Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 10 page
Моска қоғамның әрбір саяси ұйымында демократиялық, монархиялық және аристократиялық басқару принциптерінің элементтері қатар өмір сүреді деген тұжырым бойынша Спенсермен келісе отырып, Руссо заманынан келе жатқан демократиялық ағым ұсынған халық билігі идеясын теріске шығарды. Алайда, бір индивид үшін оның және өзінің мүддесін қорғап отыратын азшылыққа арқа сүйемейінше билік ету мүмкін еместігін оңай мойындайтын болсақ, онда Москаның пайымдауы бойынша нақ азшылық көпшілікті билейді, керісінше емес деген тұжырымды қабылдау қиынға соғады. Мұны дәлелдеу үшін Моска мынадай тұжырым ұсынды: азшылық ұйымдасқан болғандықтан билік етеді, ал көпшілік қолында билік жоқ және өз-өзінен ұйымдасуға қабілетсіз, себебі ол - көпшілік. Ұйымдасқан азшылықтың бытыраңқы көпшілік алдындағы артықшылығын Моска өзгермейтін және мәні бір тарихи заң ретінде қарастырады. Бұл оның қалған басқа салаларда сыналатын позитивизм әдістемесіне толығымен жауап береді. Ұйымдасу артықшылығымен қоса үстем тап өкілдері басқарылатын бұқарадан “оларға материалдық, интеллектуалдық, сонымен бірге моральдік артықшылықтар беретін” белгілі бір қасиеттермен ерекшеленеді. Моска жауынгерлік, айбынды, қарабайыр қоғамдарда индивидтің үстем тапқа оңай кіруін мүмкіндік беретін қасиеттің нақ өзі деп санады. Ол сыртқы күштеу теориясын жоққа шығара отырып, позитивтік әдіске қарамастан, таптық қатынастарды зерттеумен қатар таптардың қалыптасу мәселесіне де көңіл бөлді. Бұл жерде ол осы процесте әскери жорықтармен және басып алушылықтармен қоса жерге жеке меншіктің пайда болуы үлкен рөл атқарғандығын мойындауға мәжбүр болды. “Саяси ғылым элементтері” еңбегінде Моска саяси ұйымның екі типін көрсетті. Феодалдық типі барысында қоғам көптеген ұсақ, өзін-өзі қанағаттандыра алатын әлеуметтік қауымдастықтардан (“агрегаттардан”) тұрады, ал басқару функциялары болса дерлік бөлінбеген немесе бөлінбеген болады. Дегенмен байлық пен билік арасында өзара тәуелділік болады және “саяси билік байлықты жасағаны сияқты, байлық та билікті жасайды”. Бұл байланысты демократиялық процестің дамуы бұза алмайды. Билік етуші тап байлықты жинаумен және сақтаумен қатар рухани салада үстемдік етуге қажетті ғылыми білімдерді пайдалану мен таратудағы басты позицияларды қолға алуға талпынады. Шіркеудің белгілі бір деңгейде демократиялық болатынына қарамастан, онда да “дін басылар аристократиясының” ерекше табы қалыптасады. Кез келген қоғамда билік етуші таптың “мұрагерлік кастасы” қалыптасатын үрдіс болады. Бірақ үстем таптың азғындап, оның орнына жаңасының келуін немен түсіндіруге болады. Кез келген таптың үстемдік ету жағдайынан айрылуының басты себептері Москаның көзқарасы бойынша не билікке келуге көмектескен қасиеттерін жоғалтуы немесе олардың жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес келмеуі болады. Н.Макиавелли және И.Тэн еңбектерімен жігерленген Моска қоғам дамуының басты жемісі екі үрдіс арасындағы күрес деп есептеді: үстем таптың билікті сақтап қалып, мұрагерлік бойынша беруге ұмтылысы және жаңа таптың күштердің ара салмағын өзгертуге ұмтылысы. Қоғамдағы жаңару мен тұрақтану үрдістерінің кезектесуі тарихи процестің белгілі бір ырғақты өрістеуін тудырады. Билік етуші таптың немесе Италияда саяси тап деп аталатынның жалпы теориясынан, Моска оны азшылық тарапынан көпшіліктің жүріс-тұрысын басқарудың нақты механизмін сараптауда қолдануға көшті. Мұндай зерттеудің алғашқы нәтижесі оның бозбала кезіндегі (1883) еңбегінде саяси формуланы ашуы болды, егер маркстік терминді қолданатын болсақ, онда оны үстем таптың артықшылық жағдайын идеологиялық ақтау ретінде түсіндіруге болар еді. Итальян социологы саяси формуладан, саяси ұйым мен оның барлық азаматтарының бірігуін бекітетін әлеуметтік күшті көрді. Моска тағы бір негізге аларлық ұғымды - “әлеуметтік тип” ұғымын енгізді. Ол арқылы Моска әлеуметтік топ өкілдерінің біріне тән тұрақты сипаттағы әлеуметтік және психологиялық белгілерінің жиынтығын көрсетеді. Олар тұрғылықты аумақтық бірлік, тарих, тіл, дін, өмір сүру қалпының ортақтығы нәтижесінде қалыптасады. Әлеуметтік типтің қалыптасуының бастапқы тарихы ретінде Моска тайпалардың бір тотемнен шыққандығына сенуін қарастырады. Оның пікірі бойынша, әрбір осы тектес дербес халық “құмдағы көкорай сияқты”, мәдениеттердің өзара байланыстары кездейсоқ болғанға дейін, яғни қарабайыр тайпалар ортасында өмір сүргенге дейін ежелгі өркениеттерден әлеуметтік типтер біртұтас болды. Осы тектес ертедегі мемлекеттердің барлығында саяси формула толығымен дінмен біріктірілді: құдайлар “ұлттық құдайлар” болып табылды, олардың әрбіреуі “аумақтың” сақшысы мен саяси ұйымның тірегі болды” және “ол халқымен бірге жасады”. Алғашқы империялар пайда болған тұстағы антикалық кезең саяси формулаға өзгерістер енгізді. Орасан зор аумақтарда бағындырылған халықтар үстінен жүргізетін билік пен бірлікті сақтап қалу және ұлтаралық жанжалдарды басу үшін, билеуші өзіне бағынышты халықтардың ұлттық табыну белгісін сақтауға келісті. Өзінің Пантеонында бағындырылған елдердің құдайларын мойындаған антикалық римдіктер одан да асып түсті. Ақырында, нәсіл мен тілге қатысты бойкүйез әлемдік діндер пайда болды. Олардың көп таралуы бұрын болмаған әлеуметтік және ұлттық типтерге бөлінуге алып келді. Соның нәтижесінде әр түрлі халықтар ішіндегі бір дінге сенушілер арасында бірігуге деген күшті ұмтылыс пайда болып, тіпті тілі мен нәсілі бойынша жақын халықтар арасында діндегі айырмашылыққа байланысты жеңіп шығуға болмайтын кедергілер пайда болды. Билік етуші тап дінмен қоса өз билігінде заңдық және моральдік тіректерді қажет етеді. Діни сезімдер “әулеттің ғасырлық берілгендігімен” “ұлттық сезімдермен” және т.б. біріккен кезде мемлекеттерде де бұл елдердің ұлттық және саяси ерекшеліктеріне жауап беретін әлемдік діндердің түрленімі ретінде өздерінің жеке діни конфессиялары қалыптаса бастайды. Әлемдік дінді уағыздаушы құдіретті шіркеу экспансиясына мемлекет қарсы тұра алуы үшін, үстемдік етуші тап бұқараның ұлттық және материалдық мүдделеріне арқа сүйеуі қажет. Егер де халықтың ұлттық сезімдері жеткілікті түрде күшті болмай, моральдік және интеллектуалдық күштер әлсіреп, ал саяси ұйымда үлкен кемшіліктер орын алатын болса, “онда мұндай мемлекет әлемдік дін мен дүниежүзілік саяси ілімнің қолындағы ойыншыққа айналуы мүмкін”. Үстем тап пен басқарылатын көпшілік арасында белгілі бір бірлік болуы тиіс. Мәдениет, дін, білім саласындағы қоғамның төменгі және жоғары таптары арасындағы үлкен алшақтық, “заңды түрде билік етіп отырған таппен жиі бітіспестікке түсіп отыратын жарлы-жақыбайлар арасында жаңа саяси таптың қалыптасуына” алып келеді. Мұндай жаңа тап саяси билікке қол жеткізу үшін жаңа саяси формулаға арқа сүйеуге тырысып, қоғамның төменгі табының қолдауына ие болуға ұмтылады. Ал осы төменгі тап орнап отырған тәртіпке өшпенділікпен қараған таптың соңынан қуана еретін болады. Материалдық күштермен қоса, саяси билік қоғамда орныққан адамдар өмірінің қағидалары мен нормаларына сүйенеді, алайда мораль мен құқық сияқты әлеуметтік реттегіштердің қызметі неге негізделген, олар қаншалықты тиімді және олардың шекарасы қандай? Олардың табиғи негізі ретінде Моска “адам жаратылысының өз құлқының қанағаттандыру, үстемдік етуі мен пайда табуға табиғи бейімділігін” тежеп отыратын “адамгершілік сезім” деп есептеді. Оның айтуы бойынша: “өзіңді қалай жақсы көрсең, айналадағыларды тап солай жақсы көр”, “өзіңе істемегенді, өзгелерге істеме” деген сияқты христиан моралінің нормалары мен моральдік аксиомалар өмір шындығына сай келмейді, өйткені мұнда негізінен жақын тума-туысқандарын айтпағанда, “кез келген индивид бәрінен бұрын өзінің жеке істерін алға қояды”. Ал бұл “сәл де болса оның өзгелерден гөрі өзін жақсы көретіндігін” білдіреді. Итальян социологы моральдік реттегіштер рөлі мен қоғамдағы мораль деңгейінің өзгеру мәселесін қарастырады. Ол өз дәуіріндегі неғұрлым танымал екі көзқарасқа сыни көзбен қарады. Ағылшын тарихшысы және социологы Г.Бокль дамытқан бірінші көзқарасқа сәйкес, қоғамдық процесс таза интеллектуалды және ғылыми сипатта болады және ол мораль саласына қатысты емес. Ал француз этнографы және социолог-эволюционисті Ш.Летурно көрсеткен екінші пікір бойынша қоғамдық мораль әр түрлі қоғамдар арасындағы күресте моральдің жалпы деңгейі жоғары болатындар жеңетіндіктен дамиды. Москаның пікірінше мораль саласындағы тәртіпті реттейтін әлеуметтік механизмдер біз құқықтық қорғау деп атайтын нәрсені құрайды. Мұндай қорғанның деңгейі мен механизмдері әр қоғамда әр түрлі болады. Оны әлеуметтік ыдырау мен “өзімшілік сезімдерді ұстап тұратын тәртіптің” құлдырауына әкеліп соғатын, “ұзақ соғыс пен үлкен революция” секілді ірі әлеуметтік апат әлсіретеді, сөйтіп “адамдарда мүлгіп жатқан, алайда өлмеген хайуандық сезімдер қайта оянады”. Моска, жабайы адамдар мен варварлардағы интеллектуалды прогресс мораль саласындағы дамуға қарағанда неғұрлым жылдам жүретіндігіне және сонымен бірге бұл жағдай әлеуметтік іріткі салу кезеңінен шығып келе жатқан өркениетті халықтарға да тән екендігі жөнінде Летурномен толық келіседі. Қоғам мүшелерінің құқықтық қорғану деңгейін айқындайтын басты фактор ретіндегі саяси ұйымның ерекше рөлін қарастыра келе, Моска ол халықтың өркениеттілік деңгейі мен оның интеллектуалдық және экономикалық даму деңгейіне сөзсіз байланысты деген қорытындыға келді. Москаның ойынша кез келген деспоттық режимде бірегейлік принципі әрекет етеді. Деспотизм үшін әрқашан да қандай да бір жалғыз саяси күштің абсолюттік үстемдігі, мемлекет құрылысының бір ғана жеңілдетілген тұжырымдамасының басым болуы және мейлі ол “діни құқық” немесе халық билігіне сендіру болсын, құқық саласында бір ғана принципті қатаң ұстану тән. Тирания - “саяси режимнің ең нашар түрі” екендігіне қарамастан, Моска ол анархиядан, яғни “қандай режимнің болмасын жоқтығынан” гөрі дұрысырақ деп есептеді. Тиранияның орнығу мүмкіндігі Монтескье ұсынған биліктің бөліну принципіне сәйкес саяси жүйенің қызмет етуі мен саяси күштер тепе-теңдігінің алуына жол ашады. Феодалдық және бюрократиялық принциптерге сәйкес ұйымдастырылған қоғамдарды салыстыра келе Моска ұйымдасу деңгейі төменірек және автономияға неғұрлым бейімдірек феодалдық қоғам өзін басқарушыдан бюрократиялыққа қарағанда күшті тұлғалық қасиеттерді талап етеді деген қорытындыға келді. Соңғысының тұрақтылығы тіпті ескі саяси формула жоққа шығарылып, жаңасы іздестіріліп жатқанның өзінде-ақ сақталынып қалады, ал сол кезде біріншісі, егер де ол жақсырақ ұйымдасқан мемлекеттер ортасында болса, онда “ол солар арқылы орталық биліктің ұдайы қайталанып отыратын дағдарыстардың бірінде оп-оңай жұтылып кетеді”. Тақырыптың зерттелуінің нәтижесі Моска өңдеп шығарған мемлекетті қоғамнан ажыратып қарастырудың барлық талпынысынан немесе қоғам мен мемлекетті антагонистер ретінде талқылаудан мүлдем бөлек мемлекет тұжырымдамасы болды. Моска оны екі қырынан: құқықтық және саяси қырынан ашады Құқықтық тұрғыдан келгенде мемлекет “заңды тұлға құқығы бар.., заңды әрекеттерді жүзеге асыруға.., қоғам мүддесін білдіруге.., қоғам мүлкін басқаруға... жеке және өзге де заңды тұлғалармен мүдде қақтығысына түсе алатын нақты ұйым”. Одан әрі ол былай деп жазады: “Саяси жағын айтар болсақ, онда мемлекет саяси мәні барлық әлеуметтік өлшем ұйымы екендігін атап өту қажет.., ол - саяси функцияларды атқара алатын бүкіл элементтердің кемесі... яғни, ол олардың үйлестірілуі мен тәртібінің нәтижесі”. Алайда Москаның бюрократиялық ұйымның күшін жеңетін түбегейлі бағдарламасы жоқ болғанымен, ол өзі мәлімдеген саяси зерттеу ісіндегі бейтараптық пен объективтілік талабына қарамастан, “парламентаризм дертін” емдеуге арналған кейбір нақты тәсілдерді көрсетті. Ол ең бастысы әкімшілікке және мемлекеттік қызметке жұмыс істеуге “жалақы алатын шенеунік болып есептелмейтін, ешқандай да сый-сияпат көрмеген, министрдің зорлық-зомбылығына тәуелді емес және өз құзыретінің ұзартылуын дауыс беру қорытындысынан, комитет пен сайлау іскерлерінің рақымшылдығынан күтпеуге тиісті” “бюрократияға кірмейтін адамдарды” таптауға үміт артады. Бұл шаралар, әлбетте, бюрократизмге сенімді тосқауыл болмайды. Қоғамдық істерге және жартылай экономикалық салаға қажетті мәдениеті мен білімі бар қоғамдық өкілдердің қатысуы ешқашан бюрократияны толығымен алмастыра алмайды және ол өзін үнемі жаңалап отырады. Бірақ та мемлекеттік бюрократияны “жеке бәсекелестікке байланысты барлық ауыртпалықтан, дарашылдық мен өзімшілдіктің барлық кінәраттарынан” қорғаушы ретінде қарастыруға болмайды, өйткені Москаның өзінің көрсетуі бойынша, “мемлекет негізінен қоғамның үстемдік етуші элементтерінен тұратын ұйым”. Гаэтано Москаның итальяндық және әлемдік социологияның дамуына қосқан үлесін бағалай отырып, саяси-әлеуметтік зерттеулердегі парадигманың өзгеруі, яғни либералды классикалық тұжырымдамадан элита тұжырымдамасына өту Вильфредо Парето есімі сияқты, оның да есімімен байланысты екенін айтуымыз керек. Ол либералдар мен социал-демократтардың либералдық және демократиялық принциптер мен мұраттарды іске асырмақ болған үмітінің бос қиял екенін, парламенттік жүйенің шынайы жұмысын көрсетіп берді және парламенттік демократияның олигархияға ұласып кету қаупін көре білді. Москаның кітаптары өз алдына ерекше, ол қандай да бір философиялық және социологиялық мектептің дәйекті ізбасары емес. Позитивтік социологияның оған тигізген ықпалы зор, өйткені ол неоканттық мектеп проблематикаларын жете бағаламай, өз зерттеулерінде өзгермейтін функционалдық заңдарды тұжырымдай отырып, объективті талдаудың салыстырмалы-тарихи әдісін қолданды. Алайда Г.Моска консервативтік немесе реформистік бағытты ұстанушы болып табылмайды. Асылы біз оны өз заманының саяси жағдайынан жақсылық күтпеген терең ойлы сарапшы әрі көреген саясаткер деп білеміз. Оның еңбектерінде мұңды сарын басым, бірақ та ол пессимист болып кеткен жан емес, өйткені қоғамның бюрократиялануы мен олигархияның қалыптасу үрдісіне қарсы тұруға, толық демократия жағына қарай саяси дамудың қандай да бір негіздемесін табуға ұмтылумен болды.
Георг Зиммель
Георг Зиммель (Georg Sіmmel) (1858 - 1918) - неміс философы әрі социологы, “формальді социологияның” негізін салушы, “өмір философиясының” алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі. Қысылтаяң жағдайға ерте ұшыраған саудагердің отбасында дүниеге келген. Берлин университетінде білім алып, кейін онда оқытушылық қызметпен айналысты (1901 - 1914), соңғы жылдарда Страсбургте профессор болды. Өзінің шығармашылық қызметінің барысында Зиммель күрделі идеялық эволюциядан өтті: натуралистік позитивизм, И.Кант пен К.Маркстің ықпалынан бастап өмір философиясы мен мәдениет философиясының проблемаларына дейін. Оның социологиялық қызығушылығының ауқымы біршама кең болды: билік пен күштеу; әлеуметтік саралану; оқшаулану; қоғам мен индивидтің ара қатынасы; мәдениет, қала, отбасы мен жыныс социологиясы; жанжал социологиясы; дін социологиясы. Басты еңбектері: “Тарих философиясының мәселелері” (1892), “Ақша философиясы” (1900), “Социология” (1908), “Қазіргі заман мәдениетінің қақтығысы” (1918). Зиммельдің маргиналдылығы (әлемге танымал болса да кедейлігі мен еврейлігі, айқын саяси сенімнің болмауы, оның зерттеулерінің таңырқарлық сипаты - социология, көркемдік салондар әлеміне деген қызығушылық), сонымен бірге қоғамның тұтас тұжырымдамасы жоқ, бірақ әлеуметтік әлемнің жасалатын бейнелерінің үзінділері мен үзінтерінен тұратын еңбектерінің басым көпшілігінің эсселік сипаты замандастарына ұнамады. Ерекше пән ретінде социологияның қажеттілігін негіздей отырып, Зиммель оның ерекшелігі әлеуметтік өзара іс-әрекеттердің таза формаларын ажырата білуде деп есептеді. Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты. Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”. Зиммель “Кіші социологиядағы” жалпы, таза (формальді) және философиялық социологияларға тараулар енгізді. Социологияның әдіс ретіндегі орнын көрсете отырып, ол тар мағынада социологиялық деп атауға болатын проблемалар тобына көшті. Біріншіден, өмірдің бүкіл деректік жағдайларын, барлық оқиғаларын “қоғамдық өмірдің” - оның бастаулары мен субъектісінің жемісі деп қарастыруға болады. Қоғамдық дамудың “заңын” немесе “ырғағын” іздестіру, “Үш саты заңы”, “органикалықтан” “механикалық” байланысқа өту мәселелерін, әлеуметтік жіктелу заңдылықтарын зерттеу, т.б. осы сарында. Бұл арада сөз қоғамдастыру процесі туралы емес, “жүзеге асқан субъект ретіндегі индуктивті орнықтыруға жататын қоғам тағдыры” туралы болып отыр. Басқа саладағы сұрақтар да осыған жатқызылады, дәлірек айтсақ ұжымдық және тікелей жеке-дара мінез-құлық құндылықтарының арақатынасы туралы, өйткені бұл жерде де қоғамның ішкі құрылымы проблема ретінде емес, өмір сүріп отырған күйінде қарастырылады. Бұл мәселелердің барлығын Зиммель жалпы социологияға жатқызады. Екіншіден, ол өзі үшін дәстүрге айналған түрде, егер қоғам - индивидтер арасындағы өзара іс-әрекет болса, онда бұл өзара іс-әрекет формаларының бейнеленуі - “қоғамдық ғылымның міндеті” дейді. Қоғамдастырудың өмір құбылыстарынан алынған бұл үзіндіні ол тілдің таза формаларын “бұл формалар өмір сүріп отырған мазмұннан” ажыратып алып отыратын грамматика сияқты әрекет ететін “таза” социология деп атайды. Мұндай формаларға Зиммель партиялардың құрылуын, еліктеуді, әлеуметтік таптар мен топтардың қалыптасуын, иерархияның пайда болуы мен рөлін, жиынтықтың жеке-дара өкілдігін, топтың бірігуі үшін өзара өшпенділік рөлін т.б. жатқызады. Бұған неғұрлым күрделі және ерекше сипаты бар құбылыстар да кіреді: партиялық бейтараптық фактілері, топтың сандық анықталуы мен қоғам үшін кедейшіліктің мәні, т.б. Бұдан да күрделі процестерге ол әлеуметтік топтардың тоғысуын, осы топтардың қалыптасу кезіндегі “құпиялылықтың” ерекше маңызын жатқызады. Үшіншіден, философиялық социология саласы анықталады. “Үлкен Социологияда” Зиммель әлеуметтік ғылым, зерттеу көрсеткіштерін тікелей түсінуге бағытталған басқа да нақты ғылымдардың барлығы сияқты философиялық екі саламен шектелген деп көрсетеді. “Біріншісі дербес зерттеудің алғышарттарын, негізгі ұғымдарын, шарттарын қамтиды. Бұлар оның негізіне алынатындықтан, бұл тұрғыда оларды түпкілікті ұғыну мүмкін емес. Ал екіншісінде дербес зерттеулер өзара байланыспен соңына дейін жеткізіліп, тәжірибе ауқымы мен тікелей пәндік білімге қатысы жоқ мәселелермен және ұжымдармен ұштастырылады. Біріншісі - таным теориясы, екіншісі - тиісті дербес салалардың метафизикасы. Зиммельдің пайымдауы бойынша, әлеуметтік өзара іс-әрекеттің бірінші долбары туралы айтатын болсақ, ол өзінен-өзі айқын болып көрінетін типтеуден тұрады. Неғұрлым жалпы типтендіру - адамның жалпы адам ретіндегі идеясы, ал бұл міндетті түрде оның бірегей дарашылдығымен көрсетеді. Бірақ та, сонымен қатар, бір топқа жататындар бір-бірін дәл осы өзара қатыстылықты, ал әр түрлі топқа жататындар дәл осы айырмашылықтарды ескере отырып қабылдайды. Date: 2016-07-25; view: 398; Нарушение авторских прав |