Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы; Кіріспе, Адам физиологиясы( жалпы және жас ерекшеіктер) пәні





Мақсаты: Физиология-биология ғылымдарының аса маңызды салалары.Ол тірі ағзалардың органдары мен жүйелерінің өмір сүру процессін зерттеп оның себептерімен қызметтерін ашады,тірі ағзалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.

 

1. «Физиологияның қазіргі мәселелері»-пәнін оқытудың мақсаты және маңызы.

2.Жалпы заңдылықтары,ағзаның тіршілігі мен қызметі негізіндегі құрылымдық бірлігі мен қызметі.

Системалардың жалпы теориясы жайлы ілім ғылым тарихына, біздің ғасырымыздың 40-шы жылдары ғалым Л. Берталанфи атымен бірге енді. Бұл ілімнің негізін құрайтын системалық принциптерді бөліп көрсеткенде былай болып келеді.

а) тұтастық – системалардың қасиеттерін, оның жеке бөлімдері қасиеттерінің жиынтығы деп қарауға болмайды.

ә) құрылымдылығы – системаларды өздерінің құрылымдары арқылы түсіндіру мүмкіндігі.

б) иерархия сатысы – системаларды құрайтын элементтердің бір-біріне тәуелділігі.

в) система мен ортаның өзара байланысы.

Пайдалы қорытынды алу үшін өзара бірігіп әсер ететін компоненттердің комплексі функционалдық система деген атпен физиология ғылымына

П.К.Анохин енгізді.

П.К.Анохиннің пікірі бойынша организмнің болымды адаптациялық нәтижелерге жету қасиеттері, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатысында пайда болған. Бұл қасиеттердің дамуы адам мен жоғары сатыдағы жануарларда аяқталады. Өзін-өзі реттейтін тұрақты системалардың пайда болу мүмкіндігі, өзін-өзі реттеудің бірінші болымды нәтижесі ретінде сыртқы ортаның факторларына қарсы әсер ететін тұрақтылық пайда болды. Шын мәнісінде активті түрде бейнелендіру системалық баскарудың жаңа дамыған кезеңі, әрі оның озық өзгешелігі. Бұл П.К.Анохиннің пікірі бойынша, сырттан келетін әсерге алдын ала активті түрде жауап дайындау болып табылады. Мұндай алдын-ала дайындық сыртқы ортаның информацияларын үздіксіз жинақтаудың нәтижесі.

Адам мен жануарлардың миы сыртқы ортаны бейнелетін тамаша құрал. Бейнелену активті түрде жүретін реакция. Жануарлар сыртқы ортаның бейнеленген әсерлеріне өзінің өмір жағдайларына қарай қажетті түзетулер жасап, жүріс-тұрыстың формаларын өзгертіп отырады. Бұл жануарлардың сыртқы орта әсерінен пайда болған бұл жаңа қозғалыс формалары, олардың сыртқы ортаға бейімделуіне ыңғайлайды.

Функционалдық система жеке органдардың қызметін дамытып, жаңа сапалы дәрежеге көтереді. Мұнда басқарудың 1) микроавтономиялық, 2) макроавтономиялық, 3) аралық үш дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Микроавтономиялық система негізгі физиологиялық локалды системалардың көрсеткішінің тұрақты дәрежесін сақтайды. Макроавтономиялық система сыртқы ортаның әсеріне қарсы ішкі органдардың тіршілік режимін реттейді.

Осы екі системаның бірлігін, өзара байланысын тұтас организмнің физиологиялық функцияларын системалық басқару қажетті жағдай.

Тұтас организм жасау принципі. Тірі организм – күрделі системаның жұмыс істеу заңдылығына жеке физиологиялық процестер бағынатын біртұтас система.

Әрбір орган немесе система өзіне тән қызмет атқарады. Тірі организм өзіне қажетті заттармен қамтасыз етілуі оның сыртқы ортамен өзара активті түрде байланыс қызметінің нәтижесі.

Осы байланыс арқылы тірі организм өседі, дамиды, қажетті энергияны, пластикалық заттарды, энергияға бай күрделі химиялық қосындылар түрінде жинайды. Жиналған энергияны тірі организм өзіне және әр алуан жұмыс түрлерін орындауға жұмсайды. Мысалы механикалық, химиялық, электрлік, осмостық т.б.

Энергетикалық системаның жұмыс программасы организмнің ішкі және сыртқы басқару системалары арқылы жүреді. Ішкі басқару системасының өз ішінде салынған, ал сыртқы басқару энергетикалық системаға, ядролық ДНК информосомдар, информациялық РНК және нейросекреторлық эндокриндік т.б. химиялық реттегіш арқылы әсер етеді.

Генетикалық басқару системасы өзінің реттеуші қызметін өзінен тыс жатқан элементтерге қолданады. ДНК құрылымды гендері, өзіндегі салынған кодтық белгілер информациясын, информосом системасы және РНК арқылы, белоктар биосинтезі мен метоболикалық реакцияларға қатынасатын ферменттерді синтездеу үшін береді.

Организм клеткаларында 2 - 8% артық гендік информация қызмет жасамайды. Қалған 92 – 98% гендік информацияны белоктар мен гистондар ұстайды.

Организмдегі қозғалыс энергиясының толқыны, АТФ мен мембрана митохондриясында жинақталған электр энергия есебінен жүреді. Бұл процестердің жүруі, барлық тірі организмдерде ұқсас болып келеді.

Физиологиялық функциялардың ритмділігі. Организмнің тіршілік процестері әр кезеңдерде, ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен күшейіп, немесе әлсіреп өзгеріп отырады.

Ф.Халбергтің классификациясына сәйкес өте жоғары, жиілікті ритм – 1/2с – 20 с, циркадиялық (тәуліктік) – 20 – 28 инфрадиялық – 20 с – 6 күнге дейін, ал төменгі жиілікті ритмге циркасептикалық (жетілік) – 7 күн, циркавигинттік – 20 күндік және циркавигинттік (айлық) деп бөлінген. Сонымен бірге маусымдық, жылдық, көпжылдық ритм деп бөлінеді, мысалы, 18 жылдық метон циклы. Өткен ғасырдың аяғында неміс дәрігері В. Флисс кейбір аурулар әр кезеңдерге байланысты асқынатынын байқаған, мысалы, 23 күнде ерлерде, 28 күнде әйелдерде асқынады. Өзбетімен дайындалуға сұрақ:

1. Физиологияның қазіргі мәселелері нені оқытады?

2. Тұтастық дегеніміз не?

3. Құрылымдылық дегеніміз не?

4. Бейнелеу активтігі дегеніміз не?

5. Физиологиялық функциялардың реттеулерінің систематикалық принциптері дегеніміз не?

6. Активті түрде бейнелендіру дегеніміз Анохин бойынша қалай анықтадалады?

7. Ағзада өтетін физикалық және химиялық процестер?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Абрамов В.В. Иммундық және жүйкелік жүйелердің интеграциясы.Новособирск,1991.

2.Батуев А.С. Жоғары дәрежелі жүйке жүйе физиологиясы.Жоғары мектеп.М.,1991.

3.Дубровский В.И. Валеология. 1998.

4.Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.-Адам физиологиясы.Алматы: «Білім» 1995.

 

Дәріс

Тақырыбы: Орталық жүйке жүйе физиологиясы:

Мақсаты: Орталық жүйке жүйесінің барлық қызметі рефлекс арқылы атқаралатынын,оны ең алғаш кім ашқанын, «кері байланыс»пен «кері афферентация» деген не, олардың қабылдағыштан басталатын ақпартты орталық жүйке жүүйесіне қалай жеткізілетінін оқытады.

Жоспары:

1. Жүйке жүйесінің қызметі

2. Жүйке жүйесінің құрлысы

3. Жүйке жүйелерінің элементтерінің негізгі қызметтері мен қызметтері

4. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу

5. Бас миының бөліктері

 

Жүйке орталығы деп – бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады.Әрбәр рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Мысалы, тізе рефлекісінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде, зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан. Бірақ бірыңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, орталық жүйке жүйесінің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін. Орталық жүйке жүйесінде қозу бір нейроннан екінші нейронға тек синапстар арқылы тарйды, демек қозуды өткізу ерекшеліктері синапстардың қозуды өткізу ерекшеліктеріне байланысты.

1. Жүйке орталығында қозу бір бағытта, яғни сезімтал нейроннан, аралық нейронға, одан ары қарай қозғалтқыш нейронға өтеді.

2. Қозу әр синапста 0,2-0,3 мс –тей кідіріп, жүйке орталығына баяу өтеді.

3. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажиды, біріншіден синапста медиаторлар санының азаюынан, екінішіден – нейрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшінішіден – нейрондарға оттегінің жетіспеуінен болады.

4. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың тез өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады.

5. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне тең бола бермейді.

6. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайтарылатын жауап, уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ.

7. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесінде өту ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты.Бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады- бұл дивергенция. Бұған қарама-қарсы құбылыс конвергенция.

8. 1862 жылы И.М.Сеченов ашқан жаңалық – орталық жүйке жүйесінде туған қозу тап осындай екінші бір қозуға ұласады да нейронның қозуын күшейтеді. Осы процесты – қозудың жинақталуы дейді.

9. Орталық жүйке жүйесінің ең бір қызметі рефлекстерді координациялау, яғни жинақтау. Мысалы: оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенде сол аяқ жазылады. Осыдан адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап жұта алмайды, өйткені шайнау мен қозу орталығы бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда, екіншісі тежеледі. Сондай – ақ демалу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Сондықтан орталық жүйке жүйесі қозу мен тежелу процестерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарама- қарсы қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп отырады. Орталықтағы қозу сол жерде қалмай қызметіне байланысты басқа орталықтарға жайыла бастайды осы – жайылуды қозу иррадиациясы дейді. Қозу мен қатар оның айналысындағы орталықтарды тежелу туып, қозу прооцесін жан-жағынан қоршап, оны кері қарай алғашқыда пайда болған жеріне жаяды осы процесті – концентарция деп атайды.Қозу мен тежелудің иррадиациясы мен концентарциясы тітіркендіргіштердің күшіне байланысты. Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болса бұны индукция құбылысы деп атайды.Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч.Шерингтон реципроктық немесе ілеспелі тежелу деп атайды. Доминанттық қозу – белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады.

1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.

2. Басқа орталықтарға бағытталған серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де басқа орталықтардың қызметін тежеиді.

3. Қозу созыңқы болады.

4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргіштің күші мен жиілігінен көп артық. Сәл берілген тітіркендіргіштерге күшті жауап береді.

5. Қозу тез жинақталады.

Бас миының бөлімдері: Сопақша ми – сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып,кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып, сирететін орталықтар жатады.Сопақша көптеген қорғаныс және ас қорытуға қатысы бар рефлекс орталықтары бар. Мысалы эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса, жаңа туған емгенімен, сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала ашығып өліп кетеді.Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Мысалы: адам аузына ас аларда шірік иісін сезсе, шірік – деген ойға келсе адам лоқсуы, құсуы мүмкін. Артистер сахнада жылай алады, осыларды барлдығы сопқша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.

Варолиев көпірі – осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу.Ал ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай бағытталған жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас- сүйек – ми жүйкелерінің У,У1,У11- парларының ядролары, көлденең жолақты етерді ширықтыруға қатысатын рефлкс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде демаолуды,дем шығару процесімен алмастырып тұратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апанейстік орталық орналасқан.

Мишық - әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстіңгі жағында орналасқан қос жарты шардан және ортаңғы бөліктен тұрады.Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі,ортаңғы, жоғарғы аяқшалары арқылы жалғасқан. Мишықтың қызметі – адамның өз еркімен атқарылатын немесе оған бағынбайтын қимыл - әрекеттерді үйлестіріп отыру. Егерде мишық көп жылдар бойы бұзылатын болса, мишықтың қызметін мидың басқа бөлімдері, әсіресе ми қыртысы өзіне алып қимыл әрекеттерін түзете алады. Егерде мишықты жартылай немесе түгелдей алып тастаса дененің қимыл әрекеті әжептәуір бұзылады.Мишыққа қан құйылса да осындай болады. Егерде иттің мишығын мүлде алып тастаса, атаксияға (жүріс –тұрысы бұзылады) ұшырайды, әрі керексіз қимылдар жасайды астазияға ұшырайды (теңселіп-шайқалады). Дене еттері солғын тартып, күшінен (астения), табиғи тонусынан айырылады(атония). Мишығы зақымдалған адам қатты табиғи екпінмен сөйлей алмайды, біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлеп, дауысы бірде қатты, бірде ақырын шығады.

Ортаңғы ми - варолий көпірі мен сопақша мимен бірге ми бағанасының негізін құрайды. Оның сырт жағында ми қақапағы, іш жағында ми аяқшалары орналасқан.

 

Қайталау сұрақтары:

1. өткізу ерекшеліктері синапстардың қозуды өткізу ерекшеліктеріне байланысты.қаншаға бөлінеді?

2. Дивергенция мен конвергенция дегніміз не?

3 Қозудың жинақталуы дегеніміз не, ол қай уақытта пайда болады?

4 Иррадиация дегеніміз не?

5 Жүйке орталығында пайда болған бір процесс екінші қарама – қарсы процестің тууына себепкер болу құбылысы қалай аталады?

6 реципроктық немесе ілеспелі тежелу дегеніміз не?

7 Сопақша ми қай жерде орналасқан атқаратын қызметі?

8 Варолиев көпірі атқаратын қызметі, құрылысы?

9 Егерде мишықтың жартысын немесе толығымен алып тастаса қандай өзгерістер болады?

10 Варолиев көпірінің қызметІ?

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

 

 

Дәріс

Тақырыбы: Вегетативтік жүйке жүйесі.

1. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметтер реттелуіндегі және ағзаныңішкі орта тұрақтылығын сақтаудағы маңызы.

2. Сипатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің құрылымдары, қызметтері.

3. Эмоция және вегетвтивтік жүйке жүйесі.

 

Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сомалық және вегетативтік деп екіге бөледі. Сомалық жүйке жүйесі – (СЖЖ) – қаңқа етермен байланысқан, ағзалардың түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді.

В егетативтік жүйке жүйесі-(ВЖЖ)- ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өсіп-өну процестерін реттейді.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері.

Вегетативтік жүйке жүйесін- сомалық жүйке жүйке жүйесімен салыстыра отырып,олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін байқауға болады. ВЖЖ – морфологиялық ерекшеліктері:

1. Парасимпатикалық және симпатикалық болып бөлінеді.

Парасимпатикалық – жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде

2. Симпатикалық – жүйке жүйесі жұлынның көкірек бөліміндегі сегменттердің бүйір мүйізінде орналасқан..

3. Вегетативтік жүке сомалық жүйкеден әлдеқайда жіңішке.

4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған.

Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері:

1.Вегетативтік жүйкелер негізінен- эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.

2.Вегетвтивтік жүйке жүйесінің қозу қабілеті сомалық жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен,ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары.

3. ВЖЖ- талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді.

4. ВЖЖ-де постсимпатикалық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады.(50-80мс)

5.ВЖЖ- нің реакциясы өте төмен

6. ВЖЖ- нің талшықтарынан медиаторлар – ацетилхолин не адреналин бөлінеді.

ВЖЖ- сі ішкі ағзалар қызметін ішкі және сыртқы орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және сипатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама- қарсы әсер етеді. Мысалы: симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке керісінше сиретіп, әлсіретеді. ВЖЖ – сі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция (ыдырау) және зат алмасу қарқынын күшейтсе, ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) процестерін күшейтеді, зат алмасу қарқынын төмендетеді. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны – адреналин көбейеді.

 

Қайталау сұрақтары:

1.Сомалық және вегетативтік жйке жүйесі дегеніміз не?

2. Симпатиткалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады және олардың ролі?

3.Парасимпатикалық жүйке жүйесі дегеніміз не?

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Физиология человека. Учебник для институтов физической культуры.

/Под ред. Проф.Н.В.Зимкина/ М., ФиС,1975 г.

2.Адам физиологиясы Сәтпаева Х.Қ.,Нілдібаева Ж.Б.,Өтепбергенова Ә.А.-Алматы: «Білім»2002 ж.

3.Адам физиологиясы Исмагулова Ф.А.,Төленбеков И.М.,Алматы «Мектеп»1985 ж.

 

Дәріс

Date: 2016-11-17; view: 1015; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию