Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы:Талдағыштар жүйесі және олардың жас ерекшеліктері





Мақсаты:1.И.П.Павловтың талдағыштар туралы ілімі

2.Биологиялық маңызы

3.Хабар тасымалдаудағы негізгі жолдары

Талдағыштар (анализаторлар) немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш-рецепторлардан, аралық және орталық жүйке клеткаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім ағзалары организмнің өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады.

Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), афференттік нейрондар және өткізгіш жолдар (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).

Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар және арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар (рецепторлар) құрады.

Барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар – көру, дыбыс, иіс, дәм, терінің сезу рецепторлары. Ал интерорецепторларға – ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар және тірек-қимыл жүйесінің вестибуляры мен пропиорецепторлары жатады.

Рецепторлар сыртқы орта мәліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялық рецепторлар – олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контактық рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.

Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынандай болып жіктеледі: механорецепторлар – есту, тепе – теңдік, тірек – қимыл аппаратының, терінің сипап сезу рецепторлары, жүрек пен қан тамырларының қысым рецепторлары, хеморецепторлар - дәм, иіс, қан тамырларының және тканьдердің химиялық заттарды сезетін рецепторлары, фоторецепторлар, терморецепторлар (терінің және ішкі ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіш рецепторлары), ауырғанды сезу (ноцицептік) рецепторлар.

Барлық рецепторлар біріншілей және екіншілей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі – иіс, сипап сезу рецепторлары және проприорецепторлар. Бұларда тітіркендірістерді ұғыну және өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дәм, көру есту, тепе – теңдік рецепторлары жатады. Мұндай рецепторлардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған (икемделген) қосымша қабылдағыш клеткалар болады. Яғни сезгіш нейронда қозу тікелей әсерден емес, тек қосымша қабылдағыш клеткалар арқылы туады.

Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты рецепторлар тез және баяу бейімделуші, төмен және жоғары табалдырықты, біррайлы және көпрайлы т.б. болып бөлінеді. Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай рецепторлардың психофизиологиялық жіктелуді өте маңызды орын алады.

 

Көру талдағышы

Көру талдағышы – дам мен жоғары омыртқалы жануарлар үшінас маңызды сезім мүшелерінің бірі. Ол барлық рецепторлардан миға келетін мәліметтің 90 %жеткізеді. Көзге ілінген заттардың торлы қабыққа түсіп қабылдағыштарды қоздырады. Қозу толқындары ми қыртысындағы көру талдағышының жоғары бөліміне жетіп талданады.

Date: 2016-11-17; view: 1457; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию