың бұл қауымдастығы бір-бірімен тұрақты байланыста болып, қоғамдағы оқиғалар туралы шын мәніндегі тамаша және мәні біртұтас білімдер жүйесі арқылы қозғалысқа келтіріліп отырды. Ақпараттың бұлай шоғырлануы осы күнге дейін сарқылған жоқ. Өкінішке орай Дюркгейм мектебі 1930 жылдардан аса алмады. Оның бірнеше себептері бар, мысалы, оның көптеген мүшелері еврейлер болғандықтан Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында Францияны нацистер жаулап алған кезеңде көбісінің көзі жойылды. Бірақ басты себеп дюркгеймдік социология тығыз байланыста болған саяси көзқарастармен күшті бірігуінде болар. Дюркгеймнің республикалық ұстанымының рационализмі мен оптимизмі Екінші дүниежүзілік соғыс азабына төзе алмады. Франция азат етілгеннен кейін дюркгеймдік социологияның қайтып оралуы маңдайға жазылмады. Француз социологиясының басым бөлігі не марксшілдермен айналысты немесе шет елдің, әсіресе АҚШ-тың ықпалына түсті. Дегенмен, Дюркгейм мен оның мектебі атқарған жұмысы осы ғылым саласының тарихындағы ең ұлы істердің бірі болып қалады.
Гаэтано Моска
Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер. Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдардың Ф.Ницше мен А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де сезіліп тұрған еді. Моска позитивзмге екі жақты көзқараста болды, өйткені осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына берілгендігін сақтап қалды. Конттың ілімін қарастыра отырып, итальян социологы оның қолданатын теологиялық, метафизикалық және позитивті сатылар ұғымдарына қарсылық білдірген жоқ. Алайда ол осы сатылардың үшеуі де адамзат дамуының әрбір кезеңінде бірге өмір сүреді деп есептегенімен, бұл сатылардың біртіндеп ауысу заңымен келіспейтіндігін білдірді. Итальян социологының байқауы бойынша, “позитивті сатыдағы” адамның ғылыми білімі дінге деген қажеттілікті жоққа шығармайды, “ал ол әлсіреген жерде социал-демократияның бұрынғыдан да пасық ырымшылдығы мен метафизикалық сандырағы күшейді”. Ол тарихи деректермен бекітілген интеллектуалды үш саты мен бірін-бірі алмастыратын саяси ұйымдар формалары арасындағы Конт параллельдерін таба алмады, оның ішіндегі бірінішісі - балалық шақты, екіншісі - есею кезін, ал үшіншісі - адамзаттың жетілуін білдіреді. Герберт Спенсер ілімінде Моска қоғамның екі типке: әскери (күштеуге негізделген) және индустриалды (еркін келісімге негізделген) болып бөлінуіне көңіл аударады. Бұлайша жіктеуді Моска “долбарлап” қабылданғандықтан қолайсыз деп есептеді. Спенсер үшін әскери қоғамнан жеке-дара қоғамға өту қоғамдық реттеудің сапалы жаңа әдісінің пайда болғандығын білдіреді. Орталықтандырылған әскери мемлекеттегі “оң” реттеуден (яғни, “күштеуден іс-әрекет көшу”) қоғам өнеркәсіптік мемлекеттегі “теріс” (яғни, белгілі бір іс-әрекеттерге ғана тыйым салынған кездегі жеке-дара еркіндік) реттеуге өтеді. Моска Спенсермен пікір талас барысында кез келген мемлекет “оң” және “теріс”, яғни күштеуші және шектеуші әрекеттерді қатар жүргізіп отыратындығын баса көрсетті. Географиялық детерминизм тұрғысындағы әлеуметтік саралану мәселесін Моска Геродоттан, Гиппократтан және Ш.Монтескьеден бастап зерттейді. Оның тұжырымы бойынша өркениет дамыған сайын қоғам өміріндегі географиялық фактордың ықпалы әлсіреп, мәдени фактордың әрекеті күшейеді. Бұл айғақты дәлелдеу үшін Моска Г.Кардтың итальян социологы әрі криминологы Н.Колаяннидің еңбектерімен қатар көптеген деректерді пайдаланды. Мысалы, ХІХ ғасырдағы итальян криминалистері арасында тұлға темпераментін анықтайтын табиғи орта жағдайларының қылмысқа әсері туралы көзқарасқа қарсы шыға отырып, Моска криминалды статистикадағы аймақтық айырмашылықтарды әлеуметтік-экономикалық факторлармен түсіндірді. Нәсілдік теорияларға көңіл аудара отырып, Моска өзінің заманында әлеуметтік ғылымдарда бұл теориялардың нағыз экспансиясы жүзеге асқандығын көрсетті. Оның пікірі бойынша, қоғамдық прогресс пен халықтардың саяси ұйымы нәсілдік белгілерге тәуелді дейтін ілімдер, өзінің өмірге келуімен Дарвин іліміне және салыстырмалы лингвистика мен антропология сияқты ғылымдарға қарыздар, Моска қандай да бір нәсіл өкілдерінің тумысынан артықшылығы туралы көзқарасты теріске шығарды. Өз заманындағы әлеуметтік теорияларға көзқарасын білдіре отырып, Моска социологиялық ғылым әдісі мен пәні туралы жеке түсінігін анықтады. Оның міндеті ретінде ол бұқаралық іс-әрекетке бағынатын заңдар мен тұрақты психологиялық үрдістерді ашу деп біледі және оның позициясы бұл жөніндегі Паретоның “Жалпы әлеуметтану тезисінің” бастапқы тезистеріне сәйкес келеді. Бірақ та Парето үшін социология Конт рухындағы қоғамды зерттейтін барлық ғылымдардың жалпылама көрінісі болса, ал Моска, негізінен, социология пәнін саясаттану зерттеулерінің бүкіл кешенінен бөліп қараған жоқ. Конт ұсынған социология пәнінің мазмұнын Моска тым ауқымды және анық емес деп есептеп, оны саяси ғылым деп атауды ұйғарды. Оның басты міндеті, саяси билік құрылысын анықтайтын тұрақты үрдістерді зерттеу деп есептейді, өйткені билік жүйесі осы уақыттағы қоғамның қандай екенін және неге ол дәл осы бағытта дамып отырғандығын білдіреді. Әмбебап саяси теория ғылымилығының өлшемі ретінде Моска оның құрамында барлық зерттеушілер мойындаған кешен мен күмәнға жатпайтын ақиқаттың болуы және әмбебап әдістердің қолданылуы деп санады. Оның негізгі талаптары мыналарға келіп саяды: а) саясат пен тарих саласындағы танымдық процестен субъективті компонентті алып тастау; б) деректердің мүмкіндігінше көптеу мөлшеріне арқа сүйеу. Моска қолданатын “тап” ұғымының мазмұны марксистік түсініктемемен сәйкес келмейді, өйткені негіз ретінде экономикалық нышан емес, билік иерархиясындағы орны алынады. Басқарушылар мен бағынушылар арасында қатынастың болу фактісі қандай да бір дәлелдеуді талап етпейді. Адамдардың бұл екі тобы өркениеттен бастап кез келген қоғамда болды және бола бермек және де басқарушы тап саны жағынан әрқашанда өзі билейтін көпшіліктен неғұрлым аз болады. Date: 2016-07-25; view: 328; Нарушение авторских прав |