Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 11 page
Осыдан келіп екінші долбарға өтуге болады, дәлірек айтсақ қоғамның әрбір элементі оның тек бір бөлшегі ғана емес, сонымен бірге одан жоғары тұратын нәрсе. “Жеке-дара жан” қандай да бір байланыстың немесе қатынастың ішінде орнығуы үшін, ол сонымен бірге бұл қатынастан немесе байланыстан тыс тұруы тиіс. “Эмпирикалық әлеуметтік өмірдің долбары мынадан тұрады: өмір толығымен әлеуметтік емес, біз өзіміздің арақатынасымызды тұлғамыздың оған кірмейтін бір бөлігін сақтай отырып, тек жағымсыз түрде ғана қалыптастырмаймыз; бұл бөлік жалпы психологиялық байланыстар арқылы ғана жанымыздағы әлеуметтік процестерге әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге бұл бөлік осы соңғылардан тыс тұрады деген формальді деректің дәл өзі, осы тектес әсердің түрін анықтайды”. Ақырында, үшінші долбар индивид пен қоғам арасындағы “принципті үйлесімділік” жорамалына келіп саяды, өйткені әрбір индивид дәл сол қоғамның (топ, әлеуметтік шеңбер) ішіндегі позиция болып табылатын және сол себепті ол үшін қажетті қандай да бір позицияны ұстанып отырады. Керісінше, егер ол “өзінің әлеуметтік тіршілігінің бұл долбарының іске асуын көрмесе, яғни өзінің жеке-дара болмысының оны қоршап тұратын шеңберлері толассыз арақатынасын, сондай-ақ тұлғаның ішкі өмірі арқылы анықталатын өзінің жеке-дара ерекшелігінің өмір сүруі үшін интеграциялайтын қажеттілігін іске асырмаса”, - онда бұл оның қоғамдастырылмағандығын білдіреді, ал қоғам оның түсінігінде айтылғандай бірыңғай, үзілмейтін іс-әрекет емес. Сонымен, өзара түсінісусіз, индивидтердің бірқатар принципті өзара типтенуінсіз, өзара іс-әрекетке әлеуметтік күштердің қуыршақтары емес, біртұтас тұлғалар түсетіндігіне көз жеткізбейінше және өлшемі қоғамдастыру көрсеткіші болып табылатын адам мен қоғамның принципті үндестігінсіз әлеуметтілік мүмкін емес. Осыдан келіп социолог мұның бір мезгілде оның танымына қажетті шарт та, әлеуметтіліктің нағыз мүмкіншілігінің шарты да екендігін ұғынуы тиіс деген қорытынды шығады. Әлеуметтік өмірді қарастыру Зиммель үшін пайымдаудың жинақтаушы белсенділігі болып табылады. Социология тарих сияқты ғылым бола тұрса да жаратылыстану мұратынан алыс. Кейде ол саналы түрде Зиммель арқылы көркем шығармашылықпен жақындастырылып және қалай дегенмен де көбінесе айқын көрінетін экстремизм нышандары байқалады. “Эстетикалық талқылау мен бейнелеудің мәні біз үшін дербес жағдайда - тип, кездейсоқ жағдайда - заң, сыртқы және өткінші жағдайда - заттардың мәні мен маңызы болып табылады. Дәл осы эстетикалық бағыттылықтан Зиммель формалардың әр алуандығының орнына біртұтас, олардың формаларын қамтитын форманы - қоғамды қою соңғы кезекте болмағандығын бас тартты. Бәрін қамтитын форма ретінде қоғам ұғымынан Зиммельдің бас тартуы қазіргі таңда әр түрлі тұрғыдан түсіндіріледі. Мұндай социологиялық зерттеу көбінесе бірліктің жоқтығы үшін сыналып отырды. Өзгелері бұл жерден жазғыратын сылтау емес, біршама принципті дәлелдерді көрді. Бірақ әлеуметтіліктің үзінді түріндегі сипаты мен оны Зиммельдің талдауын қай жағынан алып қарастырсақ: мейлі теориялық тұрғыдан түсіндіру мақсаты арқылы немесе дәуір ерекшеліктері арқылы болсын, қалай дегенмен де, Зиммельдің жиынтықтың социологиялық тұжырымдамасы еш жерде біртұтас мәтін ретінде көрініс таппаған. Оның реконструкциясы әр түрлі жолмен жасалуда. Кең таралған әдістердің бірі Зиммельдің өзінің көптеген мәтіндерінде көрсетілгендей әлеуметтік формалардың тізімделуі болып табылады. Формалардың көп болуының өзі қандай да бір тұтастықтың, кем дегенде көптікті реттейтін принципте немесе принциптерді талап етеді, ал формалардың формасы туралы сөз қозғауға болмайтындықтан, тек оның социологиялық пайымдауындағы ұйымдастырушы сәттерді ғана анықтау қалады. Оларды біз Зиммельдің көптеген еңбектерінен байқай аламыз және дәл осылар оған бұл формаларды бекітуге мүмкіндік берді. Д.Левин Зиммельдің осындай төрт принципін бөліп көрсетті: форма принципі, аралық принципі, қашықтық принципі мен дуализм принципі. Б.Недельманн Зиммельдің социологиялық пайымдауының бес құрылымдық принципін бөліп көрсетеді. Біріншіден, проблемаларды жинақтауға жиі қолданылатын қарама-қарсы қою принципі. Соның арқасында Зиммель күрделі феномендердегі социология үшін маңызы бар нәрсе оқшаулауға қол жеткізді. Басқа жағынан алғанда, социологиялық талдау үшін социологиялық сипаты белгісіз феномендер ашылады. Екіншіден, сан принципі: бұл өзара әрекетке қатысушылар саны және мөлшердің өзара іс-әрекет түріне тигізетін әсері. Үшіншіден, бұл кеңістік принципі: кеңістіктік шектеу мен қоғамдастырудың шектеулілігі. Төртіншіден, дуализм принципі: қоғамдастыруда қарама-қарсы үрдістер кездеседі - келісім мен үйлесімділікті бәсекелестік пен қашықтық арқылы толықтырмайынша нағыз қоғам болмайды. Бесіншіден, бұл динамикалық талдау принципі: Недельманның жазуы бойынша формаларды талдау Зиммель үшін оны ең қызықтырған мәселені зерттеудегі, яғни осы формалар шеңберінде әлеуметтік процестер қалай жүретіндігін зерттеудегі алғашқы еңбек болды. Сонымен, екі немесе одан да көп индивидтер өзара іс-әрекетке түскенде ғана қоғамдастыруға мүмкіншілік ашылады. Шындығында, шектеулі жағдай - бұл бір адам, өйткені өзара іс-әрекет бір қарағанда тек біржақты болып көрінетін жерде де бар. Адамның қандай да бір әлеуметтік өзара іс-әрекеттен тыс қалғандығы, бұл қоғамдастырудың теріс сипаты, ол тіпті қарапайым деңгейде де кездеседі. Дербес индивид, бір жағынан алғанда, өзінің сапалы анықтамасы, белгілі бір өзіндік мән болып табылады. Екінші жағынан алғанда, мейлі ол жалғыздық, жауапкершілік немесе еркіндік болсын, ең кең мағынада бір мезгілде әлеуметтік анықтама болып табылмайтын, яғни екі немесе бірнеше адамның өзара әрекетінен емес, қоғамдастырудың кең контекстіне тәуелді болатын оның дербестілігінің бірде бір сыртқы анықтамасы жоқ. Өз тарапынан екеудің өзара іс-әрекеті қоғамдастырудың ерекше жағдайы болып табылады, өйткені ол екі қатысушының таза дарашылдығына тәуелді болып, ал өзара іс-әрекет олардың қысқа мерзімділігін сезінумен қоса жүреді. Қатынастар тұтас индивидтен тәуелсіз индивидке дейін жетпейді, ол ерекше интимділіктің базисі қызметін атқарады. Алайда екілік - тек алғашқы синтез және бірлестік қана емес. Ол сонымен қатар бірінші келісім және антитеза. Өзара іс-әрекетке түсуші үшінші келісім татулықты, өтуді және жанамалылықты енгізеді. Бірде бір жаққа жатпайтыны үшінші болады, ол сонымен бірге делдал немесе “tertіus gaudens” (“үшінші қуанушы”), яғни өзге екі қатысушының текетіресінен пайда табушы болуы мүмкін; үшінші бұл екеуінің арасындағы өшпенділікті өзі жасай алады - бұл “dіvіde et іmpera” жағдайы (“бөліп ал да, билей бер”). Өзара іс-әрекет сипаты үшін қатысушылар санының маңызы, алайда, бірлік, екілік, үштікпен шектелмейді. Тиімді басқару үшін топты бірдей көрінетін шағын топтарға, мысалы бестікке, ондыққа, жүздікке бөлген пайдалы. Сонымен, біз өзара әрекеттесушілердің мөлшері қоғамдастырудың сипатын анықтайтын бірнеше сандық деңгейді көріп отырмыз. Жалғыздық пен оқшаулық үлкен әлеуметтік контекст болып табылады, екеудің жалпылануы - интимділіктің, әлеуметтілікте индивид құбылысы мен ыдырау ықтималдығының бірегей жағдайы. Үштен әрі қарай толық мағынадағы қоғамдастыру басталады, оған қоса оның ұйымында сан эстетикасы маңызды рөл атқарады. Топтың үлкеюі - жеке-дара кеңістік пен еркіндіктің үлкеюі. Қатысушылар саны - қоғамдастырудың бірінші формальді белгісі. Одан әрі қатысушылар бір-біріне қалай қарайтындығын байқау қажет. Бірліктің ең жоғарғы деңгейі - бірін-бірі жақсы көретін екі адамның интимділігі. Бұл жерде өзара іс-әрекеттегі екі жеке-дарашылдық мейлінше жақсы көрсетілген, ал үшінші анықтама бойынша алынып тасталған. Оның үстіне, әрине, “Ақша философиясында” арнайы дамытылған Зиммельдің әрбір өзара іс-әрекет айырбас ретінде ұғынылуы мүмкін деген идеясын атап өту қажет: мейлі ол әңгіме, махаббат немесе ойын болсын, бәрібір. Өзара іс-әрекет - айырбасқа қарағанда неғұрлым кең. Ұғым, алайда көп жағдайда айырбас формасының дәл өзінде адамдардан көрінеді. Айырбас дегеніміз “suі generіs-тің социологиялық құрылымы, индивидаралық өмірдің бастапқы формасы мен функциясы”. Үстемдік пен бағыну жайы мүлдем басқаша. Ең алдымен өз еркін іске асыруға бағытталған үстемдік, әрқашан да өзгенің мүдделілік кейпін білдіреді, бұл жай ғана біреудің өзгеге тигізетін әсері емес, ол өзара іс-әрекет. Оның үстіне бұл жерде де сандық айқындық керек болады. Бір адам немесе топ, сондай-ақ қандай да бір әлеуметтік немесе жетілген, объективті күш басшылық ете алады. Сонымен бірге кіші топқа қарағанда, үлкен топқа үстемдік ету әрқашан да жеңілдірек: біріншісінде дарашылдықтың айырмашылығы тым әсер етеді, екіншісінде ол басқарылатын бұқараға айнала отырып теңгеріледі. Үстемдік құбылысында тұлғаның қасиеттері де, әлеуметтік жағдайлар да көрініс табады. Кез келген әлеуметтік өзара іс-әрекет қандай да бір кеңістікте оқшауланған. Бұл қоғамдастыру сипатына әсер ететін және “кеңістік социологиясының” зерттеу пәні болып табылатын тағы да бір маңызды сәт. Зиммель кеңістікті, ең алдымен канттық бағыттағы философ ретінде қарастырды. Оның айтуы бойынша, кеңістік, уақыт секілді әлемдегі оқиғалардың жүзеге асырылу “формасы” болып табылады. Көбінесе осындай үстірт жағдайларға, мысалы адамдарға “уақыт табының” әсері туралы айтылғандағыдай, кейбір себепті әрекеттер жатқызылады. Кеңістік мәселесі де дәл осыған келіп саяды. Зиммель мұның қате екендігін көрсетті. Кеңістіктің өзі әрекет етуші фактор емес. Оның айтуы бойынша, әрине патшалықтар, империялар (Reіche) қалағанынша үлкен бола алмайды, ал адамдардың бір-біріне деген кез келген ықыласы міндетті түрде кеңістіктік формаға ие болады. Алайда бұл форманы толықтыратын мазмұн мүлдем кеңістікке емес, өзге мазмұндарға байланысты болады. Зиммель кеңістікте шекара жүргізудің принципті маңыздылығын көрсетті. Кейбір қоғамдық топ алып жатқан кеңістікті біз тұтастық ретінде қабылдаймыз, оған қоса топтың тұтастығы қаншалықты кеңістік тұтастығының негіздемесі болса, соншалықты кеңістік бірлігі топ бірлігін білдіреді. Табиғатта кез келген шекара жүргізу шартты болып табылады, дәл сол себепті саяси шекараның маңызы осындай. “Шекара - социологиялық әсері бар кеңістіктік нәрсе емес, сондай-ақ кеңістік күйінде қалыптасатын социологиялық нәрсе де емес”. Зиммель белгілі бір аумақта тіркелген топтар мен орын ауыстырып отыратын қауымдастықтардың кеңістіктікте орнығудағы айырмашылықтарды да қарастырды. Ол адамдардың арақатынасындағы кеңістіктік қашықтықтың маңызын зерттеді. Жағымсыз әлеуметтік байланыстар мен кеңістік туралы пайымдаулар Зиммельге тән тұжырымдауға көшуге мүмкіндік береді. Одан біз қоғамдастырудың үлкен контекстінен “алшақтатылғандықты”, шеттетілгендікті көре аламыз. Мысалы, өзара іс-әрекеттегі индивидтер арасындағы қатынастар тек эмоционалды ғана емес, сонымен бірге бірін-бірі білу қатынасы екендігіне сүйенетін болсақ, онда бұған сәйкес жағымсыз арасалмақ ретінде ақпаратты жасыру, білмеу қатынасы болады. Ақпарат емес, мүшелікке қол жеткізу жолы жабылып қалуы мүмкін, бұл дегеніміз “әлеуметтік шектеу” деп аталады, ал оған бөлек шағын зерттеу арналған. Қоғамның өз ішінде индивидті қоғамға қоса отырып, одан тыс қоятын бір мәртебе болуы мүмкін. Мысалы, қайыршылардың жайы осындай: әдетте қоғам қайыршыларға қол ұшын беріп, көмектесіп отыруы тиіс. Сол арқылы қайыршы қалған қоғамның барлығына қарама-қарсы қойылады, бірақ та оның мүшесі болып қала береді. Бұл жағынан келгенде, Зиммель қайыршыны бөтенмен теңестіреді. Бірақ та қайыршыны қоғамның өзі жаратқан ғой. Ал бөтен болса - ол сырттан келетін кезбе. Топ өзін белгілі бір кеңістікпен, ал кеңістік “негізді” өзімен теңестіретіндіктен, ол, демек кеңістіктегі бөтен болып табылады. Бірақ та осылай бола отырып, ол бөтен болып қала береді. Топ пен бөтен әр текті, бірақ та жалпы алғанда бір ауқымды кең бірлікті құрайды, сондықтан қатынастың екі жағын да назарға алу қажет болады. Тарихта бөтен адам саудагер ретінде, ал саудагер - бөтен адам ретінде көрініп келді. Бөтенге объективтілік тән, өйткені ол топ ішіндегі мүдделерде шаруасы жоқ. Бірақ та ол сонымен бірге еркін, яғни күдікті. Көп жағдайда ол топпен бірге оның симпатиясы мен антипатиясын бөлісуге шамасы жетпейді және сол себепті қалыптасқан тәртіпті бұзуға қабілетті болып көрінеді де үстемдік етуші салт-дәстүрлерге қарсы тұрушылар жағына қарай шығып кете алады. Көптеген зерттеушілерді “бөтен” ұғымын Зиммельдің бүкіл тұжырымдамасы үшін басты нәрсе болып табылады деп есептейді, өйткені социолог әлеуметтік өмірге сырттай, объективті қарайтын дәл “интеллектуал - бөтеннің” өзі. Бөтен дәстүр ой-өрісін сана мен объективтілікті - сезімге, қарқын мен динамиканы - кристалдық сипатталған формаларға қарсы қояды. Ол осы заманды - қазіргі заман ететін, “модерннің” дәл өзін бейнелейді. Зиммель барлық социолог-классиктер сияқты модерн мәселесіне үлкен көңіл бөлді. Модерннің нақты белгілерінің арасынан Зиммель, ең алдымен ақша шаруашылығының орнығуын атады. Ол үшін бұл тек экономикалық феномен ғана емес. Ақша өзіндік мақсатқа айналған құрал. Ол әлеуметтік өмірдің бүкіл сипатын өзгертті. Егер де бұрын қажеттілік пен оны қанағаттандыру арасында шағын ғана аралық болса, ал қазір ақша жүйесі жанамалылықтың тұтас тізбегін, ұзын теологиялық қатар жасады. Натуралды шаруашылық таңдау үшін аз кеңістік қалдырды. Ақша таңдауға жол ашады: біріншіні, екіншіні, үшіншіні, т.б. сатып алуға болады. Таңдау ойша бағалауға, өлшеуге, есептеуге мәжбүр етеді. Сезімнен басым түсетін пайымның рөлі арта түседі. Тұлғаның айқындығы жойылады: айқын мінез-құлықтың орнын тым икемді ақыл-ой басады. Қазіргі заман адамының ерекшелігі мінезсіздік болып шыға келеді. Қазіргі дәуір - ірі қалалардың, ақыл-ой өрісінің, өсіп келе жатқан әлеуметтік сараланудың және соның салдары ретіндегі дарашылдықтың заманы. Өйткені адам шағын топтардың тығыз әлеуметтік байланыстарына кірмегенімен, олардың қиылысында тұрып көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып табылады. Бұл адамның өзінен көп бұрын жасалған мәдени “мазмұнның қыруар мөлшеріне” тап болатын кезі. Бұл “мазмұндар” ерекше “ғарыштарда” тұйықталған: шаруашылық, ғылым, өнер және т.б. ғарыштары, оның үстіне олардағы өзгерістер өздерінің жеке заңдары бойынша және адам бақылай алмайтын қарқынмен жүреді. Жаңа заман адамы көптеген әлеуметтік топтардың мүшесі болып қана қоймайды, оны сонымен бірге құндылықтық міндеттемелер қақтығысы жағадан алады. Зиммель социологиясының өзіндік белгілері оның тағдырын анықтады. Оның идеялары ешқашан да өзінің жемістілігін жоғалтқан емес, алайда олардың зор маңыздылығы барлық уақытта бірдей мойындалмады. Кейде идеялар автордың беделіне қатыссыз өмір сүрген жағдайлар да болып отырды. Әдетте, сәтті уақыттарда оған деген қызығушылық төмендеп отырды. Жақындап келе жатқан және тұтана бастаған дағдарыстар дәуірінде ол қайтадан өзекті болып отырды. ХХ ғасырдың соңында он жыл бойы Батыста “зиммельдік ренессанс” жалғасты. 1989 жылы Г. Зиммельдің шығармаларының толық жинағы, ал 1991 жылдан бастап - “Sіmmel - Newletter” журналы жарық көрді.
Макс Вебер
Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер. Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университеттерінде білім нәрін сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891 - 1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылым-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды. 1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып “Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты” атты неміс социологиялық журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс социологтар қауымдастығымен белсенді қарым-қатынаста болып, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның социологиялық зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі “Шаруашылық және қоғам” және сонымен бірге методология, мәдени-тарихи және социологиялық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка социологиясы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді. Вебер пайымдауының айқындаушы методологиялық принципі жүйелі антинатурализм болып табылады. Бұл бөлімдегі оның идеялары ХІХ - ХХ ғасырлар аралығында бірнеше атақты философтар ұстанған гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы білімдерін - “мәдениет туралы ғылым” және “табиғат туралы ғылым” деп ара жігін ашатын тұжырымдамамен байланысты. Бұл тезистегі адам өмірінің шындығын қарастыра отырып, материалдық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын ғылыми әдістерге сүйенуге болмайды деген пікірмен келіседі. Адам - саналы тірі жан, сондықтан да мұның өзі, Вебердің пікірінше, оның барлық істеген ісінің сапалы құрамына кірмеуі мүмкін емес, демек, қоғамдық және мәдени шындықты сараптап зерттеушінің бұл жәйттен ауытқуға құқы жоқ. Осыған байланысты неміс ғалымы, оның дәуірінде кең таралған көптеген социология тәсілдеріне қарама-қарсы түрде, оны жаратылыстану ғылымдарының логикасы бойынша жасауға бейім болмады. Оның түсінігінде социология гуманитарлық білімнің бір бөлігі болып табылады. Алайда сонымен бірге ғылымдағы мәдениет туралы ортақ мәні бар, объективті бастаудан бас тарту Вебердің көңіліне қонбады. Мысалы, ол өзінің кейбір әріптестерінің психологизмге бет бұруын сынап, субъективті мағына мен объективті қоғамдық құрылымдардың өзара әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Әлеуметтік шындық пен социологиялық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі - жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, социология соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді. Сол үшін Verstehen термині енгізілді. Ол неміс тілінен сөзбе-сөз “ұғыну” деп аударылады. Вебердің социологиялық әдісінде кәдімгідей автономды маңызға ие болып отыр. Сонымен бірге социология мейлінше тұжырымдалған түрдегі адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болғанымен, өзін әрбір жеке алынған индивидтің дәлелін анықтауға арнай алмайды. Бұл дәлелдердің әр түрлілігі және бір біріне ұқсамайтындығы соншалық, біз олардың қандай да бір қисынды бейнелеуін немесе белгілі бір типологияны жасауға шамамыз келмей қалады. Алайда, Вебердің пікірінше оның қажеті де жоқ: өйткені адамдардың барлығының ортақ табиғи болмысы бар, адамдардың өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасындағы түрлі іс-әрекеттерінің типологиясын ғана жасау қажет. Ұғыну тұжырымдамасының мәні мынада: адамдар өздерінің нанымдары бойынша қандай мақсатқа қызмет ететіндігін және өздерінің іс-әрекеттеріне қандай мән-мағына беретіндігін көру үшін өзін солардың орнына қою. Мысалы, егер социологтар адамдардың қолдарын бір сілтеуінің әлеуметтік себебін анықтағысы келсе, олар тап осындай жағдайда басқа адамдар неліктен қол сілтемейтіндігін, біреудің қолдарының төмен және жоғары (солға-оңға) сілтеуіне қандай дәлелдер түрткі болғандығын шешіп алуы тиіс. Осы тектес мәндегі зерттеуге сіз қабілетсіз болсаңыз, онда бұл жәйт шындығында түрлі категорияларға жататын әрекет етуші топтардың бір категорияға жатқызылатыны сияқты үлкен адасу көзіне айналуы мүмкін. Адам қылықтарының мәнін зерттеу - бізді қоршаған көптеген әр түрлі адамдардың әрекетін түсінуге тырысқан күнделікті талпыныстарымыз болып шығады. Вебер социологиясының тағы бір методологиялық ерекшелігі өзі жасаған жетілген типтер тұжырымдамасы болып табылады. Сан алуан деректік тарихи материалдың зерттеушіге бағыт пен өзара байланыстылықты табуға көмек беретіндей танымдық формасын жасау қажеттігі Вебердің саналы түрде жетілген типтер ұғымын өмірге әкелуіне себеп болды. Ғалым бұған балама ретінде “шоғырланған” күйдегі материал құрамының қандай да бір сипаты бар жетілген-типтік үлгіге бастапқы көрсеткіштер қандай деңгейде сәйкес келетіндігін ұғыну деп есептеді. Date: 2016-07-25; view: 286; Нарушение авторских прав |