Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Идеялары, теориялары жӘне Өкілдері 12 page
Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеу мен объективизмді ұстанушылармен пікір таласқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше жетілген-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады. Жетілген типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен өзінің құрылу тәсілі бойынша ерекшеленеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі бір процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады. Жетілген типтер бір жағынан шындықтың іс жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді. Мұның себебі, олардың тікелей бақыланып отырған шындықтың элементтерін сараптауға құнды болып есептелінетіндерді ажырату мен оларды логикалық байланысты мұратты ойша сәйкестендіруге келіп тіреледі. Вебердің өзі жазғандай, “бұл ойша бейне, тарихи өмірдің белгілі бір байланыстары мен процестерін қандай да бір ішкі қарама-қайшылықтан жұрдай ойша байланыстар ғарышымен ұштастырады”. Вебердің пікірінше бір тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі жетілген типтер қалыптасуы мүмкін. Барлығы да зерттеушінің ғылыми мақсатына, оның “көзқарасына” ойша жобасын құруға қажетті байланыстар мен элементтердің сұрыпталуына қарай. Жетілген-типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикалық қайшылықсыздығы болып табылады. Вебер тікелей бақыланатын оқиғалар мен процестер деңгейінде жетілген типтер іс жүзінде ешқашан анықталмайтындығын бірнеше рет көрсетті. Бұл жағынан олар жаратылыстануда қолданылатын жетілген үлгілерге ұқсас, сондай-ақ көбінесе эмпирикадан тыс пайда болды. Вебер, идеалды типтердің тұрақты танымдық, эвристикалық мәні болатынын баса көрсетті. Атап айтқанда, ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға қажетті қоғамдық өмірдің зерттеліп отырған қырларының көрнекі бейнесін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, олардың көмегінсіз христиандықтың тұтас идеясын келтіру қиынға соғар еді, өйткені оның сан алуан түрленімдері бар. Сонымен, жетілген-типтік ұғымдар мен құрылымдар, Вебердің ойынша, мәдениет туралы ғылым методологиясының негізін құрайды. Жетілген типтерді қолдану тарихи шындықтағы ерекшелікті көре білуге жол ашады. Бұл әдістің тиімділігінің дұрыстығын Вебердің өзі жасаған “протестанттық этика”, “капитализм рухы”, “рационализация”, т.б. ұғымдары мен тұжырымдамалары растайтындығын атап өту қажет. Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз. Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді. Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін. Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді. Меженің ұтымдылығына екі ұдайылық түрде көз жеткізуге болады: біріншіден, оның жеке мән-мағынасы тұрғысынан, екіншіден, таңдап алынған құралдардың ақылға сыйымдылығы тұрғысынан (яғни, мақсаттың лайықтылығымен). Нақты іс-әрекет ретінде (яғни, басқа адамдар тарапынан белгілі бір үмітке бағытталған) ол бір жағынан қоршаған адамдардың реакциясына сәйкес әрекет етуші субъектінің ұтымды есебін, ал екінші жағынан олардың іс-әрекетін алға қойылған мақсатқа жету үшін қолдануды көрсетеді. Бұл жерде мұндай үлгі ең алдымен адамдардың нақты қылықтарын бұл үлгіден ауытқу деңгейін анықтау арқылы ғана түсінуге болатындығын атап өту қажет. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар онша пәрменді болмаса, онда біз шынайы әрекет туралы “мақсатқа сай ұтымды дерлік” деп айта аламыз. Егер де ауытқулар біршама үлкен болса, онда ол іс жүзінде бізді әлеуметтік іс-әрекеттің мүлдем бөлек түрлеріне бағыттайды. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді. Егер ол осы талаптарға сәйкес әрекет етсе - тіпті егер ұтымды есеп оның жеке өзі үшін мұндай әрекеттің теріс салдарларының үлкен ықтималдылығы болса - бұл құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекеттің классикалық мысалы: суға батып бара жатқан кеменің капитаны өзінің өміріне қауіп төніп тұрса да кемеден ең соңынан кетеді. Іс-әрекеттің мұндай бағыттылығының саналылығы борыш, қадір-қасиет, сұлулық, мораль және т.б. құндылықтар туралы белгілі бір көзқарастарға жатқызылуы өзі саналылық, рационалдылықты білдіреді. Егер де сонымен бірге осындай іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы дәйектілікпен, демек мақсаттылықпен кезігетін болсақ, онда мысалы жан азабына қарағанда, құндылыққа сай ұтымды әрекеттің неғұрлым жоғарғы деңгейдегі рационалдылығы туралы айта аламыз. Сонымен қатар, индивид бағытталатын құндылықтар абсолюттендірілгендіктен, “құндылыққа сай ұтымды “іс-қимылда мақсатқа сай ұтымдылық түрімен салыстырғанда қандай да бір иррационалдық болады. Вебердің пікірінше “таза құндылыққа сай ұтымды” түрде әрекет ететін адам ықтимал салдарларды ескермей отырып, өзінің сенімдеріне сәйкес әрекет етеді және борыш, қадір-қасиет, сұлулық, діни ұстаным, қандай да бір... “істің” маңыздылығы мен басымдығы талап еткенді іске асырады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет... әрекет етуші адам өзіне берілген нәрсе деп есептейтін “талаптарға” немесе “уағыздарға” сәйкес іс-қимыл болып табылады. Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу. Мұндай іс-әрекет көбінесе таза автоматты түрде, қалыптасқан таптауырындар бойынша жүзеге асады, ол өткен ұрпақ пен өзінің жеке тәжірибесінің негізінде қалыптасқан іс-әрекеттің әдеттегі үлгілеріне бағытталу талпынысымен сипатталады. Дәстүрлі іс-әрекеттер жаңа мүмкіншіліктерге (мүмкін дәл сол себепті болар) бағыт ашуды білдірмейді, бірақ дәл соның өзі индивидтер іске асыратын іс-әрекеттің үлкен бөлігін қамтиды. Адамдардың дәстүрлі әрекеттерді (көптеген нұсқаларда көрініс табатын) орындауға бейімділігі белгілі бір деңгейде қоғамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен оның мүшелерінің іс-қимылының болжамдылығына негіз болады. Вебердің көрсетуі бойынша, “...таза дәстүрлік әрекет... “саналы” бағытталған іс қимыл деп аталатынның шекарасында, тіпті көбінесе оның шегінен шыққан күйде болады”. Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде. Бұл жағынан ол мақсатқа сай ұтымды іс-әрекетке тікелей қарама-қайшы; алайда бұл жерде біз жоғарыда көргеніміздей қандай да бір “сыртқы” мақсатқа жетуді көздемейтін және айқындықты іс-әрекеттің жүзеге асуынан көретін құндылыққа сай ұтымды іс-әрекетпен ұқсастық жатады. Вебердің пікірінше, “индивид, егер тез арада өзінің өш алуға, ләззатқа, берілгендікке, масайраған пайымдауға қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса немесе қандай арсыз не нәзік болса да кез келген басқа жан азабын жеңілдету үшін әрекет етеді”. Әлеуметтік әрекеттің соңғы екі жетілген түрі тура мағынасында толығымен әлеуметтік еместігі айдай анық - қалай дегенмен де бұл сөздің Вебер айтқан мағынасында. Шынымен де, дәстүрлі және әсіресе әрекеттің азапты түрі көбінесе жануарларға тән іс-әрекеттер типіне жақын. Олардың ішіндегі біріншісі - дәстүрліні - басым деңгейде шарттыға, ал екіншісі - азаптыны - сөзсіз рефлекске жатқызуға болады. Олар әлеуметтік іс-әрекеттің екіншісі және әсіресе бірінші түрімен салыстырғанда неғұрлым аз деңгейде ақыл-ойдың туындысы болып табылатындығы түсінікті. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген түрлері типологиясы Вебер социологиясының негізгі идеяларының бірі - әлеуметтік өмірді жүйелі түрде ұтымды ету идеясымен біршама тығыз байланысты. Жалпы ұтымдылық маңызының күшею идеясы қандай да бір қоғамның тарихи дамуына қарай Вебердің ғылыми шығармашылығы арқылы өтіп отырады. Ол рационализация - тарихи процестің өзінің басты үрдістерінің бірі екендігіне нық сенімді болды. Рационализация әлеуметтік әрекеттің барлық ықтимал түрлерінің жалпы көлеміндегі мақсатқа сай ұтымды іс-әрекеттер үлесінің көбеюі мен жалпы қоғам құрылымы тұрғысынан оның маңызының өсуінен көрініс табады. Бұл шаруашылықты жүргізу әдісі ұтымды етілгенін, басқару, ойлау жүйесі ұтымды етілгенін білдіреді. Және мұның барлығы, Вебердің пікірінше, ұтымдылық принципінің ең “таза” іске асуымен - яғни, ғылыми білімнің әлеуметтік рөлінің орасан зор күшеюімен қоса жүреді. Вебердің ұғымындағы формальді ұтымдылық - ең алдымен салдық есеп пен тіркеуге түсетіндердің барлығының есептелуі. Осы тектес басым идея пайда болған қоғамның бұл түрін қазіргі заман социологтары индустриалды деп атайды. (Оны бірінші болып Сен-Симон осылай атаған, кейін Конт бұл терминді белсенді түрде қолданған). Бұрын өмір сүрген қоғам түрлерінің барлығын Вебер (оның артынан - қазіргі заман социологтарының басым бөлігі) дәстүрлі деп атады. Дәстүрлі қоғамдардың маңызды белгісі - оның мүшелерінің көпшілігінің әлеуметтік іс-әрекеттерінде формальді-ұтымды бастаудың болмауы және өзінің сипаты бойынша іс-әрекеттің дәстүрлі түріне неғұрлым жақын әрекеттердің басым болуы. Формальді-ұтымды - сандық тіркеу мен есепке түсетін, оның үстіне біршама деңгейде өзінің сандық сипаттамаларымен тамамдалатын кез келген құбылысқа, процеске, іс-әрекетке қатысты қолдануға болатын анықтама. Тарихи даму процесі қозғалысының өзі қоғам өмірінде формальді-ұтымды бастаудың өсу үрдісі мен әлеуметтік әрекеттегі мақсатқа сай ұтымды түрдің басқаларға қарағанда неғұрлым басым түсуімен сипатталады. Бұл сонымен бір мезгілде дәлелдеулердің жалпы жүйесі мен әлеуметтік субъектілердің шешім қабылдауындағы ақыл-ой рөлінің өскендігін білдіретіндігі түсінікті. Формальді ұтымдылық үстемдік ететін қоғам - норма ретінде тек қана пайда табу ұмтылысы ғана емес, ұтымды (яғни, саналы-есепшіл) іс-әрекетте көрінеді. Мұндай қоғамның барлық мүшелері, ұтымды және ортақ пайда үшін бәрін - материалдық ресурстарды, технологияны, ақшаны пайдалану мақсатында осылай әрекет етеді. Сән-салтанат, мысалы, ұтымды болып есептеле алмайды, себебі бұл ақшаны саналы түрде жұмсау емес. Процесс, тарихи үрдіс ретіндегі ұтымды ету, Вебердің пікірінше мыналардан тұрады: экономика саласында - фабрикалық өндірісті бюрократиялық құралдармен ұйымдастыру және пайданы жүйелі бағалаушы рәсімдер көмегімен есептеу; дін саласында - интеллектуалдар арқылы діни тұжырымадамалардың дамуы, біртіндеп сиқыршылықтың жойылуы және жеке жауапкершілік құпиялылығының ығыстырылуы; құқық саласында - арнайы орнықтырылған заң шығару мен әмбебап заңдар негізіндегі дедуктивтік құқықтық пайымдаулар түріндегі ерікті сот жағдайының эрозиясы; саясатта - харизмалық лидерлікті тұрақты партиялық машина көмегімен орнықтыру мен заңдастырудың дәстүрлі нормаларының құлдырауы; моральдік мінез-құлықта - тәртіп пен тәрбиеге баса назар аудару; ғылымда - жеке-дара инноватор рөлінің біртіндеп төмендеуі және зерттеу командаларының, шоғырланланған эксперименттердің және мемлекет бағыттап отыратын ғылыми саясаттың дамуы; қоғамды тұтас алғанда - басқарудың бюрократиялық әдістерінің, мемлекеттік бақылау мен әкімшіліктің кең таралуы. Сонымен, ұтымды ету ұғымы Вебердің капиталистік қоғамға деген көзқарасының бір бөлігі болды. Ол капиталистік қоғамды, діни мағына мен моральдік құндылықтардан жұрдай болған индивидтің мемлекеттік қадағалау мен бюрократиялық реттеуге түсуін барған сайын өсіп отыратын, өзіндік “темір тор” ретінде қарастырды. Маркстік оқшаулану ұғымы секілді, ұтымды ету индивидтің қауымнан, отбасынан, шіркеуден бөлініп, оның фабрикадағы, мектептегі және мемлекеттегі құқықтық саяси және экономикалық реттеуге бағынуын білдіреді. Сөйтіп, Вебер ұтымды етуді батыс капиталистік қоғамының сөзсіз жетекші үрдісі ретінде көрсетті. Ұтымды ету - адамдар қатынастарының саласын есептеу мен басқару объектісіне айналдыратын процесс. Марксшілдер есептің жетекші рөлі тек қана еңбек процесі мен фабрикалық тәртіптен көрінеді десе, Вебер ұтымды етуді барлық әлеуметтік салалардан - саясат, дін, экономикалық ұйым, университеттік басқару, лабораториядан және тіпті ноталық жазбалардан тапты. Веберді әрдайым қызықтырған және өз еңбектерінде қайта-қайта оралып отырған мәселелердің бірі - бір адамдардың басқаларға бағыну себептері және де үстемдік-бағыну әлеуметтік қатынастарының жүзеге асырылу механизмдері. Вебер билік пен үстемдікті бөліп қарастырғандығын атап өту қажет. Ол бірінішісі екіншісінен бұрын болады және әрқашан оның қасиеттеріне ие болмайды деп есептейді. Турасын айтсақ, үстемдік - ең дұрысы, билікті іске асыру процесі. Сонымен бірге үстемдік бір адамдар (билік құзыры барлар) беретін бұйрықтар өзге адамдардың бағынуға, бұл бұйрықтарды іске асыруға дайындығының белгілі бір ықтималдығын білдіреді. Мынадай заңды сұрақ туады: адамдар арасында үстемдік-бағыну қатынастары қандай жағдайларда орнығады? Бұл қатынастар Вебердің пікірінше екі жақты экспектацияға негізделеді: басқарушы, яғни бұйрық беруші жағынан - берілген бұйрық міндетті түрде орындалатындығына үміт ету; басқарылатындар жағынан - басқарушының мұндай нұсқауларды беруге құқығы бар екендігіне сену; мұндай құқыққа көзі жеткенде барып басқарылушының бұйрықты орындауын болады. Басқаша айтқанда легитимді, яғни, заңды үстемдік билік ету фактісімен ғана шектеліп қоймайды, ол оның заңдылығына сенуді қажет етеді. Адамдар оны заңды деп бағалағанда ғана билік үстемдікке айналады. Басқарушының қолына билік беретін заңдылықтың үш идеологиялық негізі бар: дәстүрлі, харизмалық және заңды-ұтымды. Осыған сәйкес Вебер үстемдіктің үш жетілген типін негіздеп, оның әрқайсысын идеологиялық негізі бойынша атайды. Заңды-ұтымды үстемдік жағдайында бағынудың басты дәлелі ретінде, белгілі дәрежеде, жеке мүдделерді қанағаттандыру болып табылады. Оның үстіне олар белгілі адамдарға емес, солардың еркін білдіретін және солардың атынан шығатын жалпы қабылданған заңдарға, ережелерге бағынады. Заңды-ұтымды үстемдік “дұрыс” жария рәсімдерінің көмегімен орнығатын формальді қағидаларға бағынуды білдіреді. Осыдан ұтымды қоғамның ажырамас бөлігі ретінде заңды-ұтымды қоғамдағы бюрократияның аса зор маңызы және Вебердің зерттеулеріндегі оған деген зор көңіл бөлу келіп шығады. “Бюрократия” ұғымының кем дегенде екі мәні бар: 1) басқарудың белгілі бір әдісі және 2) басқарудың бұл процесін жүзеге асырып отыратын ерекше әлеуметтік топ. Вебер кез келген бюрократиялық ұйымның басты сипаттық ерекшелігі ретінде тағы да ұтымдылықты көрсетеді. Вебердің пікірінше, бюрократиялық ұтымдылықты капитализмнің көрінісі ретінде қарастыру керек; сондықтан да бюрократиялық ұйымда өз жұмысында ғылыми әдістерді қолданатын және арнайы дайындықтан өткен техникалық мамандар шешуші рөл атқаруы тиіс. Бюрократиялық ұйым бірқатар маңызды ерекшеліктерімен сипатталады, оның ішінде Вебер мыналарды бөліп көрсетеді. Аппарат қызметкерлерінің арасында міндеттерді нақты бөлудің арқасында тиімділікке қол жеткізу, бұл позициялардың әрқайсысында жоғары билікті және тар салалы мамандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғары тұрған лауазымды шенеуніктің төмендегілердің қызметін қадағалауға жол ашатын биліктің қатаң иерархиялық сипат алуы. Басқару қызметінің біркелкілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесінің формальді орнығуы мен нақты белгіленуі және жеке жағдайларға ортақ нұсқауларды қолдану. Әкімшілік қызметінің тұлғасыздығы және қатынастардың эмоционалды бейтараптығы: әрбір қызметкер ерекше қайталанбас тұлға ретінде емес, белгілі бір деңгейдегі әлеуметтік билікті формальді сақтаушы, өзі атқарып отырған лауазымның өкілі іспетті көрінеді. Дәстүрлі үстемдік, көпшілік мақұлдаған дәстүрлердің беріктігі мен қасиеттілігіне және олар орындап отырған биліктің төтенше құзырының заңдылығына әдеттегідей, көбінесе жете ойластырылмаған күйде сену. Дәстүрлі билік жолын ұстанушы әдет-ғұрып пен ежелгі тәжірибені іске асыратын қағидаларды қабылдайды. Үстемдіктің бұл түрінің шеңберінде билік ету құқығы көбінесе мұрагерлік сипаты болады. Таза күйінде алғанда бұл патриархалды билік. “Патриархат” ұғымы социологияда әдетте ер адамдардың әйелдерге үстемдік етуін сипаттауда қолданылады. Сонымен бірге ол қоғамдардың әр түрінен көрініс таба алады. Бұл ұғым, сондай-ақ неғұрлым жас бозбалалармен қоса бүкіл отбасыны жас мөлшері үлкен ер адам үстемдік ететін үй шаруашылығының белгілі бір түрін де бейнелеуге пайдаланылады. Сондықтан да әмірші мен оның әкімшілік аппараты араларындағы қатынасты дәстүрлі түр барысында үй иесі мен құлдар, сондай-ақ оған тәуелді туысқандары арасындағы өзара қатынаспен теңестіруге болады: олардың тұлғалық сипаты мен нақты эмоционалдық мәнері болады және жеке басының адалдығына негізделген. Вебердің пікірінше, дәстүрлі үстемдіктің ең кең тараған түрінің бірі патримониализм. Патримониалды жүйелерде әкімшілік пен саяси күш әміршінің тікелей жеке бақылауына болады. Харизмалық үстемдік лидердің бойында болатын ерекше қасиеттерге негізделеді. “Харизма” терминінің өзін (сөзбе сөз грек тілінен - алланың рақымы, игілік) социологиялық тұжырымдамалық аппаратқа неміс теологы Э.Трельч енгізді. Үстемдіктің мұндай түрі кезінде бұйрықтар өз көсемінің мүлдем ерекше сипатына оның жақтаушылары мен ізбасарлары сенгенде ғана орындалады. Харизмалық үстемдік әміршінің өте ерекше, мүмкін, тіпті сиқырлы қабілеттеріне негізделеді. Оның үстіне мұндай қабілеттерді оның жолын қуушылар мен оған берілген адамдар шындығында өздері ойлап табатындығы онша маңызды емес. Бұл жерде тектілік, оған байланысты мұрагерлік қандай да бір ұтымды ойлау емес, тек қана лидердің жеке қасиеттері басты рөль атқарады. Харизманың болуы тікелей, тура жүргізілетін үстемдікті білдіреді. Тарихта атағы шыққан көптеген пайғамбарлар (әлемдік діндердің негізін салушылармен қоса), қолбасшылар мен аса көрнекті саяси көсемдер харизматиктер болған. Әдетте, лидер қайтыс болғаннан кейін оның ізбасарлары харизмалық нанымды таратады немесе оны дәстүрлі (“ресми харизма”), не заңды-ұтымды формаға айналдырады. Сондықтан харизмалық биліктің өзі тұрақсыз және уақытша сипатта болады. Макс Вебер шын мәнінде салыстырмалы дін социологиясының негізін салушы болып есептеледі. Діннің француз, ағылшын социологтарының басым көпшілігі, сонымен бірге Дюркгейм, Леви-Брюль, Тайлор және Фрезер сияқты аса көрнекті ғалымдармен салыстырғанда, Вебер архаикалық культтерді арнайы түрде зерттеумен айналысқан жоқ және діндер генезисі мәселесін қарастыру діни сала құрылымын сол күйінде ұғынуға қажетті шарт деп есептеген емес. Сонымен бірге неміс ғалымы діннің мәні туралы мәселені де көтерген жоқ. Ол үшін, социолог ретінде діни топтар өкілдерінің құндылықтық және мінез-құлықтық ерекшелігін сараптауға сүйену тиімдірек болды. Шын мәнінде, Веберді дін адамдардың әлеуметтік іс-әрекеті дәлелінің ерекше, сондай-ақ аса маңызды түрі ретінде қызықтырды. Сондықтан да социология олардың ақиқаттығы немесе жалғандығы және шығу көздері туралы мәселеге соқпай, діни көзқарастардың дәлелді әсерін зерттеуге, олардың қоғамдық өмірге тигізетін әсерін анықтауға шоғырлануы тиіс. Date: 2016-07-25; view: 286; Нарушение авторских прав |