Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 4 page





Марксті жұрттың бәрі социолог ретінде мойындамайтынын айта кету қажет. Негізінен оны экономист деп есептейді. Олай ойлаудың жөні бар, өйткені марксизм көбінесе “буржуазиялық саяси экономияны сынау” негізінде қалыптасты. Бүгін де “саяси экономия” түсінігі марксизмнің негізгі категориясы ретінде, тіпті синонимі ретінде жиі қолданылады. Дегенмен біз Марксті оның зерттеулерінде негізгі объекті экономика ғана емес, экономикалық материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және тұтыну ретінде көрсететін әлеуметтік қатынастар болғандықтан оны социолог деп атай аламыз. Оған дәлел ретінде атақты “Капитал” еңбегін айтуға болады.

Бұл талдауда басты назар өндірістік қатынастарға беріліп отыр. Маркс позициясы бойынша, өндірістің кез келген тәсілінде өндірістік қатынастар - ең алдымен меншік иелері мен меншікке ие емес адамдардың арасындағы қатынастар. Алайда мұндай анықтаманың проблематикасы мынада: меншік түсінігі көп дәрежеде құқықтық категория болып табылады. Егер заң сайып келгенде экономикамен (оған өндірістік қатынастар да кіреді) айқындалатын болса, онда өндірістік қатынастарды құқықтық терминдермен анықтауға болмайды. Әйтпесе, өндірістік қатынастар анықтамасына осы қатынастарды айқындауға тиісті категория қосылатын болады.

Маркстің ойынша, өндіріс құралдарына иелер (яғни, меншік иелері) мен осы құралдарға өздері иелік етпеген, бірақ солар арқылы еңбек ететін жұмысшылар арасындағы әлеуметтік қатынастардың мәні қанаудан көрініс табады. Соның ішінде, қанау тек бір ғана капитализмнің ерекше құзыры болып табылмайды. “Қоғамның бір бөлігі өндіріс құралдарына ие болған жерде жұмысшы өзін асырау үшін берілген жұмыс уақытына меншік иесіне қажетті құралдарды өндіруге кететін артық уақытты қосуы қажет”.

Сонымен қанау тікелей өндіруші еңбектің бір бөлігін қайтарымсыз иемдену болып табылады. Бұл бөлік қосымша құнмен өлшенеді. Мәселен, жұмыс күні он сағат дейік. Оның бір бөлігінде, айталық, алты сағат ішінде жұмысшы құны оның тіршілік ету құнымен тең болатын тауарларды өндіреді. Қалған төрт сағат ішінде ол капиталист иеленетін қосымша құнды жасайды. Сонымен қосымша құн дегеніміз - жұмысшы шығарған өнімнің жалпы құнынан оның жұмыс күшінің құнын алып тастағанда қалатын құнды айтамыз, капитализм тұсында жалақымен өлшенетін қажетті құн.

Көптеген марксистік тұжырымдамаларды (әсіресе, қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы үшін) түсіну үшін тек қосымша құнның мәнін ғана емес, сонымен қатар шығарылған өнім құнының жалпы көлеміндегі қажетті және қосымша құн қатынасының мәнін ұғыну өте маңызды. Бұл пропорцияның көлемін аталмыш қоғамға тән ортақ түрінде алатын болсақ, осы қоғам дамуының көрсеткіштері жөнінде мәлімет алуға болады: өндірістік күштердің деңгейі жөнінде, қанау деңгейі жөнінде, меншіктің үстем сипаты жөнінде (қосымша құнның пайда болуының өзі жеке меншікпен тауар-ақша қатынастарының пайда болу мүмкіндігін білдіреді) және т.б. жөнінде.


Марксизм тұтас алғанда - философиялық, экономикалық және саяси тұжырымдамалар мен идеологиялық доктриналар өзара байланысқан күрделі кешен. Сонымен қатар, социологияда Маркстің еңбектері кең таралған бірнеше салалар бар.

1. Ертедегі кейбір марксшілдердің пайымдауынша, таптық құрылымды талдағанда Маркстің жасаған схемасын қайта қарастыру керек, себебі онда капитализмнің құлдыруының немесе таптық күрестің күшеюінің ешбір шынайы белгілері байқалмайды. Күшейтудің бір бөлігі қазіргі заманғы капитализм жағдайында капитал мен еңбек арасындағы міндетті түрде болатын қақтығыс жөніндегі басты идеяны түсіндіру талпынысына кетті. Бұл меншікті иелену тәсілдеріндегі өзгерістер, орташа таптың өсуін және өндірістегі қарым-қатынастардың өзгерісін қамтитын таптық қақтығыс теориялары түрінде көрінді. Сонымен қатар, кейбір марксшілдер, мәселен, А.Грамши, В.И. Ленин, Д.Лукач таптық күрестің алғышарты болып табылатын таптық сана түсінігіне басты назар аударды.

2. Қоғамның саяси тіршілігіне талдау жасау барысында, мемлекет - басқарушы таптың құралы деген дәлелдемесі мемлекет басқарушы таптан біршама автономды және жұмысшы таптың тарапынан болатын қысымға парламенттік демократия институты арқылы жауап қайтарып, бірақ нәтижесінде капиталдың мүддесіне әрекет ететін мемлекетке күрделі талдау жасауға жол ашты.

3. Маркстің экономикалық көзқарастарын тексерулер капиталдың түрлі фракцияларының оның көзі тірі кезінде үстемдік құрған еркін бәсекелестіктің елеулі айырмашылығы бар капитализмнің монополистік сатысын ескеру формасында болды.

4. ХХ ғасыр капитализміне тән (алдымен В.И. Ленин атап өткен) белгі - оның дамымаған елдерден рынок іздеу, көбін осы елдерді отарлап, өз бақылауына ала білу. Лениннің империализмді бағалауынан кейін көптеген зерттеулерде кейбір қоғамдардың үнемі артта қалушылығын капитализмнің экспансиядағы қажеттілігін қанағаттандырумен байланыстырылды.

5. ХХ ғасырдағы марксистік социологияда идеологияның қоғам өміріндегі рөліне талдау жасауға қызығушылық күшейді. Атап айтқанда, капитализмнің ұзақ уақыт бойы сақталуы үстемдік етуші таптың идеологиялық бақылау орнатуымен тікелей байланысты екені айтылды. Талдаудың бұл түрі А.Грамши мен Франкфурт мектебі ұсынған гегемония туралы түсінікке қарсы келді.


6. Франкфурт мектебінде, Сыни теорияда, сонымен қатар Ю.Хабермастың және Л.Альтюссердің ізбасарларының еңбектерінде марксизмнің философиясы мен тәсіліне деген қызығушылық сақталып отыр. Методологияны зерттеу кейде марксизмді позитивизмнен тазартуға тырысушылықпен толықтырылып отырды.

7. Көптеген социологтар таптық күрес жолымен жүріп жатқан әлеуметтік өзгерістерді талдау кезінде марксистік тарихшылардың жұмыстарын пайдаланды.

 

Герберт Спенсер

 

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын философы, социологы, психологы және инженер, социологияның негізін қалаушылардың бірі, социологиялық эволюционизмнің классигі.

1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан, тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін көзі тірісінде “ағылшын Аристотелі” деген атқа ие болса, екінші жағынан, дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары болды.

Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837 - 1846), “Экономист” журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси өмірге араласуға тырысты.

Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), “Биологияның негіздемелері” (1864 - 1867), “Психология негіздері” (1879 - 1893), “Социология негіздері (3 томдық, 1876 - 1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері “Әлеуметтік статика” (1850) және “Социология зерттеу пәні ретінде” (1873).


Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.

Спенсердің барлық социологиялық ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының қосалқы бөлшегі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция тәсілімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Спенсер өзінің теориялық декларацияларында ХІХ ғасырдың эволюционизммен байланыстыратын осындай біржақты прогресс идеясымен күреседі. ХХ ғасырдың неоэволюционистері тәрізді Спенсер әлеуметтік эволюцияны бір ғаламдық процесс ретінде емес, дивергентті, ерекше, біршама автономды процестері жиынтығы ретінде түсінді. Сөйтіп, ол Конттың “бүкіл жер шарында жабайы және өркениетті тайпалар өмір сүретін қоғамның формалары тек бір форманың түрлі сатыларын құрайды: сонымен қатар, әлеуметтік типтер, жеке-дара организмдер типі сияқты белгілі қатар құрмайды, тек бөлшектелген және тармақталған таптарға бөлінеді деген “елеулі қатесін” сынайды.

Спенсер өзінің теориясында эволюциялық сатылардың сызықтық емес тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дәрежесімен өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ тенденциясы қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрылымдарға өту қозғалысы болды, мұнда бүтіннің бөлшектері өзара байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді.

Спенсер эволюция мәнін ашу мәселесімен айналысып, оны қарапайымнан күрделіге өту, үдемелі қозғалыс ретінде қарастыра отырып, эволюцияны құлдырау процесіне қарсы қояды. Дәйекті позитивист болған ол материяның барлық түрлеріне (өлі түрінен әлеуметтік түрге дейін) бірдей заңдылықтар болатынын көрсетеді. Ал материяның барлық түрлерінде өтетін өзгерістер мәні мынада деп біледі.

Әр түрлі материалдық денелер бір-біріне қарама-қарсы екі процесте (интеграция және қозғалыс) бірдей өмір сүре алады; бұл арада мынаны ескеру қажет: 1) қозғалыстың жоғалуы (нақты айтқанда ұштасуы) интеграцияға әкеледі; 2) бірыңғай дененің ыдырауы - кері интеграция - кезінде бұрын оның құрамына кірген, ал қазір бөлініп кеткен материалдық бөлшектер қайтадан қозғалысқа түседі. Бір-бірімен антагонистік қатынаста тұрған осы екі процесті Спенсер: 1) эволюция және 2) іріп-шіру дейді. Іріп-шіру қозғалыстың босатылуы мен материяның кері интеграциясын білдіреді. Ал эволюция, керісінше бірігу процесі, материя мен қозғалыстарды байланыстыру интеграциясы болып табылады.

Осы эволюция мен кері интеграция процестерін Спенсер өзінің “Негізгі бастамаларында” материяның біртекті (гомогенді) күйінен әр текті (гетерогенді) күйіне өту формаларының мысалдарымен көрсетеді.

Тірі организмнің өсуі мен эволюциясы оны қоршаған өсімдіктер мен жануарлардың құрамына кіретін түрлі элементтерді сіңіру, өңдеу және қайталама шоғырлану процесінде жүріп отырады.

Осыған ұқсас көптеген процестерді әлеуметтік организмдердің эволюциясы барысында байқауға болады. Спенсер шағын адамзат қауымдастықтарының үлкендеріне өту интеграцияларының бірқатар мысалдарын келтіреді. Шағын шаруа қожалықтары үлкен феодалдық иеліктерге бірігеді; бұл иеліктер провинцияларға, провинциялар - корольдіктерге, корольдіктер - үлкен империяларға бірігеді... Сөйтіп, бұл әлеуметтік байланыстардың күрделіленуімен (сонымен қатар, нығаюымен), басқарудың жаңа органдарының қалыптасып, олардың функцияларының күрделіленуімен қатар жүреді. Эволюция процесін тіл сияқты материалдық емес жүйелердің дамуынан байқауға болады. Қарапайым дыбыстардың сөздерге бірігуі кезінде ауызша тіл мен жазбаша тіл ережелері күрделіленіп дами түседі, сонымен қатар осы күрделіленген жүйе, неғұрлым біріккен, бөлінбейтін тұтас құрылымға айналады. Бұл еңбек құралдарына да қатысты, олардың прогресі қарапайым және көлемі кіші құралдардан күрделі әрі ірі машиналарға өту процесі кезінде жүреді.

Сонымен бірге, қарапайым нәрседен күрделі нәрсеге, біртектіден әр тектіге өзгере отырып, эволюция оның үстіне белгісіз күйден белгілі күйге өту процесі болып табылады. Жабайы тайпалар өзінің не тіршілік орындары жағынан, не құрылым жағынан, не тайпа мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастары жағынан тұрақсыз бола отырып, әлеуметтік эволюция барысында өзінің белгілі бір тіршілік ету орнына, ішкі әлеуметтік құрылымға, отбасында атадан балаға өтіп отыратын еңбек түріне ие болады (отбасының пайда болуының өзі барлық адамдарға ортақ туыстық қатынастар нормаларының орнауымен, мүшелелерінің арасына құқықтар мен міндеттер шеңберін белгілеумен байланысты).

Эволюция барысында қозғалыстарды қайта бөлу процесі жүреді. Мәселен, планетаның балқыған массасының құрамына кірген бөлшектер тәртіпсіз, ретсіз қозғалыс күйінде болды. Бұл массаның сууына байланысты жіңішке (бірақ бірте-бірте жуандай беретін) қатты қабық пайда болды. Оның қалған бөлшектерінің қозғалысы - көтеру мен түсіру, созылу мен сығылысу - реттелген қозғалыстарға айналып, бір қалыпты - тербелмелі сипатқа ие болды. Тура осындай процесс жердің сұйық және газ тәрізді қабаттарында да болып жатады.

Бұған ұқсас процестер тірі организмдерде де кездесіп отырады. Интеграцияның, әртектілік пен белгілі жәйттің күшеюі кедергілі қозғалыстарды, яғни энергия мен ресурстарды қайта бөлуді қажет етіп, сайып келгенде функциялардың дамуы дегенді құрайды.

Әртектіліктің күшеюінің маңызды көрінісі біртұтастықтың бөлшектерінің саралануы мен олардың осы шеңберде атқаратын функциялары болып табылады. Бұл аса күрделі, түрлі контексттерде түрлі мағынада түсіндірілетін ұғым. Онтогенезде (яғни, жеке-дара организмнің дамуы процесінде) мұны алғашында бірдей, бір-бірінен ерекшеленбейтін ұрық клеткаларының организмнің функциялары бойынша бір-бірінен ерекшеленген жеке-жеке клеткаларға айналуымен түсіндіреді. Ал филогенезде (организмдердің тұтас түрлерінің тарихи даму процесі) организмдердің біртұтас үлкен тобының (тегінің) көптеген шағын функциялары (түрлері) бойынша ерекшеленетін топтарға бөлінуін білдіретін түрдің пайда болуы деп аталатын процес ретінде түсіндіріледі. Спенсер әлеуметтік теорияға әлеуметтік саралану түсінігін енгізіп, оны барлық қоғамдық эволюция үшін әмбебап болып табылатын арнайы институттардың пайда болуы мен еңбек бөлінісі процесін түсіндіру кезінде қолданды.

Спенсердің айтуынша, қоғамның дамуы барысында бір әлеуметтік институттар орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған немесе бұрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның әр түрлі бөлшектерінің үдемелі маңыздануын білдіреді де, қоғам ішіндегі гетерогендікті көбейте түседі. Мәселен, бұрынғы заманда отбасы репродуктивті, экономикалық, құрылымдық және аздап саяси функциялар атқарды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт - отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде басқа институттар арасында бөліске түседі. Қалай дегенмен де қазіргі қоғамдарда жұмыс пен білімнің мамандандырылған институттары отбасыдан тыс дамуда.

Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама береді.

Эволюция дегеніміз - қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге ететін заттар интеграциясы, ол зат сақтаған қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрінен мынаны байқауға болады: кез келген эволюция материяны алдындағы тепе-теңдік, біртекті күйінен шығарып, әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады. Алайда мынадай сұрақ тууы мүмкін: эволюция немен аяқталады және осы өзгерістер сайып келгенде қайда ұмтылады? Бұл сұрақтарды біз абстрактілі түрде қарастырсақ та, нақты мысалдарды зерттесек те, түпкі нәтижесі тепе-теңдік күйге қайта оралу болып шығатынына көз жеткіземіз. Агрегаттың прогрессивті өзгерістері бітіп, ол тепе-теңдікке жеткен кезде, бәрібір қоршаған орта ықпалында қала береді. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір оның бөлшектері босап шыққан қозғалыстан көбейіп, олардың арасындағы байланыс әлсірей түседі, бұл кері интеграцияға әкеледі. Барлық интеграцияланған қозғалыстардың соңы өлімге әкеледі. Агрегат бірыңғай тұтастық ретінде өмір сүруін тоқтатады.

Жаңадан өмірге келген жас ғылым, социолог - әсіресе, оның позитивистік түрінде - өз тәсілдерін басқа ғылыми пәндерден ала отырып, дамуға мәжбүр болды. Спенсердің заманында мұндай балама (альтернатива) механика немесе биология түрінде көрінді. Көптеген әлеуметтік философтар классикалық Ньютон механикасына ден қойды. Позитивизмнің негізгі қағидаларынан бас тартқан олар қоғамда табиғи күштер сияқты күштер мен соларға сәйкес заңдар (тартылыс күші, маятниктің тербелісі, т.б. заңдар) әрекет етуі тиіс деп есептеді. Басқалар болса, керісінше, өз назарын тірі табиғатқа аударып, тірі табиғаттың тіршілік ету мен даму заңдары әлеуметтік тәртіпке жақынырақ деп есептеді. Осы екінші тәсіл органикалық аналогия деген атауға ие болды.

Жалпы органикалық аналогияның талдау тәсілі ретінде әлеуметтік ғылымдарда өзінің ежелгі дәстүрлері бар. Ол Платонда да кездеседі. Аналогия бойынша жүргізілген кез келген ой-тұжырымның мәні мынада: қайсыбір объектіні қарастырудан алынған білім азырақ зерттелген, бірақ біріншісімен өзінің елеулі қасиеттерімен ұқсас басқа объектіге ауысады. Мұндай ой-тұжырымдар ғылыми болжамдардың басты қайнар көздерінің бірі болып табылады. Соның ішінде, зерттеушілер адам қауымдастықтарының басқа тірі организмдермен ұқсастықтарын белгілеп, осы ұқсастықтарды қолдануға тырысты.

Органикалық аналогия әлеуметтік ғылымдарда белгілі түрде механикалық аналогия мектептеріне қарсы тұрғанын айта кетуге болады: біріншісі қоғамды табиғи құбылыс ретінде қарастыруға бейім болып, адамның талап-тілектері мен жоспарларына қарамай дамиды; екіншісі қоғамды адам санасының туындысы деп қарастырады. Органикалық аналогияны кейде консервативтік оймен талдайды, себебі оның тәсілдерінде әлеуметтік процестерді оларға еркін араласу көмегімен өзгертуге болмайды (ал кейде олай істеу қауіпті болып келеді). Көптеген ойшылдар механикалық аналогияны “әлеуметтік инженериямен ұштастырады. Кез келген механизмнің құрылымы мен әрекет ету принципін осы құрылымдағы әдейі жасалған (яғни адамдар күні бұрын жоспарлаған) өзгерістердің көмегімен зерттеуге, түсінуге және дамытуға болады.

Спенсер бірінші тәсілді - органикалық аналогияны жақтаушы болды. Бұл оның позитивистік позициясынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше түрі деп қарастыратынын Спенсер былай мәлімдемейді: “Біз қоғамды ерекше мән ретінде қарастыра аламыз; себебі ол дискретті бірліктерден құралса да, әр қоғамның алып отырған орны шеңберіндегі жалпы ұқсастықтарды ғасырлар бойы және ұрпақтар бойы сақтау олардың құрған агрегатының белгілі бір нақтылығын көрсетеді.

Бұл агрегатты қай тапқа - органикалық немесе органикалық емес тапқа - жатқызу керектігі күдік туғыза қоймас: әрине органикалық тапқа жатады. “Социологияның негіздері” деген еңбектің тарауларының бірі “Қоғам - организм” деп аталады. Бұл әлеуметтік және қоғамдық организмдердің ұқсастықтары немен анықталады? Мұндай ұқсас белгілер жеткілікті. Олардың бастылары мыналар:

1. биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, өседі (органикалық емес агрегаттарда бұлай болмайды);

2. биологиялық және әлеуметтік организмдер өскен сайын өзгеріп, олардың ішкі құрылымы күрделілене түседі;

3. биологиялық және әлеуметтік организмдерде құрылымның күрделіленуі олардың органдары функцияларының саралану бірге жүріп отырады;

4. екінші және үшінші процестер барысында құрылымды құрайтын барлық органдардың өзара әрекеті мен ықпалы дамып күшейеді;

5. қоғамда да, биологиялық организмде де тұтас нәрсе ыдырай бастаған кезде, жеке бөлшектер белгілі бір уақытта өзінің тәуелсіз тіршілігін жалғастыра алады. Сонымен қатар, агрегат өмірін қысқартатын ешбір апат болмаса, тұтас нәрсенің өмірі оның бөлшектерінікінен ұзақ болады.

Сонымен біз тұтас организмнің өмірі - биологиялық болсын, әлеуметтік болсын - оны құрайтын бөлшектердің өмірінен, соларға тәуелді бола тұрса да, мүлдем ұқсамайды. Әйтсе де биологиялық және әлеуметтік организмдердің арасындағы ұқсастығының айқындығы соншалық, оны байқамау мүмкін емес.

Мәселен, тірі органимздердің өсуімен қатар, оның әр түрлі бөлшектері бір-біріне ұқсамайтын, ал олардың өзара байланысы күрделілене түсетін болады. Құрылымның прогрессивті саралануымен қатар олардың функцияларының прогрессивті саралануын байқауға болады. Қоғамда да бұл көрініс болады. Мұнда пайда болатын үстемдік етуші тап басқа таптардан ерекшеленіп қана қоймай, олардың іс-әрекетіне бақылау орнататын функцияларды да иеленеді. Кейіннен бұл тап шағын таптарға бөлініп, олардың әр қайсысы бақылаудың түрлі деңгейлеріне және әлеуметтік тіршіліктің түрлі саласына ие болады.







Date: 2016-07-25; view: 327; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию